Потенциал. Өріс кернеулігі



Дата07.02.2022
өлшемі38,97 Kb.
#88686
Байланысты:
13.Өріс потенциал


Потенциал. Өріс кернеулігі
Э лектр өрісінің әр нүктесін сипаттайтын негізгі өлшемдер потенциал мен өріс кернеулігі болып табылады. Электр өрісіне электр зарядын енгізгенде осы өріс күшін еңсеру үшін айтарлықтай жұмыс жасау керек болады.
Электрлік потенциал — бұл электр өрісінің аталған нүктесінде орналасқан, электрлік мөлшерінің бірлігін, энергия (потенциалды энергия) қорын анықтайтын өлшем


Аталған өріс нүктесінің потенциалы - электр өрісі оң заряд бірлігін аталған өріс нүктесінен шексіз алшақтатылған нүктеге орналастырған кезде жұмсайтын жұмысы.
+q зарядын шексіз алшақтатылған нүктеден В нүктесіне қайта орналастыру үшін, ішкі күш өрістің электрлік нүктесін еңсеруге кететін, А жұмыс атқару керек
В нүктесінің Ғ потенциалы жұмыс пен электр өлшемінің қатынасына тең:

Электр өрісінің А жұмысы,Н, жолға, м, кеткен күш туындысымен


анықталады:

A = FS,

Мұндағы F — күш, Н; S — жол, м.


1.2 сурет. Электр өрісінің әр нүктедегі потенциалдардың әр түрлілігі


Оң зарядты электр өрісінде кез келген нүктенің потенциалы оң, ал, теріс заряд – өрісі – теріс.

Э лектр өрісінде зарядтардың А нүктесінен В нүктесіне қозғалуы (1.2 сурет), сәйкесінше, A және B – ға тең, өріс күші орындайтын жұмыс,зарядтың жол басындағы және соңындағы нүктелеріндегі, А және В, потенциалды энергияның түрлілігіне тең болады. Сөйтіп, зарядтың А жұмысы келесі формуламен өрнектеледі:


Потенциалдардың әртүрлілігін, U әріпімен белгілеп, потенциал сияқты вольтпен өлшеп, кернеу деп атайды.




1.2.мысал. Электр өрісінің А нүктесіндегі потенциал жерге қатысты = 16 В, В нүктесінде потенциал = 10 В, С нүктесінде потенциал = -4 В. Осы нүктелер арасындағы кернеу потенциалының түрлілігін анықтау.
Шешуі:


ӨРІС КЕРНЕУЛІЛІГІ

Электр өрісінің әр нүктесіндегі электр өрісі кернеумен сипатталады. Электр өрісінің q зарядқа әсер ететін, F күші көп болған сайын, өріс кернеулілігі де көп болады. Электр өрісінің әр нүктесіндегі кернеу әр түрлі болуы мүмкін. Өріс кернеулілігі В/м сипатталып, келесі формуламен анықталады.


мұндағы, F — электр өрісінің зарядқа әсер ету күші, Н; q — электр зарядының мөлшері, Кл.


«Электр өрісінің кернеулілігі» мен «кернеу» екі түрлі ұғымдар екенін есте ұстау керек.
Есте сақтаңыз
Электр өрісінің кернеулілігі өрісті қандай да бір, жекеленген зарядқа әсер ететін нүктеде, осы нүктеге енгізілген күш арқылы сипаттайды. Ал кернеу – электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдардың әр түрлілігі, яғни, жекеленген зарядтарды бір нүктеден екіншісіне қозғалтқанда өріс күштері орындайтын жұмыс .


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ,

1.Электр өрісінің әр нүктесін сипаттайтын өлшемдер қандай?



  1. Электрлік потенциал дегеніміз не?

  2. Өрістің аталған нүктесінің потенциалы дегеніміз не?

  3. Электр өрісінің кернеулілігі дегеніміз не?

  4. Электр өрісінің кернеулілігінің кернеуден айырмашылығы неде?



ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР ,

1.Электр өрісінің А нүктесіндегі потенциал 60 В, В нүктесінде – 7В. q = 6 Кл заряды А нүктесінен В нүктесіне жылжытылды. Орындалған жұмысты есептеңіз.




2. Электр өрісінің нүктесіндегі потенциалды анықтаңыз, егер q = 5 • 10-7 Кл зарядын өріс нүктесіне жылжытқанда, 0,05 Дж жұмыс атқарылса.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет