Ұзақ мерзімді жоспармен танысыңыз. Бөлімдер, тақырыптар қалай қамтылған?
Оқу жоспарларымен (орта мерзімді) танысыңыз.
Бөлім тақырыбына, оқу мақсаттарына қол жеткізу жаттығулары қалай қамтылған?
Мұғалімді қолдайтын ресурстар қалай ұсынылған?
Мұғалімге қиындық тудыратын ресурстар бар ма?
Осы жаттығуға арналған балама/ қосымша ресурс туралы өз тарапыңыздан ойлаңыз.
Ұзақ мерзімді жоспар : • белгілі бір уақыттағы, айталық бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;
• мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;
• бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;
• білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;
• бейімдеуге келеді және жағдайға/қажеттілікке қарай дамиды;
• білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;
• кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;
• кері байланыс арқылы бағамдайды;
• орта мерзімді жоспарға негіз болады
Оқу жоспарлары жаңартылған бағдарламаға сай жасалған .
Бөлім тақырыбына, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін топтық жүмыс арқылы постерлер қорғау, ғаламтордан қосымша мәліметтер жинауға мүмкіндік беруге болады. Миға шабуыл арқылы сыни ойлауын дамыту үшін төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар дайындауға болады.
Мұғалімді қолдайтын ресурстар қәзіргі заман талабына сай цифрлы құрылғыларды қолдану арқылы кеселер, грфик сызбаларын жасап оқушыларға көрсетуге болады. Олар PASCO, EINSTEIN тағы баскалары. Зу
мМұғалімге қиындық тудыртатын ресурстар осы цифрлы құрылғылар болуы мүмкін. Бірақта қосымша курстар арқылы ғаламтор арқылы үйреніп алуға болады. Мысалы мен алдағы уақытта PHYTON – бағдарламасын оқып алып, билогия пәні бойынша тәжірбие жұмыстарына қолданғым келеді.
Менің ойымша әр ұстаз әр тарауды өтер алдында сол тақырыпқа байланысты біраз қосымша ресурстарды ғаламтордан тауып дайындаса , сабақты түсіндіру оңайға соғар еді деп ойлаймын.
2-тапсырма. (Ұжым болып) ойларыңызды ортаға салыңыздар. Сабақ үшін таңдалатын оқу мақсаттары:
Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы ұзақ мерзімді сабақ жоспарының оқу мақсаттары
Сабақ тақырыбы
Оқу мақсаты
1
Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі туралы оқушыларға түсінік беру
2
I бөлім. Жануарларды жіктеу.
3
Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.
Жануарларды жіктеудің маңызы туралы оқушыларға түсінік беру
4
Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
Зоология ғылымының даму тарихы туралы оқушыларға түсінік беру
3-тапсырма. Тәжірибелік тапсырма: Ұсынылған оқу мақсаттарын сабақ мақсатына айналдырыңыз.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері
Тақырыптары/ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
Оқыту мақсаты. Білім алушылар білуге тиісті.
Сабақ мақсаты
Тірі ағзалардың көп түрлілігі.
Биосфера және экожүйе
Әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті регионның) анықтау»
9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану;
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Тірі ағзалардың көптүрлілігін түсініп, бинарлы номенклатураны пайдалану Бинарлы номенклатураның көмегімен түрлерді сипаттау (анықтағыш бойынша) Бинарлы номенклатураның өмірдегі рөлін түсіндіру