Практикалық сабақтардың жоспарлары Ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктері 1-тақырып. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері. 1. Ауд. жұмыс
2. Есеп шығару үлгілері:
1-мысал. 10 бұйымның 7 – і стандартқа сәйкес. Кездейсоқ таңдалған 6 бұйымның дәл 4 – і стандартты болу ықтималдығын есепте.
Шешу. Тәжірибенің мүмкін элементар нәтижелерінің жалпы саны
10 – нан 6 бұйымнан әр түрлі таңдаулардың тәсілдер санына, яғни
10 – элементтен 6 – дан алынған терулер санына тең. оқиғасына кездейсоқ 6 бұйымның дәл 4 стандарт болуына қолайлы нәтижелер санын есептейік: 7 стандарт бұйымнан 4 – ін тәсілмен, ал қалған бұйым стандарт емес болу керек; ал стандарт емес бұйымнан 2 –ін тәсілмен таңдауға болады. Сонымен қолайлы нәтиже саны
Ізделінген ықтималдық қолайлы нәтижелер санын жалпы нәтижелер санына бөлгенге тең:
2-мысал. Жәшікте 30 шар бар: 10 қызыл, 5 көк және 15 ақ . Кездейсоқ алынған шардың түрлі – түсті болуының ықтималдығын тап.
Шешу. Түрлі түсті шар пайда болуы не қызыл, не көк шар пайда болуымен мағыналас. Қызыл шар пайда болу ( оқиғасы) ықтималдығы.
Көк шар пайда болу ( оқиғасы) ықтималдығы
.
және оқиғалары үйлесімсіз, сондықтан қосу теоремасы бойынша ізделінген оқиға ықтималдығы:
3-мысал. Екі тиын бірдей лақтырылғанда екеуінің де бетінде гербтің түсу ықтималдығын тап.
Шешу. Бірінші тиында герб түсу ( оқиғасы) ықтималдығы .
Екінші тиында герб түсу ( оқиғасы) ықтималдығы . және оқиғалары өзара тәуелсіз болғандықтан, ізделінген ықтималдық көбейту теоремасы бойынша:
3. Үй жұмысы 1-15 есептер
Бақылау сұрақтар:
1. Үйлесімсіз оқиғалар
2. Шартты ықтималдық.
СӨЖ