Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару жолдары 1. Хромосомадағы гендердің арақашықтығын анықтау. Хромосомалардың генетикалық картасын құрастыру. Екі геннің бір немесе әр түрлі тіркесу тобына жататынын, бір тіркесу тобындағы екі геннің арақашықтығын анықтау үшін дигибридті анализдеуші шағылыстыруға тәжірибе жүргізеді. Алынған ұрпақты фенотипі бойынша есептейді. Мысалы: дрозофила шыбынының зерттелетін гені бойынша дигетерозиготалы аналықты, рецессивті аталығымен шағылыстыру жүргізеді. Егер гендер шыбында гендердің еркін үйлесу заңына сәйкес теңдей /25%/ мынандай гаметалар /АВ, Ав, аВ, ав/, түзіледі. Мұны үлгі ретінде көрсетейік.
Р ♀ Аа Вв х ♂ аавв
Гаметалар АВ Ав ав ав ав
Ғ1 АаВв Аавв ааВв аавв
Ғ1 фенотиптер АаВв – 25 %; Аавв – 25 %; ааВв – 25 %; аавв – 25 %
Бұл тәжірибеден екі қорытынды жасауға болады. 1. Анализдеуші шағылыстыру, аналықтың гаметасы негізінде ұрпақтың фенотипін анықтайды. 2. Анализдеуші шағылыстыруда барлық төрт фенотиптік ұрпақтар бірдей сан қатынасында (25 %-тен) түзіледі. Бұл А және В гендері әр хромосомада орналасқанын дәлелдейді.
R және S гендері бойынша дигетерозиготалы аналық дрозофила шыбынын рецессивті аталығымен шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша ұрпақтары бойынша мынандай қатынаста ажыраған: RS – 45 %, Rs – 5 %, rS – 5 % және rs – 45 %.
Осы шағылыстырудың үлгісін жазайық.
Р ♀ Rr Ss х ♂ rrss
Гаметалар RS Rs rS rs rs
Ғ1 RrSs Rrss rrSs rrss
Фенотиптер Rr Ss – 45 %; Rrss – 5 %; rrSs – 5 %; rrss – 45 %
Үлгіде көрсетілгендей фенотиптері әр түрлі даралардың санының проценттік қатынасы 25:25:25:25 тең болмай, мынандай 45:5:5:45 қатынаста болады. Бұл R және S гендері бір хромосомада орналасқан екенін, тіркесіп тұқым қуалауын көрсетеді. Ғ2-де ұпақ белгілерінің ажырауы проценті 45+45=90 % болуы аналық шыбынның жұп хромосомаларында R, r, S, s гендердің тіркесуінің өте жоғары екенін көрсетеді. Демек, аналық шыбынның жұп хромосомаларында R – генімен S – гені, r – гені , - s генімен үйлескенін көрсетсе, онда аналықтың генотипі R S
болады.
r s
Хромосомадағы R және S гендердің арақашықтығы ұрпақтағы рекомбинат шыбындардың жалпы санымен анықталады. Тәжірибе бойынша – 10 %. Осыдан R және S гендерінің және /r мен s/ арақашықтығы 10 морганидке тең.
Жануарларда, өсімдіктерде гендердің арақашықтығын анықтау үшін, анализдеуші шағылыстыру жүргізгенде ата-анасының біреуі зерттелетін гендер бойынша дигетерозигота /АаВв/, ал екіншісі рецессивті /аавв/ гомозигота болуы қажет. Ал, гендердің арақашықтығын, әдетте рекомбинаттардың проценті анықтайды. Дигетерозиготалы көк қошқарды, қара қаракөл қоймен шағылыстырғанда бірінші ұрпақта мынандай қозылар алынған: Екі гені бойынша доминантты /АаВв/ - 28, рецессивті /аавв/ - 30. /Аавв/ - 5, /ааВв/ - 3. Алынған мәліметтер А және В гендері тіркес екенін, І және ІІ топтағы қозылар қошқардың кроссинговер жүрмеген сперматозоидтарынан ІІІ және ІҮ топтағы аз қозылар кроссоверлі гаметалардың қосылуынан пайда болғанын көрсетеді. Рекомбинаттардың саны 5+8=8%. Ал, Ғ1 ұрпақтағы қозылардың жалпы саны 28+30+5+3=66, сонда барлық қозылардың ішінде кроссоверге ұшыраған гаметалардың қосылуынан пайда болған қозылардың саны 10 %-тей, яғни хромосомадағы А және В гендердің арақашықтығы 10 морганидке тең.
2. Хромосомалардың генетикалық картасын жасау. Мысалы, хромосомада гендердің тізбектеле, моншақ тәрізді орналасу заңына сәйкес, дигибридті анализдеуші шағылыстыру барысында бір тіркесу тобына кіретін үш геннің /А, В және С/ арақашықтығын анықталды делік. А және В гендердің арақашықтығы – 5 морганидке, ал В және С геннің арасы – 3 морганидке тең болса, А және С гендерінің арақашытығын анықтау керек. Т.Морганның заңына және тура сызықты орналасқан үш нүктелердің теоремасына сәйкес, АС нүктелерінің арақашықтығы АВ және ВС нүктелерінің арақашықтығының қосындысына немесе айырмасына тең.
AC=AB ± BC немесе
AB + BC=5+8 А В С
АВ–ВС=5-3 А С В осыны былай жазуға
AC=AB ± BC=5±3 болады. Сонымен А және С гендерінің арақашықтығы 5+3=8-ге немесе 5-3=2 тең. Бұл тәжірибе жүзінде анықталады.
3. Хромосомадағы гендердің орналасу локусына байланысты белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы анық болса, онда кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалардың түзілуінің қатынасын есептеп шығаруға болады. Мысалы, дрозофила шыбынының денесінің қара түсін рецессивті /в/ гені, ал көзінің қоңын түсін рецессивті /р/ гені анықтайды. Олардың доминантты аллельдері /В/ - денесінің сұр түсін және /Р/ - көзінің қызыл түсін бақылайды. Бұл гендер ІІ жұп хромосоманың 48,5 және 54,5 локусында орналасқан. Генотипі В р аналық және В Р аталық шыбындар қанша, қандай
В Р в р
типті гаметалар түзілетінін анықтау керек. Ол үшін в және р гендерінің локусының арақашықтығын анықтаймыз. Ол 54,5-48,5=6 морганидке тең.