Практикалық сабақ №10


Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет2/21
Дата05.11.2022
өлшемі1,23 Mb.
#156689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Сем әд нұсқау

Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
- Сабақтардың мақсаты мен міндеттері
– «Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру
-білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
-Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
-дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
-Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
-қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;


- Сабақтардың мазмұны
Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген.
Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4) кейс-стади;
5) жобалар әдісі.


- Меңгерілетін білім, білік және дағдылар (құзыреттері)
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді:
- Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді;
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетіп, сыни қарайды;
- Қазақстанның тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді;
- тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу жолын түсіндіреді;
- Қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу;
- тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен ортақтық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларын салыстырады;
- ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының маңыздылығын анықтайды;
- қоғамның демократиялық құндылықтарды толеранттық өзаракелісушілікті азаматтық ұстаным тұрғысында қабылдайды.

1-нші семинар сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет