Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс



бет1/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#1642
  1   2   3   4   5   6   7
Практикалық психология

Диагностикалық және коррекциялық жұмыс

Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады.

Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.

Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады.

Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау; 3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау; 6) психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б.

Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту, диагностика секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы; диагностикалық - коррекциялық немесе диагностикалық - дамытушы жұмыстар.

Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту бағдарламасын жасаумен шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп, ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық, түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады. 




Практикалық психологияның негізгі әдістері
3.1 Психодиагностика

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.



Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПРАКТИК ПСИХОЛОГТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Балалар психологының негізгі қызметтерінің түрлері мыналар: психологиялық ағартушылық, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция.



Психологиялық ағартушылық
Педагогикалық ұжымда, отбасында көбіне әр түрлі кикілжіңдер орын алып отырады. Бұның бәрі ересек адамдардың психологиялық сауатсыздығынан, бір-бірін тыңдау, түсіну, кешіру, мойынсұну, секілді қасиеттердің жүзеге аспау негізінен туындайды. Сондықтан да практик психологқа баламен жұмыс істейтін барлық адамдардың психологиялық мәдіниетін көтеру өте маңызды.

Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:
1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;
2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау;
3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;
4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру;
Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс, әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет.
Психологиялық профилактика
Психопрофилактикалық жұмыс – практик психолгтың қызметінің ішінде аз зерттелген түрі, алайда білім берудің психологиялық қызметіне қатысы бар барлық ғалымдар мен психологтар бұл жұмыстың маңыздылығын мойындап отыр.

Психологиялық профилактиканың міндеттері

Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей арқылы жүзеге асырылады:


І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар болып есептелінеді.


ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді. Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға, мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.

ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.

І деңгейден ІІІ деңгейге дейін психолог қызметі жоспарға және қызметтің қамтамасыз етілуіне қатысьы бірте-бірте белсенді бола түседі.

Психопрфилактикалық іс-әрекеттің мәні – балалар мен оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын қорғап, күту. Олай болса, психопрофилактика – мектеп және мектепке дейінгі барлық жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, қорғауға және дамытуға бағытталған балалар психологының іс-әрекетінің арнайы түрі.

Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:

1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасының дамуы мен қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;

2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың ерекшеліктерін дәл уақытында анықтауды;

3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр түрлі қиындықтарды ескеруді;

Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен, сыныппен, сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы дамуына, дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де жүргізіле береді. Бұл жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық ұжымның психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап болады.

Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты. Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен тәрбиесінің дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені ескеру қажет және қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.
Психологиялық профилактикалық жұмыстың мазмұны

Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.

Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең, күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды. Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін анықтайды.

Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.



Білім берудегі практик психологтың негізгі іс әрекеттерінің түрлері.

Бала психологының негізгі іс әрекеттерінің бағыттары: психологиялық оқыту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция жатады.

Кез келген шынайы ситуацияда психологтың кез келген жұмыс түрі мәселеге, жұмыс жүріп жатқан орынға байланысты негізгісі бола алады.
Психологиялық оқыту.

Біздің қоғамда психологиялық білімді меңгерген адам сирек кездесіп, психологиялық мәдениеті төмен басқа адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын қарым қатынаста ескермейтін адамдар тізімі біршама көп кездеседі.

Педагогика ұжымында отбасындағы сияқты көптеген тәрбиеші бала арасында конфликтілер болып тұрады. Бұл конфликтілер негізінен психологиялық мәңгүрттіктен тәрбиелеуші бала тұлғасын тыңдай, түсіне кешіре тани білмегендіктен болады.

Сонықтан да практик психолог маманы үшін балалар мен жұмыс істейтін кәсіби мамандардың психологиялық мәдениет деңгейін көтеру өте маңызды.

Психологиялық оқыту үлкендерді (тәбиешілер, мұғалімдер, ата аналар) және балаларды психологиялық біліммен қаруландыру.

Психологиялық оқытудың негізгі мәні мынада:


  1. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата аналарды қалыпты балалардың психикалық дамуының негізгі жағдайы және заңдылықтарымен таныстыру.

  2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін талдау және түсіндіру.

  3. Психологиялық білімге қажеттілікті қалыптастыру, оны баламен жұмыс істегенде немесе өзінің жеке қызығушылығында қолдануға итермелеу.

  4. Оқушыларды негізгі өзін тану және өзін тәрбиеле ұғымдарымен таныстыру.

  5. Баланы тәрбиелеу білім беру мекемелерінде психолог жұмысының және практик псиологтың қажеттілігін түсіндіру.

Психологиялық оқыту әртүрлі формада болуы мүкін: лекция, семинар, әңгіме, көрме әне т.б.


Психологиялық прафилактика

Психопрафилактикалық жұмыс- практикалық психологияда үлкен қажеттілігіне және үлкен қолданысына қарамастан аз өңделген аз қарастырылған психологиялық жұмыс болып есептеледі.



Психологиялық прафилактиканың міндеттері.

Психопрафилактиканың ең кең маңызды мәселелері америкалық әдебиеттерде көрініс тапқан.

Психопрафилактиканың мәселелері негізгі үш деңгейге бөлінеді:


  1. Деңгей аталмыш біріншілік прафилактика. Психолог төмен эмоционалдық, қалыпсыздығы бар мінез құлқында және оқу да өзгерістері бар балалармен психологиялық денсаулығын ескере отырып жұмыс жасайды.

  2. Деңгей аталмыш екіншілік прафилактика. Ол мәселесі бар балалармен жұысқа бағытталады. Екіншілік прафилактика баланың мінез құлқында, оқуында қиындықтары болған ждайда жүрізіледі. Пралафилактиканың негізгі міндеті: мінезінде, оқуында қиындықтары бар балаларды әлеуметтік басқаруға қиын топ болудан алдын мәселелерін шешу.

  3. Деңгей аталмыш үшіншілік прафилактика. Психологтың негізгі зейіні оқуда және мінез құлқында жарқын қиыншылықтары , мәселелері бар балаларға бағытталады. Оның негізгі міндеті: шынайы психологиялық мәселелік қиындықтарды жеңу және коррекция жасау.

Психопрофилактика бұл баланың мектепке дейінгі және мектептегі балалық шағының психологиялық денсаулығының дамуына және сақталуына бағытталған бала психологының негізгі іс әрекетінің ерекше түрі.
Психопрофилактика жұмысының мазмұны.

Психолог баланың әр түрлі жас кезеңінің маларды мәселесіне сәйекс әртүрлі жасерекшелік балаларына дамытушылық бағдарламаларды жасап жүргізеді. Бағдарлама оқыту тәрбие процесінде тәрбиелеуші мұғалім ата ана көмегімен жүзеге асырылады. Ең бастысы балаларды әр бағдарламада өз мүмкәндіетерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын қолдана білуге үйрету негізінде олардың қабілеттерін, қызығушылықтарын атықтау дамытуға жағдай жасау.

Психолог болашақта баланың интелектуалды және жеке тұлғалық дамуында қандай өзгерістер анықтап соған сәйкес жұмыс жасауы мүмкін.

Психолог баланың әр жас кезеңіне сәйкес білім, білік дағдыларының өалыптасуын қадағалау керек.

Психолог баланы тәрбиелеу, оқыту, ұйымдарында психологиялық климаттың орнауын қадағалайды . Жайлы психологиялық климат көптеген компаненттердің, оны құраушылардың өзара әрекеттестіктерінің нәтижесі, бірақ мұнда балалардың үлкендермен және достарымен, сонымен қоса үлкендердің үлкендермен қарым - қатынасы негізгісі және орталық болып есептеледі.
Психологиялық қызмет бөлімінің мақсаты мен тапсырмалары.
Ғылыми негіздемелік және психологиялық қызмет білімге қатынсты сұрақтарды қарастыру кезіндегі мәселені әр ел өзінше шешеді. Бұл кездейсоқ емес. Қызмет психологиясының дамуы бір жағынан қоғамдағы ғылыми психологиялық концепциялармен, ал екіншіден халықтық білімнің қажеттіліктерімен және тапсырмаларымен ұлғаның қалыптасудағы тәрбиелік мақсаттарымен анықталады, ол кез-келген мемлекеттің саяси, экономикалық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты.

Сондықтан басқа мемлекеттерде өңдеоген қолайлы құндылықтарды есепке ала отырып, қызмет психолгиясының барлық ғылыми ұйым принциптерін құру керек және кеңестік психологиялық теория мен мәдени традицияға бағыттталатын барлық қадамдарды қарастыру керек.

Ең алдымен, қызмет психологиясының түсінігін анықтау керек. Оның көптеген анықтамалары бар. Бұл қызмет психологиялық өз тарихында қарамастан психологиялық ғылымның интенсивтілігін көрсететін құбылыстардың күрделі екендігін көрсетеді.
Психологиялық қызмет бөлімінің анықтамасы.
Психологиялық қызмет бөлімі - мемлекеттегі толық қамтылған білім жүйелеріндегі компоненттердің бірі. өзімізге сұрақ қояйық: психолгиялық қызмет қазір интенсивті түрде дами бастайды, оны қандай себептер бұған шақырды. Тәжірибе ме? Әрине, педагогикалық практикада бала жайлы оның психологиялық білімінің қажеттіліктері құрылды. Бірақ, бұл тек бір жағынан, ал басқа жағынан - ғылым дамуының логикасы психологиялық зерттеулердің - ғылыми - тәжіибенің жаңа бағытын құру керек екендігін міндеттейді. Осылайша , психологиялық қызмет білімі мен тәжірибенің өзара байланысымен қамтылады. Психолгиялық қызмет бала жайлы барлық ғылым мән осы осы дамудың практикалық реализациясын өзіне бағындырған болатын. Дәл осы бала жайлы ғылым және ғылымның дайындығы мен тереңдігі негізгі тапсырмаларды қарастыруын қажет етеді.

Ғылым мен практиканың өзара байланысы теңдеседі, психологиялық құбылыстар мен педагогикалық шарттар өзара бір - біріне тәуелді , осыдан психологиялық білім қызметінің өзара біркелкі емес, күрделі құбылыстары туындайды.


Психологиялық білім қызметі - негізгі аспектсін көрсететін интегралды құбылыстар болып табылады, яғни - олар ғылыми, практикалық, ұйымдық және прикладной әр аспкетісінің өз тапсырмасы бар.
Ғылыми аспект - психологиялық білім методологиялық теориялық практика психолгиялық дамудың жаңа ғылыми - практикалық бағытының мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұсынады, ол психолгиялық дамудың жасөспірімдік заңдылықтарының индивидуалдылығын меңгереді. Осындағы тапсырмалардың бірі - психодиагностикалық, психокоорекциондық, психопрофилоктикалық, программаны ғылыми тұрғыда өңдеу осы зеттелердің академиялықтан айырмашылығы, олар тек психологиялық механизм мен заңдылықтарға ғана әсер етпейді, сонымен бірге осы механизмдер мен заңдылықтардың психолгиялық даму шартын анықтайды. Осы зерттеулерді орындайтын ғылыми қызметкр практикалық психологқа өзін бағыттайды.

Сонымен қатар, прикладной аспект, тәжірибелік аспект, ұйымдастырушылық аспектілері бар.



Психодиагностиканың пәні мен мәселелері.

Псходиагностиканың пәні:

Білімнің қай саласы болмасын еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапаларының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі көптеген әдебиеттерде «диагноз» деген грек сөзінің түп мәні – «танып білу, бағдарын анықтау» деген мағына беретіндігі жазылып жүр. Ал, педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеулерде тиісті мәселенің құрылымдық, функционалдық міндетінің бағытын анықтап, бағдарын болжай білу және оны зерттеу барысында қолдана білу делінген. Олай болса, диагноздың анықтамасы педагогикалық-психологиялық процестің себеп-салдарын анықтап, оның барысында оқушы мен оқытушы әрекетіндегі мүмкіндіктерді ажыратып, жобалаудағы нысандарды болжап, бағдардың ұстанымы болып табылады. Ол қарым-қатынасты сипаттап, оның жақсы жақтарын жинақтайтын, себеп-салдарын ажырататын көрсеткіш деп есептелінеді. Белгіленген психодиагностиканы жүзеге асыру педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістерімен тікелей байланысты.

Психологиялық диагностика адамның жеке индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін (оның өзінің жеке ерекше интелект қасиеттерін) тнуды, өлшуді зерттейді. Тану және лшеу психодиагностиканың әдістері негізінде жүзеге асады.

Теориялық тәртіп ретінде жалпы психодиагностика төмендегі мәселелерді қаратырады:



  • Тұрақты және қалыпты психодиагностикалық ереже заңдылықтарын енгізуді.

  • «Диагностикалық нәтижені» дұрыс шығару ережелерін.

Психодиагностика психологияның төмендегі бөлімдерімен тығыз байланыста болады:жалпы психология, медициналық, жас ерекшелік, әеуметтік және т.б. Аталған ғылымдардағы адамның, қабілеттері, мүмкіндіктері, ерекшеліктерін және т.б. қасиеттерін зерттеу психодиагностика әдістерінің негізінде жүзеге асады. Психолдиагностика өлшемдерінің нәтижесі тек белгілі бір қасиеттің шегін, даму деңгейін және т.б. анықтап қоймай әртүрлі психологиялық бағыттардағы теориялық мәліметтерді тәжіриби, эксперимент жүзінде көрсетеді.


Психодиагностикалық мәселелер.
Жалпы психодиагностиа мәселелері белгілі бір мөлшерде диагностика және психология бөлімдерінен шығады. Бірақ практик психологтар бұл мәселелер туралы нақты мәліметке ие болуы керек, себебі мәселені нақты білу негізінде, нақты әдістер таңдалады. Ерекшеліктер тек мәселелерде ғана емес психодиагностика ситуацияларында да көрініс табады. Бұл әртүрлі клиент ситуациясы және экспертиза ситуациясы.

Бірінші ситуацияда адам көмек сұрап психологқа барады, бл кезде адам психологпен әріптестік қатнаста болуға, оның талаптарын, ережелерін қатаң сақтап орындауға тырысады, яғни нәтижені ойластырулы түрде жасағысы келеді.

Екінші ситуация бұл жерде адам «экспертизаға» түсетінін біледі және өзіні сенімді, тұрақты етіп көрсету мақсатында сұрақтарға еркін жауаптар қайтарады.

Психодиагностикалық құралдарға кез келген ситуацияда шынайы қатынаста болуды қадағалау.

Психодиагностикалық мәселелерді - диагноз нәтижесіндегі мәліметтерді кім? Қалай? және қандай ситуацияда қолданатыны тұрғысынанда қарастыруға болады. Бұл ситуацияларды қысқа көрсетіп өтейік:

- Мәліметтерді смежник маманы психологиялық диагноз қою үшін емес, адменистраторлық шешімді шығару үшін қолданады. Аталған монографияның негізінде дифференциалды психология жалпы зерттеліне алатын мәселелер қатарына енгізілді.

1898жылы ағылшын журналында басылып шыққан Галтонның шәкірті Джеймс Маккин Кеттелл мақаласында «проба» «зерттелуші» деген мағынаны білдіретін «тест» термині алғаш рет ғылыми қолданысқа енген.

1890 жылдың басына қарай Эмил Крепелин алғаш рет экспериментальды психология әдістерін, пихология және психометриялық диагностика мәселелеррін шешуде қолдану туралы идеясын ұсынған. Оның шәкірті Э.Оерн бірінші болып осы идеяны интелектуалды қабілетті бағалау үшін тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізді.

XIX ғсасырдың соңы мен XX ғасырдың басында психологиялық диагностиканың әртүрлі әдістері тез қарқынмен дамыды

1885жылы «мәтіндегі түсіп қалған сөзді есте сақтап қалу қабілеттін» зерттейтін әдісті өңдеп шыққаны туралы Герман Эббингауз мәліметтеген. Бұл топтың ойлау қабілетін зерттейтін алғашқы тестердің бірі болып есептеледі.

1908жылы Альфред Бине және Томос Симон индивиттің есін өлшейтін «Метрикалық интелект өлшемін» жасап шығарған. Вилям Штерн коэффицент интелекта терминімен бала интелектісін өлшеуді ұсынған.


Психодиагностиканың әдістері

Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі
Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.

Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.

Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:

1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;

2. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;

3. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;



Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелер. Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет