Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Иммуногенетика және ақуыздардың биохимиялық полиморфизмі



бет57/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

6 Иммуногенетика және ақуыздардың биохимиялық полиморфизмі
Иммуногенетика иммунологиялық және генетикалық зерттеу әдістерін қосатын генетиканың үлкен бір бөлімі. Иммуногенетикалық әдістер медицинада, малшаруашылығында (әсіресе селекциялық жұмыста), ветеринарияда, сот-медициналық және ветеринарлық сараптамада қолданылады. Иммуногенетика әдістері адам және жануар организмінің полиморфты ақуыздарын, ферменттерін, жасушаның антигенді құрылымын, қанды, сілекейді және т.б. сұйықтарды зерттеуге негізделген. Полиморфты жүйелер «генетикалық маркерлер» деген жалпы атаумен аталады. Генетикалық маркерлер келесі сұрақтарды шешу үшін қолданылады:
1. Асыл тұқымды ұрпақтың шыққан тегінің дұрыстығын анықтағанда, аталықтарды ұрпағының сапасы бойынша бағалағанда;
2. Ауылшаруашылық малдары популяцияларын иммуногенети-калық параметрлер бойынша генетикалық құрылымын сипаттағанда, шыққан тегін және филогенезде популяцияның эволюциясын анықтағанда;
3. Иммуногенетикалық көрсеткіштердің кейбір тұқымқуалаушы-лық ауруларға төзімділігі, стресс, өнімділік, жануарлардың көбеюі арасындағы байланыстарды анықтағанда.
6.1 Иммуногенетикалық атаулар
Копенгагенде 1954 жылы өткен қан топтарын зерттеу Халықаралық конференциясынан бастап бүгінгі күнге дейін ауылшаруашылық малдарының генетикалық маркерлерінің атаулары ортақ бір жүйеге келген жоқ. Атауларды ортақ жүйеге келтіру жануарлар қан топтарын зерттейтін Халықаралық қоғамға жүктелді.
Антигендер латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді (А, В, С, D, F т.с.с). Бір жануардың гомологты хромосомаларына сәйкес әрбір локусында аллельдерінің саны екіден артық болмайды. Жануар генотипі вертикальды сызық арқылы белгіленеді, мысалы А-/-, Ваs/bd және т.с.с.
Қан топтары әр жүйе бойынша басқа жүйелерден тәуелсіз қарапайым Мендель белгілері тәрізді тұқым қуалайды. Әр антиген бір аллельдің пайда болуын қамтамасыз етеді. Антигендердің болмауын бақылайтын аллельдер рецессивті немесе нольдік деп аталады. Оларды дефиспен «-» немесе латын алфавитының кіші әрпімен белгілейді, мысалы А локусында «а» В-локусында «b» және т.с.с.
Жануарлар осы аллельдер бойынша гомо- немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Гомозиготалы гемолиздік тестпен (реакцияның жүрмеуі), гетерозиготалы – ұялы талдау арқылы анықталады.
Бір локус бір, екі немесе көп антигендерден тұруына байланысты емес бір қан тобын қамтамасыз етеді. Жануарлар түрлерінде иммуногенетикалық атаулардың өзіндік ерекшеліктері болады. Қазіргі кезде ірі қарада 12 қан топ жүйелері анықталды: А, В, С, F—V, J, L, М, N',. Т, S, Z, R'—S', олар 100 артық антигендердің синтезін бақылайды.
А жүйесіне 8 антиген кіреді. В жүйесі күрделі болып келеді, оның құрамына 30 артық антигендер кіреді, олар 500 артық аллельдер түзеді. В жүйесінің 10 антигені бір кешенді тұқым қуалайды, мысалы BBGK, BBG, BBBGKO2IA' және т.с.с. С жүйесінде 10 артық антигендер бар. Бұл жүйенің қан топтарын бақылайтын сублокустарының сызықты моделі құрылды. Қан топтарының J жүйесі үш топқа жіктеледі: Jcs, Js, Ja. Jcs - антигені эритро­циттер мен плазмада болады; Js антигені тек плазмада; Ja - антигені эритроциттер мен плазмада болмайды. F-V жүйесі топшаларға бөлінетін екі антигеннен тұрады F1, F2 және V1, V2, V3. L жүйесі бір антигеннен тұрып, екі фенотипі (L+ және L-) және үш генотипі (L/L, L/1 және 1/1) болады. М жүйесі төрт антигенді (Mi, М2, М' және т.с.с.) бақылайды. S жүйесі 7 антиген және 6 топшадан тұрады. Бір-бірден антигендері бар L, Т, N жүйелері қарапайым, екі және одан артық антигендері бар жүйелер күрделі деп аталады. Бұл бөлінулер шартты түрде, себебі қазіргі кезде белгісіз жаңа антигендер ашылуы мүмкін. Ірі қара қан топтарының күрделі В, С және S локустары жануарлардың сатылы аллелизм мысалы ретінде қарастырылады.
Шошқаларда қан топтарының 17 генетикалық жүйелері анықталды (А, В, С, D, Е, F, G, Н, I, J, К, L, М, N, О, Р, Q), олар 83 эритроцитарлы антигендерді бақылайды. Ең күрделі жүйелер: Е (16 антиген), L (13 антиге­н) және М (11 антиген). Қалған жүйелерде 2 - 6 антиген болады.
Барлық жүйелер антигендері әріптік индекс көмегімен бас әріптермен белгіленеді. Мысалы, Fa, Fb, Fc, Fd немесе Ba, Bb. Генотиптер - Ваа, Bb/Bb, Ba/Bb; фенотиптер (а + b) немесе Ва; В (а - b +) немесе Bb (а + b +) немесе Bab.
Жылқылардың қан топтары 20 антигендік факторларды бақылайтын 9 артық жүйеден (А, С, D, К, Р, Q, Fc, Т, U, So) тұрады. С, К, U және Fc жүйелері құрамына екі аллель, қалғандарының құрамына екіден артық аллель кіреді. Қан топтарының Р жүйесі адамның АВО жүйесіне ұқсас болып келеді. Құрамына 13 антиген кіретін D жүйесі күрделі болып келеді, ол 30 артық фенотоп құрайды. Жылқылардың қан топтары жүйелеріндегі қазіргі белгілену қан топ жүйесі әріптік индекспен бірге белгіленеді, мысалы D жүйесінің антигендері Da, Dc, Dd, De, Df, Dg.
Қазіргі кезде тауықтарда 95 антигендерді бақылайтын екі және одан артық аллельдерден тұратын 14 жүйе ашылды (А, В, С, D, Е, Н, J, У, К, Z, N, Р, R, Vh). 35 антигеннен тұратын В жүйесі күрделі болып келеді. Аллельдерді белгілегенде генетикалық жүйені көрсететін бас әріптің үстіңгі жағына цифрмен жазады (В4,18 және т.с.с). Осыған сәйкес антигендерді B4, B18 деп белгілейді.
Брайлсон және т.б. тауықтар қан топтарының бірінші атауларын ұсынды. Олар әр антигенді өзінің символымен белгіледі В1, В2, В3 және т.с.с. А және В жүйелері қан топтарының антигендері көптеген антигендік детерминанттардан тұратын күрделі серологиялық кешендер болатындығы анықталды. Әр антигендік кешен басқа популяциялармен ұқсастығы болмайтын өзіндік бірлік ретінде тұқым қуалайды. Бұл тауықтар қан топтарын бірегей белгілеуге қиындықтар туғызды.
Қойлардың қан топтары басқа жануарларға қарағанда аз зерттелген. Қазіргі уақытта 39 антигенді бақылайтын 16 генетикалық жүйе (А, В, С, D, J, М, R, X—Z, Con, F3o, F4, Hel, Y, T, V, PV) ашылды. Ешкілерде 5 қан топ жүйесі (В, С, М, R, F30) анықталды.
Ауылшаруашылығы малдарының қан топтарымен қатар ақуыздар мен ферменттердің генетикалық полиморфизмі анықталды: ірі қараның қан сарысуында 18, эритроциттерде 17, сүтте 5, ұлпаларда 2; жылқыларда 15, шошқаларда 29, қойлар мен ешкілерде 26.
Локустарды белгілеу үшін латын атауының екі-үш әрпін қолданады (мысалы, трансферрин - Tf, каталаза - Cat және т.б).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет