Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс


Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстнаымы



бет6/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#1642
1   2   3   4   5   6   7

Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстнаымы: Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды.

  • Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі ұстанымы: нақты дамыған психикалық процестерге сүйену, оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға негіз болады.

  • Күрделендіру ұстанымы: әр бір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материялды қағаз жүзіндегі күрделілік, оның психоголиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді. Материялдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысына ұсынылатын материал немесе ой жаттығулар жағымды эмоционалды әсер қалдыру қажет. Коррекция жұмысының құрылым бағдарламасы психололгиялық дәлелді болу шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, обьективті кешенді бағалауына байланысты болады.

  • « Жоғарыдан төмен » коррекциялық ұстанымы: Л.С.Выготский ұсынған коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму аумағвн құрудан тұрады.

  • «Төменнен жоғарыға» коррекциялық ұстанымы: коррекция жұмысының жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту. Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады. Алдымен тәжірибелік психолог маман индивидті жеке ұабылдаған жөн, себебі жеке және дара ерекшелігімен этностық , әлеуметтік, мәдени көзқарасын анықтау мен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін, қосымша пікірлер қажеттілігін сезінгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.


    Танымдық процестерге психокоррекциялық жаттығулар.
    Психокоррекциялық жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтырудың қажеті жоқ, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.

    Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық, эхмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен олйынның төрт түрі: сюжетті ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік ойын, және режиссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізген (Л.А. Венгер, Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, В.В. Холмовская, т.б.). психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектепте табысты оқуға дайындық жасауға ықпал етеді.

    Бала психикасының дамуына орта көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелілігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.

    Шынайы өмірде мектепке дейінгі балаларда құрдастарының ортасында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынас шеңбері тар, олар ойын ұйымдастыруда тұрақты мүше бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні баланың топтағы құрдастары мен ортада танымал болуына әсер ету, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты – балалардың оған деген кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.

    Балада жеке бас қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, оның ойын топтарына қатыспауынан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады. Мұнда психолог баланың ішкі жүйесіне көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілдері ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоционалды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоционалды қабылдауға көмектеседі. Мұнда кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.

    Коррекциялық жұмыстың пәні мектепке дейінгі ойын әрекетінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін: ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі (тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздану, моторлы импульсивтілік). Мұнда коррекциялық жұмыстың бір бағыты балалардың ойын әрекеті түсінігін жинақтау болып табылады: олардың зейінін сюжетті ойындарға ойын әрекетінің мазмұнына, бірізділігіне, құрдастарының өмірге құштар, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына аударады. Психологиялық әсер етудің басқа бағыты – ойынның мағынасын түсінуге, ойын әрекетін орындауды дағдыландыру.

    Балаларды құрдастарының ойын түсінуге, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға дағдыландыру қажет. Қимыл әрекеті баяу дамыған балаларда шапщаң мазмұны ойындарға қызығушылығын оятқан маңызды, олардың ойын операцияларын ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.

    Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын басқара алуға мүмкіндік беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың қохғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозуын күшейтеді.

    Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық өзімшілдік көзқарастың басым болуынан қарастырылады. Мұндай балалардың белсенді, бастамащыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ оларда ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ащық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі коррекциялық жұмыста жекелік маңыздылық пен іс-әрекеттің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін: досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңыздылық сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты» болуғақажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция бағыты мұндай баланы құрдастарымен бірге ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.

    Балада өзі қабылдау бағдары маңызды: өзінің сыртқы келбетіне қызығушылық тудыру (киімі, шаш қойып , жекелік ерекшеліктері). Сондықтан педагогтардың белсенді – жағымды қатынасының маңызы зор, баладағы жағымды қасиеттерді көріп өзіне айтып отыруы керек.

    Көшбасшыға қарсы белгі тағы бір коррекциялық іс-әрекеттің мүмкін болатын пәні. Көшбасшыға қарсы – бала құрдастарының беделін жетістіктермен емес, басқа себептермен жаулап алумен келеді. Бұл күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, алдау, т.б. болуы мүмкін. Коррекциялық жұмыс мұндай жағдайда мақсатқа сай мінез-құлықтың жағымсызх түрін түсіндіруге бағытталады. Шаршау симптомы түзету жұмысының міндеті болуы мүмкін. Ол барлық балаларда қорғаныс реакциясы ретінде көрінуі мүмкін. Бала болып жатқандарды түсінуге қабілетсіз, өзін қорғансыз, әлсіз сезінеді. Бұл көз жасын көрсету. Балада мұндай міне-құлық түзету – оған тынышталуға көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффектілі мінез-құлыққа коррекция. Бала бақшада аффектілі деп аталатын жиі, өткір, қиратқыш эмоционалдық реакцияға бейім балалар кездеседі. Мұнда мінез-құлықтың жағымсыз түрлері: жоғары өкпешілдік, бірбеткейлік, эмоционалдық, тұрақсыздық. Аффектілі күйден баланы үлкендердің өтініші, жазалауы, сөгісі шығара алмайды.

    Мінез-құлқында қиындығы бар балаларға көмектесудің негізгі құралы ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық –педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжеттік рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рөлдік, режиссерлік.

    1-кезең. Сюжеттік-рөлдік ойын.

    Алдымен ересек баланы рөлдік бейнені игеруге дағдыландырады. Ересектер ойын сюжетін ұсынады. Ойында бала құдіретті күш болады. Жағдайды басқаруды, әлсіздерді қорғап, жауздарды жеңуді үйретеді. Бұл үшін балаға мысал үшін балаға келесі жағдаятты ұсынуға болады.: екі кейіпкер кездесіп, қиындыққа жолығады. Олардың бірі сасқалақтп не істерін білмей жылайды. Екіншісі қалай шығар жолды іздейді. Оған көмекке құдіретті күш келеді, сиқырлы таяқша көмегімен қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Құдіретті күш бейнелі рөлбалаға жағдаятқа іштей емес, сырттай жол табуға болатынына шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Егер бала жетекшінің көмегін қажет етсе, бұл жерде ол үлкендердің көмегінсіз, өз мәселесін шешуге, қақтығысты жағдайдан шығуға әрекет жасайды. Бала ойынды өзі ойлап табады., жетекші оған тек қақатығысты жағдайды енгізіп отырады. Баланың алдына міндет қойылады – бейнелік – роль көмегі арқылы мәселелерден шығатын жол іздеу, аффектілі міне-құлықты жеңу негізге алады.

    2-кезең. Режиссерлік ойын.

    Бұл кезеңде балаларды әртүрлі режиссерлік ойындарға дағдыландыруға бағытталады. Аффектілі мінез-құлықты балалардың жекелік ерекшелігін ескере келе, алдымен режиссерлік ойындағы ойын әрекетіне үйрету маңызды. осы мақсатпен кубиктер жиынтығын қолдануға болады. Жетекші әртүрлі әңгімелейді және шағын заттарды балалр алдында ойнатады. Жағдаяттарды таңдағанда деректерді емес сәттерді алған дұрыс. Бұл балаларда эмоционалдық лебіз тудырып, көтеріңкі көңіл-күйге әкеледі. Мысалы: жетекші үлкен нейтралды кубикті алып, оны кеңістікте қозғап, айтады: «Біреуі үлкен, түкті алып келе жатады».

    Енді баларды өз бетінше сюжет құрастырғанды дасюжет құрастырғанды дағдыландыру қажет. Бұл үшін оларға бірнеше ойыншықтарды ұсынуға болады.

    3-кезең. Вербалды ойындар. Бұл кезеңде балада ерекше көзқарас қалыптасады, режиссерлік көзқарас қатынасына қарағанда жалпылама болады. Материалдық құралсыз сөз арқылы көрсетуге болады.

    Алдымен оған белгісіз жағдаяттарды аяқтау ұсынылады. Бала мұұны материалдық құрал көмегінсіз, эмоционалды жағымды аяқтайтынына көз жеткізу керек.

    Егер бала бұл тапсырманы жақсы орындаса, оған ойынның келесі нұсқасын ұсынуға болады. Жетекші мұнда әңгімені қауіпті жерде тоқтатады.

    Балалр саңырауқұлақ теруге барды: себет толы саңырауқұлақ ты жинап олар жалғыз аяқ жолмен келе жатыр. Жалғыз аяқ жол үлкен асфальт жолды кесіп өтетін еді, бала өтіп кетті, ал қыз себетті құлатып алып саңырауқұлақ ты төгіп алады. Осы кезде жолда машина көрінеді бала әңгімен іаффективті аяқтаса психолог өзге кейіпкерлерді құтқаратындай батыр кейпінде өзгеруінге болады.
    Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі.



    Коррекция тиімділігін анықтайтын факторлар

    Тиімділікті бағалаудың талаптары.

    1. Тапсырыс беруші не күтеді.

    2. тапсырыс беруші үшін маңыздылық « Бар мәселеден арылу.»

    3. Тапсырыс беруші мәселесінің сипаттамасы.

    4. Тапсырыс берушінің серіктес болуға дайындығы.

    5. Коррекцияны жүзеге асырушы психологтың күтетіні.

    6. Психологтың кәсіби және тұлғалық тәжірбесі.

    7. Психокоррекцияның түрлі әдістерінің ерекше әсері.




      • әдістерді нақты анықтау.

      • Мамандардың бірдей біліктілік деңгейі.

      • Жұмыс бағасын тәуелсіз сарапшылар, мамандар беру керке; псхолог тұлғасының құрылымын, әсер ету тиімділігін алдын – ала болжау үшін, оның сапаларының көріну деңгейін есепке алу;

      • Тікелей және жанама нәтижені салыстыру; кәсіби мақсат міндеттерге әсер ететін теориялық алғы шарттарды ескеру;

      • Топтық түзету жұмыстарында психологтың кәсіби мүмкіндіктерін ескерген жөн.



    Психологтың – « тапсырыс берушіге » қатынасы.

    Коррекция жұмыс барысында субьектіге психологиялық әсер етуде психолог жетекші роль атқарады. Кәсіби құндылықтың ең бастысы – тұлғаның бірегейлігіне бағыт ала отырып, психолог коррекйиялық бағдарламаның мазмұнын анықтауда, оны жүзеге асыру уақытын, әсер ету әдістерін, ең маңыздысы, оның нәтижесіне жауапкершілік алады.

    Әсіресе, онтогенезде бастапқы кезеңдегі дамуды коррекциялауда жауапкершілік жоғары. Бұл үш себептермен шартталады.

    1.Балалық шақтағы жекелік даму қарқыны және жас ерекшеліктері қалыпты шамамен сипатталады. Қалыпты шама – нақты бір баланың психикалық мүмкіндіктерін бағалау деңгейін көрсетеді, әрі бағыттаушы, коррекциялық жұмысқа негіз етіп алынады.

    2. Психологиялық диагноз қоюдың күрделілігі, түсінікті, дәйекті, дәлелді, сенімді, әдістемелер қолданылуынан анықталады. Зерттеуге қатысудан бас тарту, қызығушылықтың жоғалуын немесе зейіннің басқа нәсеге ауып кетуіне байланысты тесттік тапсырманы орындауда баланы психолог өзіне жағымды деңгейде қаратып алуы қажет.

    3. Коррекциялық жұмыста үлкендермен қарым – қатынаста баланың өз құқықтарын қорғап, мақсатына берік болу қиынға соғады.

    Психокоррекциялық жұмыста психолог пен тапсырыс берушілер арасындағы қарым – қатынастың үш нұсқасы бар. / Г.С.Абрамова бойынша/


    1. « Мен сиақты жаса » / психолог өзіне жауапкершілік алып, жұмыстың қатаң жүйесін ұсынады /

    2. « кел, бірге жасайық » / психолог тапсырыс берушімен жауапкершілікті бөліседі. /

    3. « Мына тәсілдерден өзің таңдау жаса » / тапсырыс берушіге өзіне жауапкершілік алу ұсынылады. /

    Жағдайдың қалыптасуына тәжірибелі – психологтың әдіснамалық тәсілі әсер етеді.
    Психокоррекциялық әдістердің топтамасы

    (А.Л.Гройсман топтамада белгілер сапасы ретінде ми беделі, биологиялық гоместаз, коррекция объектісі мен заты, бағыты және ұстаным әсерін енгізді).



    а) мидың биологиялық беделі бойынша:

    сергіту- тоқтау-

    түсіндіру; өзіндік илану;

    көз жеткізу; ұйқыға кетер алдындағы күйде

    сендіру (босаңсуда);

    нұсқаулық реттеу; ұйқыдан оянар алдында сендірру;

    ақылды реттеу; ұйқы үстінде сендіру (парадоксалды

    фаза);


    беделмен сендіру (арбау); әдістерді босаңсу және нашақорлық

    эмпатиялық тыңдау, сезіну; жағдай деңгейінде қолдану


    б) биологиялық гомеостаз бойынша:

    қалыпты жағдайда;

    стрестік жағдайда;

    в) әсер етудің бағыты мен сипатына қарай:

    дамыту;


    белсенділікті түсіру;

    икемдеу;


    г) психикалық процестерге әсер ету артықшылығы:

    имаготренинг (қиялды);

    ментальды тренинг (ойлау);

    эмоционалды-еріктік жаттығу;



    д) қатысушылар санына байланысты:

    моптық (микро, макро, мега топ):

    жекелік;

    е) ұстанымына қарай әсер ету:

    гетерогенді (басқаларға);

    аутогенді (өзіне);

    ж) өнер құралдарын қолдану арқылы:

    изотерапия (сурет, құрастыру, жапсыру, саз балшық);

    библиотерапия (кітаптар, авторын ұсыну);

    музыкатерапия (әуен тыңдау, айтқызу);

    би терапиясы (билету, қимылдарды қайталату);

    денеге жанасу терапиясы (екі адам бірге жасау);



    Жекелік коррекция жұмыстарында қолданылатын әдістер:

    Көз жеткізу әдісі-клиенттің сын көз-қарастары арқылы, фактілерді логикалық негізде қорытындыға келтіру арқылы қайта санасына әсер ету.

    Сендіре білу әдісі-мәселе сипатына қарай клиентті дауы ырғағының ықпалы арқылы, дене бітімінің күйі, жағдайды есепке ала отырып сендіруді жүзеге асыру.

    Сұхбаттасу әдісі: ауызша түрде әлеуметтік-психологиялық ақпарат көмегіне сүйену.

    Бақылау әдісі: клиентті мұқият тыңдап (колибровка) сыртқы және ішкі сезімін бақылай отырып талдауға әкелу.

    Психологиялық қолдау көрсету: эмпатияны вербалды және вербалды емес деңгейде қарастырады.

    Диалог әдісі жиі қолданылатын екі адам арасындағы ұқсастану (подскойка) деңгейінде қолданылады.

    Ену немесе алып кету әдісі: санада (қимыл, ым-ишара, тыныс жолын, дауыс ырғағын біртіндеп қайталау) содан бейсанада қайталау қайталау арқылы сенімге ену, артынан өзіңмен мәселеге байланысты алып кету.

    Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері.

    1.Психокоррекцияға анамнез (ақпарат) жинақтау;

    а) Әңгімелесу;

    б) Психодиогностика.

    2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)

    3. Ықтимал немесе шартты-қалыпты болжам қою.

    4. Психокоррекциялы іс шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескеру)

    5. Психокоррекциялық іс шараларды жүзеге асыру

    6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау

    7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.


    Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі

    1. Берілген психологиялық анамнез (ақпарат) психологиялық диагнозды негізге алу.

    2. Психологиялық анықтау болжамы арқылы, түзету жұмысының мақсатын құру.

    3. Коррекция жұмысынның мақсатын құрастыру.

    4. Психокоррекциялық жұмыс негізіне құрылатын әдістемелік бағыт таңдау.

    5. Коррекция жұмысын жүргізетін, стратегия мен әдісті таңдау.

    6. Индивидпен жұмыс түрін анықтау (жекелік, топтық немесе аралас)

    7. Барлық түзету жұмысына қажетті жалпы уақытты анықтау.

    8. Қажетті кездесулер жиілігін анықтау (күнделікті, аптасына бір рет, аптасына екі рет, екі аптада бір рет, т.б.).

    9. Әрбір түзету сабағының ұзақтығын анықтау.

    10. Коррекция жұмыстарының әдістері мен техникаларын іріктеу.

    11. Жұмысқа бөтен адамдардың қатысуын жоспарлау (отбасымен жұмыста-туыстарына қосу т.б.).

    12. Коррекция жұмысының бағдарламасын жасап, түзету сабағының мазмұның анықтау.

    13. Қажетті материал мен құрал жабдықты дайындау.

    14. Процесті кезеңдерге бөлу. Міндетті түрде нәтижені тексеріп, қажетті түзету енгізу үшін психодиагностикалық жұмыс қорытындысын қарау.

    15. Коррекция жұмысын іске асыру.

    16. Жұмыстың нәтижелігін бағалау.

    17. Өткізілген түзету бағдарламасын нәтижелігін бағалау туралы психологиялық немесе психологиялық педагогикалық қорытынды жасау.

    18. Түзету нәтижесін, жеке ерекшелігін және клиенттің әлеуеттік жағдайын ескере отырып алдын алу шараларын жоспарлау және оны жүзеге асыру.

    Отбасы психологиясына арналған психокоорекция

    Психокоорекциялық жұмыстарға отбасының иерархиялы жүйеде дұрыс ұйымдастырылуы мен қызметінің құрылымы, сондай-ақ тұлғааралық қатыстағы қақтығыстарды жеңуге арналған психологиялық әсер ету жолдары жатады. Басты жұмыс отбасымен ондағы топ мүшелері арасында рөлдердің өзгеруі және иерархиялы жүйеде белгілі даму циклымен жүргізіледі. Отбасы қызметінде бірлік бұзылғандықтан «сену» деңгейі аңызғақарай, «көз-қарас» пікірі өткен ата-баба тәжірибелерінің өмір сүру жолдарын дұрыс деп тауып, сонымен шектелуді жөн көру және «сенгіш отбасы психологиясы» болып, онда қорғану механизмі қолданылады. Отбасында жасырын ұстайтын құпиялары болады соны айтудан қорқады (ертеректе отбасы мүшесінің біреуі қылмыс істеуі, бала тастауы, алдыруы және т.б.) және соны ашып қоймас үшін тепе-теңдік емес, жабық деңгейде өзара қатынаста әсер етеді. Ол келесі өмірлік циклда қайта келіп қалыпты дағдарысқа айналады.

    Э. Дювалльдың кезеңдері шектеуде отбасындағы баланың болуы, оның жас ерекшелігі қарай шектеді. Осыған байланысты отбасының өмірлік циклына келесісипаттар беріледі:


    1. Қалыптасқан отбасы (0-5жыл) баланың болмауы.

    2. Отбасында баланың болуы, үлкені 3 жасқа келуі.

    3. Отбасында бала-бақша жасында баланың болуы, үлкені 3-6 жас.

    4. Отбасында жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста.

    5. Отбасы балаларын өмірге «аттандырған».

    6. Ерлі-зайыптылар жетілген жаста.

    7. Кәрілікке жеткен отбасы.

    Отбасы дағдарысында өзект мәселелері шектеліне, сол жағдай әлсіздеу бір отбасы мүшесінде «сақтаушы» болып содан байқалады, ол кішкентай бала немесе зейнеткер адам болуы мүмкін. Сол жағдайда ауру белгісі (симпом) мінез–құлықты ескі көз-қарас пен өзара қатынасты байқатады. Ауру белгісін көрсететін адамды, сақтаушыны «теңестірілегн ауру адам» деп айтады. Отбасы жүйесін теориялық ықпалда зерттеушлер отбасында ауру белгісінің көрінуі, ол отбасы қажеттілігінің метафорасы деп атайды. (Шерман Р., Фредман Н., 1997).

    Плзак пікірінде ерлі-зайыптылар қатынасының дамуын екі сынды кезеңге бөлді (Плзак 1973). Бірінші сынды кезең ерлі зайыптылардың бірге өмір сүруінің 3 және 7 жылында кездеседі. Самоукина Н.В. алғашқы дағдарыстың (5-7 жыл) болуы серіктесіне көз-қарасы, яғни алғашқы бейненің өзгеруі, алдымен бір-бірінің алдында психологиялық беделінің төмендеуі болып табылады.

    Екінші сынды кезең ерлі-зайыптылрдың бірге өмір сүрунің 17-25 жыл аралығында туындауы мүмкін. Ерлі-зайыптылар бір-бірінен психологиялық шаршайды, өмір сүруде жаңа қатынасты, өзгерісті қажет етеді. Бұл еркектер қатты уайымдайды. Отбасы дағдарысының жеңіл өтетеін тұстары еркіндік, дербестек деңгейде жаңа қатынасты бірге іздеуге ниет етсе ғана, шешімін таппақ. Отбасы дағдарысы кезінде бұрынғыдай өмір сүре алмайды, ролді тепе-теңдікте бөліп қарастыра алмау себептері: жағдайды шешуде таныс шаблонды қолдану, дағдыланған мінез-құлықты , ескі қалыптасқан модельдің қажеті блмай қалуынан туындайды. Отбасылық психокоорекция-отбасылық қатынасты қалыпты жүйеге сәйкестендіріле отырып, әлеуметтк мәдени ерекшілікескеріле жргізіледі.
    Психологиялық кеңес беру
    – тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Онда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады.

    Жалпы алғанда «кеңес берудің» анықтамасы негізгі деген бірнеше ережелерден тұрады:



    1. Кеңес беру адамға өзінің қалауы бойынша белгілі бір амалды таңдап алуына және сол бойынша әрекет етуіне көмектеседі.

    2. Кеңес беру жаңа мінез-құлыққа үйренуге көмектеседі.

    3. Кеңес беру тұлғаның тұлғаның дамуына жағдай туғызады.

    4. Кеңес беруде клиенттің жауапкершілігіне мән беріледі, яғни тәуелсіз жауапты адам тиісті бір жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатындығы ескеріледі, ал кеңес беруші болса клиенттің еріктілік мінез-құлқына ынта-жігер беріп, жағдай жасайды.

    5. Кеңес берудің өзегі философияның «тұтынушы – орталықтану» терапиясына неізделген клиент пен кеңес берушінің арасындағы «кеңес беру өзара әрекеттестігі» болып табылады.

    Психологиялық кеңес берудің мазмұны – психолог өзінің кәсіптік-ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі:

    1. Психолог өте байқампаз болуы керек. (Клиентті тоқтатып, маңызды ақпаратты сараптайды.

    2. Психологтың іс-әрекеті құрастырмалы (құрастырмалы емес); ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады. (Оған «қысым көрсетеді»).

    3. Клиенттің даусы естіледі (өте ақырын естіледі).

    4. Клиенттің жауабы психологтың айтқандарымен сәйкес (сәйкес емес).

    5. Клиенттің тапсырмасының мазмұны психологқа әсер ету арқылы дұрыс (дұрыс емес) түсінілген. Психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді.

    6. Психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар (жоқ).

    7. Психолог клиентке өзінің жеке даралығын жоғалтпай қосылады (тұлғалық құрбандығымен бағасымен).

    «Адам – адам» кәсібіндегі психологиялық әсер ету (дәрігер, заңгер, тілші, мұғалім, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер) сұхбат ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан кеңес беру процедураларын жиі еске түсіреді. Бірақ бұл сұхбаттар өзара іс-әрекет құралы сияқты адамға әсер ету мөлшерімен және оған деген жауапкершілікпен ерекшеленеді. Психолог клиенттің психологиялық өмірінің қасиеттерін көрсеткені үшін жауаты болады. Әр бағыттауға спецификалық әдістемелік тәсілдер, кеңес берудің мақсаты мен тапсырмалары, психикалық шындықтың аймағы, клиент пен кеңес берушінің бағыттары тән.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет