Тапсырмалар
1. 9 кесте мәліметтері бойынша σх, σу, r алдын ала есептеп, орыстың ақ тауық тұқымының тірідей салмақтары бойынша жұмыртқа-лағыштығының регрессия коэффициенттерін ( ) есептеу.
2. 10 кесте мәліметтері бойынша σх, σу, r алдын ала есептеп, анасының өнімділігіне сәйкес ұрпақтарының лактация уақытындағы регрессия коэффициентін есептеу.
3. Келесі мәліметтерді пайдаланып анасының сүт майлығына (у) сәйкес ұрпақтарының сүт майлылығының (х) регрессия коэффициентін есептеу:
Май мөлшері (%)
|
Анасы
Ұрпағы
|
4,1
4,1
|
3,9
4,4
|
4,2
4,0
|
4,4
4,1
|
3,8
4,1
|
3,9
4,6
|
3,9
4,0
|
4,3
4,3
|
3,6
4,2
|
4,1
3,9
|
4. 15 кестені пайдаланып лейкозбен ауыратын сиырлардың лейкоцитарлық формуласындағы лейкоциттердің мөлшерінің регрессия коэффициентін есептеу.
5. 12 кесте мәліметтері бойынша сүттегі лизиннің мөлшері бір санға артқанда аргининнің мөлшері қалай артады немесе кемиді.
15-кесте. Сиырлардың лейкоциттер мөлшері (х) мен лимфоциттер саны (у)
х
|
у
|
x
|
y
|
x
|
у
|
x
|
у
|
1,2
27,2
8,8
8,2
8,0
10,0
16,6
|
71,0
93,5
72,0
67,5
78,0
78,0
75,0
|
12,0
18,4
9,6
9,5
21,0
14,2
18,8
|
81,0
76,0
78,5
61,0
81,0
67,0
73,0
|
10,6
11,2
13,6
24,6
20,2
11,0
13,0
|
82,0
76,0
74,0
88,0
92,0
90,0
82,0
|
12,6
23,2
22,8
18,4
15,3
28,4
17,4
|
68,0
67,0
88,0
93,0
90,0
66,0
85,0
|
6. Орыстың ақ тұқымы тауықтарының ақуызының салыстырмалы салмағы мен жұмыртқалағыштығының арасындағы генетикалық корреляцияны анықтау. Фенотиптік корреляцияның көрсеткіштері:
;
- анасы мен ұрпағы ақуызының салыстырмалы салмағы;
- анасы мен ұрпағының жұмыртқалағыштығы.
1.7 Ішінара іріктелген жинақтардың көрсеткіштерінің репрезентативтілігі
Негізгі түсініктер. Жоғарыда ішінара іріктелген жинақтардың биометриялық көрсеткіштері қарастырылды. Оларды қолданып жалпы жинақты сипаттауға бола ма? Мысалы, ішінара іріктеліп алынған қара-ала тұқымының 100 немесе 1000 малы барлық тұқым өнімділігіне сипаттама бере ала ма? Кездейсоқ әдіспен ішінара іріктеліп алынған жинақ арқылы жалпы жинақты сипаттау дәл болмайды. Бұл қателер бөліктер негізінде (ішінара іріктелген) бүтінді (жалпы жинақ) сипаттағанда әрқашан пайда болады. Ішінара іріктелген жинақтарды зерттеу арқылы жалпы жинақты сипаттағандағы қателер репрезентативтілік қателер деп аталады. Бұл қателер зерттеу жұмыстарын өте жоғары дәрежеде ұйымдастырғанда да пайда болады. Репрезентативтілік қателердің шамасын тек ішінара іріктелген жинақтар үшін анықталады. Егер топ жануарлары жалпы жинақ болып табылса, онда репрезентативтілік қателерді есептемейді.
Маңыздылық деңгейі мен ықтималдық деңгейі.
Статистикада 20 бақылаудың біреуінде кездейсоқ жағдай болса, оны "статистикалык, жағынан дұрыс" нәтиже деп атайды, егер 100 ден бірі ғана болса "дұрыстығы жоғары", ал 1000-нан бір болса "дұрыстық деңгейі өте жоғары" нәтиже деп айтады. Бұл маңыздылық деңгейлері Р=0,05; Р = 0,01; Р= 0,001 деп белгіленеді. Дұрыстықтың бірінші шегіне ықтималдылықтың Р=0,95 деңгейі алынады, оған Р = 0,05 маңыздылық деңгейі сәйкес келеді. Ықтималдылықтың үш деңгейі бар, олар Р1 = 0,95; Р2 = 0,99; Рз = 0,001 сәйкес. Маңыздылық деңгейі анықталған ыктималдық нәтижеден кездейсоқ ауытқудың мүмкіндігін көрсетеді. Оның көмегімен нәтижеде неше пайыз қателік болу мүмкіндігін анықтайды. Егер маңыздылық деңгейі Р = 0,05 (5%-дық маңыздылық деңгейі) болса, кездейсоқтықтың салдарынан қате жағдайдың 5%-да болады, ал ықтималдылық Р =0,95 (95%), 100 қайталаудың 95-інде күткен нәтиже шығады.
Қателер мәліметтері жалпы жинақтың сенімді шектерін анықтау, ішінара іріктелген жинақтардың дәлдігі мен айырмашылықтарын білу, ғылыми-зерттеу жұмыстарында ішінара іріктелген жинақтың көлемін анықтау үшін қолданылады. Сенімді шектер деп параметрлері орналаса алатын жалпы жинақтың шеткі мәндерін айтады. Жалпы жинақтың параметрлерін бағалау үшін ішінара іріктелген жинақпен қатар, қатесіз болжау ықтималдығының көрсеткіші – сенімділік критериясы t-ні, жалпы параметрдің дәлдігін бағалау көрсеткіші – қатенің мөлшері m-ді білу қажет.
Биологияда қатесіз болжау ықтималдығының үш дәрежесін қолданады (кесте 16).
16- кесте. Жалпы жинақтар үшін қатесіз болжау ықтималдығының үш дәрежесі
Дәреже
|
Қолданылуы
|
Қатесіз болжау ықтималдығы
|
Қате жағдайлар саны
|
Сенімділік критериясы
|
Іріктеу көлемі (тең және артық)
|
1
|
Өндірістік және ғылыми-өндірістік зерттеулерде
|
0,95
|
100-ден 5
|
1,96
|
30
|
2
|
Көптеген биологиялық, зоотехникалық және ветеринарлық зерттеулерде
|
0,99
|
100-ден 1
|
2,57
|
100
|
3
|
Өте жоғары талап қоятын жұмыстар
(гипотезаны тексеру, дәрілік және басқа заттарды зерттеу)
|
0,999
|
1000-нан 1
|
3,26
|
200
|
Ішінара іріктелген жинақтар үшін стандартты шамалар (сенімділік көрсеткіші) Стъюдент кестесінен алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |