Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет39/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Ірі қара малдың D гені (декстер) дене тұрқының өзгеруіне әсер етеді (қысқа аяқты және висцеральды бас), бір уақытта бұлшықет жүйесіне ықпалын тигізіп, еттің сапасын жақсартады. Гомозиготалы күйде ол организмнің өліміне әкеледі. Оның d – аллелі қалыпты дене тұрқын және организмнің қалыпты өмір сүруіне әкеледі. Анықтау қажет:
а) фенотипі декстер сақа жануардың генотипін;
б) Декстер малының ажырамайтын линиясын шығаруға бола ма?
в) Декстер сиырларын скелет құрылысы қалыпты бұқалармен ұрықтандырғанда ұрпақта болатын генетикалық өлім.
2. Түлкілердің Р және Р1 аллельдерінің тері түсі мен организмнің өмір сүруіне әсер ететін плейотропты әсері болады. Р гені платина түсін қамтамасыз етеді. ол ген Р1 гені анықтайтын күміс – қара түстен доминантты. Осымен қатар Р генінің рецессивті летальді әсері болады, нәтижесінде РР гомозигота өледі. Анықтау қажет:
а) платиналы түлкілерді бір – бірімен шағылыстырғанда Ғ1 тері түсі мен өмір сүруі ажырау сипатын;
б) платиналы және күміс – қара түлкілерді шағылыстырғанда фенотиптің ажырауын.
3. Тұқым қуалайтын скрепи ауруы қойлардың 2 – 4 жасында өлімге әкеледі. Ауру рецессивті s аллелінің әрекетіне байланысты. S аллелі гомозиготалы күйде вирустық аурудың дамуына соқтырады. Ауру жануардың өлуіне себебін тигізеді. Бұл вирустық ауру Ss, SS генотипті жануарларда ешқашан дамымайды. Скрепи генінің плейотроптық әсері болатындықтан жануардың тез өсуіне және денесінің скелет бұлшықеттері мен аяқтарының дамуына ықпалын тигізеді.
№ 418 қошқар ұрығымен ұрықтандырылған № 235 асыл тұқымды қошқардың сау ұрғашы ұрпақтарынан 20 қозы алынды. Екі қошқарда өлімге душар еткен скрепи белгілері дамыды. № 235 қошқардың ұрғашы ұрпақтары бес жасында тірі қалды. Анықтау қажет:
а) № 235 және 418 қошқарлар генотиптерін;
б) № 235 қошқардың сау ұрғашы ұрпақтарының генотиптерін;
в) 20 қозының нешеуінің генотипі ii болады.


3.3 Талдаушы шағылыстыру. Ұрпақтың фенотипі арқылы ата – ана генотипін анықтау
Типтік есептерді шығару. Кейбір жағдайларда дарақтардың генотипін фенотип арқылы анықтайды:

    1. егер дарақтың рецессивті белгісі (а) болса, ол әрқашан гомозиготалы (аа);

    2. аралық тұқым қуалау мен толық доминанттылықта АА, А'А және А'А' генотипті дарақтардың фенотиптік айырмашылықтарын;

    3. екі кодоминантты аллельдері бар дарақтардың (НвА/НвВ) әрбір аллелі гомозиготалы (НвА/НвА және НвВ/НвВ) дарақтардан фенотиптері бойынша айырмашылықтарын.

Осыдан, дарақтың генотипін фенотипі арқылы анықтау тек толық доминанттылық жағдайда тұқым қуалағанда мүмкін болмайды. Мұндай жағдайларда доминантты дарақтың генотипін рецессивті дарақпен шағылыстырып, ұрпақ арқылы анықтайды. Егер ұрпақтардың 100 % доминантты белгі дамыса, онда доминантты ата – ана гомозиготалы (АА); егер ұрпақта ажырау 1 : 1 болса, онда доминантты ата – ана гетерозиготалы (Аа) (схеманы қара).
Тікелей шағылыстыру Талдаушы шағылыстыру
Р А А х а а Аа х аа
Гаметалар Р А х а А а х а
Ғ1 Аа Аа аа
фенотип Ғ1 100 % 50% 50%
доминантты доминантты рецессивті
Талдаушы шағылыстыру көмегімен барлық жағдайларда дарақтар генотипін анықтауға болады. Практикада ата– ана генотипін ұрпақ арқылы анықтайды.
Ұрпақтар саны көп болғанда ата – ана генотипін әдетте (әрқашан емес) Ғ1 - тың ажырауы арқылы анықтайды. Мұнда келесі жағдайлар болуы мүмкін:
1. Ұрпақтың ажырауының арақатынасы 1 : 1 тек АА х аа шағылыстырғанда болады және доминантты ата – ана гетерозиготалы (Аа) болуын дәлелдейді (схеманы қара).
2. Ұрпақтың 3 : 1 арақатынасы Аа х Аа түрлі шағылыстырылғанда ғана байқалып, ата – ана екеуінің доминантты және гетерозиготалы екендігін дәлелдейді.
3. Ғ1 ажырау болмаса, барлық ұрпақтарда рецессивті белгі болады. Мұндай жағдай екі ата–ана рецессивті болғанда ғана орындалады (аа х аа).
4. Ғ1 ажырау болмаса барлық ұрпақтарда доминантты белгі болады. Бұл жағдайда бір немесе екі ата – ана доминантты белгі бойынша гомозиготалы. Егер ата – ананың біреуінде доминантты, екіншісінде рецессивті белгі болса, доминантты ата–ана гомозиготалы. Егер екі ата–анада доминантты белгі болса, олардың генотипін ұрпағы арқылы анықтау мүмкін емес, өйткені ата – ананың екеуі гомозиготалы, немесе тек біреуі гомозиготалы.
Мысалы, иттерде қара түс (В) қоңыр түстен доминантты (в). Қара аналық ит қара аталықпен шағылыстырылды делік. 13 күшіктің 10 қара және 3 қоңыр болды. Ата–ана генотипін анықтау үшін доминанттылық мәліметтерін «белгі-ген» кестесіне жазады, генетикалық схемаға ата – ана және ұрпақ мәліметтерін жазады.

Белгі

Ген

Генотип

Қара жүн

В

ВВ, Вв

Қоңыр жүн

в

вв

Р. В ? х В ?
Гамета Р В ? х В ?
Ғ1 10 В ? 3 вв
фенотип 10 қара 3 қоңыр

Ата – ана қара болғандықтан, оларда В гені болады. Белгісіз екінші геннің орнына сұрақ белгісін қояды. Екінші жолға (гаметалар) ата – аналар В генін береді деп жазуға болады. Есеп шарты бойынша гаметаның екінші түрінің болуы белгісіз. Үшінші жолға ұрпақ генотипін көрсетеді. Рецессивті күшіктердің генотипін толық жазуға болады, өйткені олар әрқашан гомозиготалы. Доминантты күшіктер мен ата – ана генотипін В ? күйінде жазуға болады.


Ата – ана генотипін екі әдіспен анықтауға болады.
Бірінші әдіс. Қара және қоңыр күшіктер арақатынасын анықтайды. Ол 10 : 3 = 3,3 : 1, яғни 3 : 1 жуық. Мұндай ажырау ата – ана генотипі гетерозиготалы болғанда орындалады. Сондықтан, Р Вв х Вв деп жазуға болады.
Екінші әдіс. Ұрпақтар генотиптерінен басталады. Ұрпақтардың доминантты белгісінің генотипі белгісіз, рецессивті ұрпақ әрқашан гомозиготалы. Олардың генотипі вв. Екі геннің біреуі жұмыртқа жасушасы арқылы анасынан, екіншісі ұрық арқылы атасынан алынған. (4 схеманы қара).
Осыдан атасы және анасы В гені бар гаметадан басқа, в аллелі бар гаметалар түзеді, оны схемаға жазады. в гені бар гаметалар түзейтін ата – аналар генотипінде в гені болады. Яғни ата – ана генотипі Вв болады.
Селекциялы – генетикалық жұмыстар практикасында ұрпақтың саны аз жағдайлар кездеседі.
Мысалы, бірінші бұзаулайтын қашардан бір бұзау алынады. Мұндай жағдайларда доминантты ата–ана генотипін анықтау әрқашан статистикалық дұрыс болмайды. Жоғарыда аталған бірінші әдісті классикалық 3 : 1 және 1 : 1 арақатынасының саны аз ұрпақтарда ауытқуына байланысы қолданылмайды. Сондықтан, доминантты ата – ана генотипін екінші әдіспен анықтайды.
Тұқыл қашардың жалғыз бұзауы мүйізді делік. Бұқаның генотипі мен фенотипі белгісіз. Қашардың генотипін табу үшін «белгі - ген» кестесін толтырып, ата–ана және ұрпақтар туралы белгілі мәліметтерді генетикалық схемаға жазамыз (5 схема).

Белгі

Ген

Генотип

Тұқыл

Р

РР, Рр

Мүйізді

р

рр

Р ♀ P? х ♂??
Г аметалар Р ? ?
Ғ1 рр
5-схема. Қашардың генотипін жалғыз бұзауының фенотипі арқылы анықтау.
5 cхемада бұқаның генотипі мен фенотипі белгісіз болған жағдайда тұқыл қашардың генотипі оның жалғыз бұзауының фенотипі арқылы анықталады, өйткені бұзау екі рецессивті геннің біреуін анасынан алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет