практика Тавтология және қайшылық. Тавтологияның қасиеттері



Дата21.10.2023
өлшемі30,4 Kb.
#187296
Байланысты:
5 практика (1)


5 – практика
2.2 Тавтология және қайшылық. Тавтологияның қасиеттері
12. Егер бұлттар – көктегі таулар, ал таулар – жердегі бұлттар болса, онда найзағайлар – көктегі жанар таулар, ал жанартаулар – жердегі найзағайлар болады. Жанартаулар күл шашады, ал найзағай – су бүркеді. Жанартаудың күлдері мен жаңбыр жаууы егіннің бітік шығуына бірдей жақсы әсер етеді. Өнім – ырыс. Ал бар ырысты беруші – жаратушы Тәңір. Ендеше, күл мен су, жанартау мен найзағай, тау мен бұлт – барлығы Тәңірден.
13. Соқыр мен саңырау серуенге шықты. «Қарашы, алдымызда көл көрінеді, енді шөліміз қанатын болды», – деді саңырау. «Иә», – деді соқыр. «Тыңдашы, күн күркірейді, жауын жауатын түрі бар», – деді соқыр. «Иә», – деді саңырау. Саңырау мен соқыр торсықтарына су толтырып алып, қоржындарынан сулықтарын шығарған соң, серуенін әрі қарай жалғастырды. Бұның барлығын мылқау көріп, әрі естіп «мен бұларға жолдас бола алмайды екенмін», - деп ойлады.
14. «Егер трамвай кешікпесе, стадиондағы футболға үлгеремін» – деп ойладым, үйден шыға бере. Трамвай кешікпеді, бірақ өкінішке қарай, ақшамды үйде қалдырыппын. Мейлі, «қоян» болып жетермін. Қарасам, трамвайда бақылаушы жүр екен. Жылдам, барлық қалталарымның түптерін ақтаруға кірістім. Бақытыма қарай, әйелімнің айлық трамвай билетін байқамай қалтама салып алыппын. Тексерушіге соны көрсетіп, абырой болғанымен, футбол көре алмадым. Өйткені ақшаммен бірге, футбол ойынының билетін де ұмытыппын.
15. Егер қылмыскерде қажетті материалдар мен сайманы болса, ол жасанды теңге дайындай алады. Онда бұлардың бәрі бар. Бірақ, полиция жұмысын дұрыс атқарса, ол жасанды ақша жасауға үлгермес еді. Полиция жұмысты ойдағыдай атқару үшін оның ойдағыдай жалақы алуы қажетті және жеткілікті.
16. Қазіргі футбол – сенімді қорғаныс, жақсы жылдамдық, екпінді шабуыл және ойдағыдай нәтижелілік. Мәзбаев нәтижелікті арттырады, бірақ ол гол салу үшін ойын ойдағыдай жүріп, оның шабыты артуы керек. Ниязымбетовсіз ондай ойынды қамтамасыз ету қиын. Ол алаңды көре біледі, келесі уақытта қайда болуын сезінеді, бірақ оның жылдамдығы төмен. Смаковтың жылдамдығы жақсы, бірақ ол шабуылға шығам деп қорғанысты әлсіретеді. Байшақовты қорғанысқа қоюға болар еді, бірақ ол Мәзбаевпен бірге ойнамайды. Қадырқұлов өзбектердің шабуылшыларына тойтарыс бере алады, бірақ оның сол аяғы нашар. Сол қапталға Жұмасқалиевті қоюға болар еді, бірақ соңғы кезде оның пасы лағып кетіп жүр. Не істесем де команда жоқ. Ертең өзбектерден тағы ұтылатын болдық.
17. Қазақ пен қалмақтың бір қақтығысында қалмақтың қолына түскен тұтқындарды қайтаруға қазақтан қалмаққа Қаз дауысты Қазыбек бастаған елшілік барыпты. Қалмақ қонтайшысы Ғалдан Серен елшілік мәнін сұрағанда Қаз дауысты Қазыбек:
– Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
– Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
– деген екен. Сонда Ғалдан Серен: «Мына қазақтың сөзі рас болса, тынышы олармен бейбіт көрші болғанымыз дұрыс», – деген оймен барлық тұтқындарды босатып, елшілерді сый-сияпатпен қайтарыпты. Қазыбек бидің сөзін пікірлер логикасының формуласы түрінде жазып, қисындылығына көз жеткізіңдер.


18. Келесі формулалар тавтология болатынын кері жору арқылы дәлелдеңдер.

Г1.


Г2.
Г3.
Г4.
Г5.
Г6.
Г7.
Г8.
Г9.
Г10.

19. Логикалық теңдеулерді шешіңдер:







20. Барсакелмес аралының бір тұрғыны былай депті – «Барсакелместіктердің барлығы өтірікші». Оның осы айтқан сөйлемі жалған ба, әлде ақиқат па?


21. Келесі сөйлемдер аптаны қай күндері ақиқат болады?

– « Егер бүгін жұма болса, онда ертең бейсенбі»,


– « Егер бүгін дүйсенбі болса, онда ертең сейсенбі»,
– « Екі жердегі екі төрт болса, онда ертең сәрсенбі».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет