Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет21/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Бір факторлы дисперсиялық кешенде тұқымқуалаушылықты анықтау.
Луч, Ветер, Алмаз бұқалар ұрпақтарында сүт майлығының тұқымқуалаушылығын анықтау қажет. Ол үшін бір факторлы дисперсиялық кешен құрастырады (16 кесте), оның градацияларына бұқалар ұрпақтарының сүт майлығы жазылады.

Сүт майлылығының тұқымқуалаушылығын дисперсиялық талдау






Луч

Ветер



Алмаз

Градация саны r=3

Митоз фазаларының схемасы

x



4,2 4,2
4,3 4,4
4,4

3,8 3,9
4,0 4,1
4,2

3,8 3,8
3,8 3,9
3,9




n i

5

5

5

N = 15

x

21,5

20,0

19,2

x = 60,7

Xi



4,3




4,0


3,84




X i - X



+0,25


-0,05


-0,21




x - Xi



-0,1 -0,1
0 +0,1
+0,1

-0,02 -0.02
0 +0,1
+0,02

-0,04-0,04
-0,04+0,06
+0,06



xi - X



+0,15 +0,15
+0,25 +0,35
+0,35

5-0,25-0,15
5-0,05+0.05
+0.15

-0,25-0,25
-0,25-0,15
-0.15



Кесте графалары бойынша варианттардың қосындысын Σх табады, әрбір бұқаның ұрпағы тобында арифметикалық орташа мөлшерлерін анықтайды және барлық жиынтықта: Содан кейін, квадраттар қосындысын - дисперсияны табады:


Генетикалық дисперсия CCx – топ ішілік квадраттар қосындысы – формула бойынша ата-ана сүт майлығының генетикасы түрліше болуы:

паратиптік дисперсия Сz – топ ішілік квадраттар қосындысы – формула бойынша бұқалар ұрпақтарының сүт майлығының түрліше болуының көрсеткіші:

фенотиптік дисперсию С – белгінің әртүрлігінің жалпы фенотиптік көрсеткіші :


Тұқымқуалаушылық коэффициенті мына формула арқылы есептеледі:

Тұқымқуалаушылықтың дұрыстық белгісі формула арқылы есептеледі:



Алынған мағына F = 21,2 кестедегі Fst артық, сондықтан h2 = 0.78 ықтималдылық P = 0,999 болғанда дұрыс болады.
Тапсырмалар
1. х факторының ықпал күшін төмендегі мәліметтер арқылы бағалау:
1) Cy = 90; Cx = 20;
2) Cy = 90; Cx = 50;
3) Cy = 90; Cx = 70.
2. х факторының дұрыстығын төмендегі мәліметтер арқылы анықтау:
1) Cy = 90; Cx = 10; N = 100, r = 5;
1) Cy = 90; Cx = 10; N = 50, r = 5;
1) Cy = 90; Cx = 10; N = 10, r = 5;
3. Зерттелетін белгіге х факторы ықпалының күшін мен дұрыстығын келтірілген дисперсиялық кешен материалдары арқылы бағалау:

Градациялары, х

Варианттары

1

0,3

0,5

0,2

0,2

2

0,3

0,4

0,2

0,5

3

0,6

0,4

0,5

0,2

4

0,3

0,6

0,4

0,4

5

0,3

0,5

0,6

0,5

4. Өсіру әдістерінің аналық шошқалар төлдегіштіктеріне ықпал күшін анықтау. Ірі ақ шошқа тұқымын таза тұқымды өсіргенде төлдегіштік 10, 9, 11, 10, 11, 10, 10, 11 торай болды. Будан аналық шошқалардың осыған сәйкес төлдегіштігі 12, 9, 11, 10, 13, 11, 15, 10 торай.


5. Дисперсиялық талдау әдісі арқылы ұрпақтарының лактациядағы сүт өнімділігі бойынша бұқалардың нәсілдік қасиеттерін төмендегі мәліметтер негізінде бағалау.
Ұрпақтарының сүт өнімділігі бойынша бұқалардың айырмашылықтары

Бұқалар

№ 1 ұрпақ

№ 2 ұрпақ

№ 3 ұрпақ

№ 4 ұрпақ

№ 5 ұрпақ

Алмаз

4500

3800

3680

5200

3900

Луч

3800

3750

4200

3500

4100

Ветер

4100

4000

3900

4150

3850

Ескерту. Сүт өнімділігінің төрт таңбалы көрсеткішін, ыңғайлы болу үшін центрмен көрсетіп, екі таңбалы көрсеткішке айналдыруға болады.


6. Зебу мен швиц тұқымдарынан алынған гибрид сиырлардың сүт майлығының төмендегі кесте мәліметтері бойынша тұқымқуалаушылық коэффициентін есептеу


Ұрпақтарының сүт өнімділігі бойынша бұқалардың айырмашылықтары

№ п/п

Кулак ұрпақтары

Волчек ұрпақтары

Молодой ұрпақтары

Октябрь ұрпақтары

Орлик ұрпақтары

1

3,9

4,1

4,12

3,9

3,7

2

3,9

3,88

4,1

4,0

3,9

3

3,85

4,0

4,3

4,2

3,8

4

4,26

3,8

4,0

4,0

4,2

5

4,7

3,9

4,08

4,2

4,5

6

4,0

4,0

3,9

4,0

3,7

7

3,99

4,0




3,7

3,9

8

3,9

4,1




3,8




9

3,9

4,0




4,1




10

4,39

3,9




3,9







n1 = 10

n2 = 10

n3 = 6

n4 = 10

n5 = 7

Кулак, Волчок, Молодой бұқалары бір шаруашылықта, Октябрь мен Орлик — басқа шаруашылықта қолданылды.


Бақылау сұрақтары

  1. Жалпы (үлкен) жинақ дегеніміз не?

  2. Ішінара іріктелген жиынтық және оны құрастыру.

  3. Вариациялық қатарды қалай құрады?

  4. Вариациялық қисықтардың бөліну түрлері қандай болады?

  5. Орталық көрсеткіштер және олардың қоланылуы.

  6. Үлкен және кіші ішінара іріктелген жинақтарда арифметикалық орташа қалай есептеледі?

  7. Орталық көрсеткіштердің қандай қасиеттері бар?

  8. Белгілердің түрліше болуын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

  9. Үлкен және кіші ішінара іріктелген жинақтарда орташа квадраттық ауытқу қалай есептеледі?

  10. Альтернативті белгілер үшін орташа квадраттық ауытқу қалай есептеледі?

  11. Үлкен және кіші ішінара іріктелген жинақтарда фенотиптік корреляция коэффициенті қалай есептеледі?

  12. Корреляция коэффициентінің оң және теріс мағыналарында белгілер арасында қандай айырмашылық болады?

  13. Альтернативті белгілер үшін корреляция коэффициенті қалай есептеледі?

  14. Қандай жағдайларда рангілік корреляция коэффициенті қолданылады?

  15. Генетикалық корреляция коэффициентін есептеу формуласын келтіріңіз.

  16. Регрессия коэффициенті нені сипаттайды? Rx/y және Ry/x коэффициенттері арасында қандай айырмашылық бар?

  17. r мен R коэффициенттері арасында қандай айырмашылық бар?

  18. Репрезентативтілік қателер дегеніміз не? Олардың өлшеу және есептеу қателерінен қандай айырмашылықтары бар?

  19. Арифметикалық орташаның қатесін қалай есептейді?

  20. σ, Сv, r, R қателерін есептеу формулаларын көрсетіңдер.

  21. mx мағынасы іріктеу көлемі мен сигма мөлшері өзгергенде қалай өзгереді?

  22. Ықтималдылық сенімділігі дегеніміз не?

  23. Биологиялық, зоотехниялық және ветеринарлық зерттеулерде қандай ықтималдылық сенімділіктерді қолдануға болады?

  24. Ішінара іріктелген жиынтықтар көрсеткіштерінің дұрыстығын қалай анықтайды?

25. Ішінара іріктелген екі жиынтықтың орташа арифметикалық шамалар айырмашылығының дұрыстығын қалай бағалайды?

  1. Сәйкестік белгісі (хи-квадрат) дегеніміз не және ол генетикалық зерттеулерде қалай қолданылады?

  2. Дисперсиялық талдаудың мақсаты не? Жалпы, факториалды және қалдық дисперсия дегеніміз не?

  3. Қандай дисперсиялық кешендер болады? Олар қалай сипатталады?

  4. Бір факторлы дисперсиялық кешендер қалай құрылады және қандай қосымша көрсеткіштер есептеледі?

  5. Зерттелетін фактордың ықпалығының дұрыстығын бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?



2 Тұқымқуалаушылықтың цитогенетикалық негіздері
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті генетикалық және цитологиялық әдістер негізінде зерттейтін ғылымды цитогенетика деп атайды. Жасуша көбінесе жарық микроскобы көмегімен зерттеледі. Сонымен қатар, люминесцентті және ультракүлгін микроскоптар қолданылады.
Электронды микроскоптар жасуша құрылымын көлемі 8–10Аo (1 ангстрем 1 мм он миллионнан бір бөлігіне тең) ірі молекула деңгейінде көруге мүмкіндік береді.
Жасушаның құрылымдық элементтері филогенезде ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін көрсетеді. Мұнда ең басты рольді хромосомалар атқарады, оларда организм онтогенезінің генетикалық жоспары жазылады. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін зерттеуді жасушаның күрделі бөлінулері митоз бен мейоздан бастаймыз. Олардың өту барысында хромосомалардың құрылысы мен жүріс-қозғалысын зерттеуге мүмкіндік туады.
Жасушаның бөлінуі – барлық тірі ағзалардың көбеюлері мен жеке дамуы негізінде жатқан биологиялық үрдіс. Жасушаның көбеюі әр уақытта ядроның бөлінуінен басталады. Мұның мынадай үш түрі бар: амитоз, митоз және мейоз.
Амитоз – жасушаның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі, оны дұрыс бөліну деп те атайды. Амитоз (тура бөліну) кезінде аналық ядро, сол сияқты жасушаның қалған органеллалары ешқандай құрылымдық өзгеріске ұшырамай жай ғана екіге бөлінеді. Соның нәтижесінде екі жас жасуша пайда болады. Бұл жасушаларға ядро заттарының бөлінуі тең қатынаста емес, сондықтан олардың биологиялық тепе-теңдігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз арнайы ұлпалардың жасушаларында (картоптың крахмал түзгіш жасушалары), патологиялық жасушаларда (қатерлі ісік жасушалары) және қарапайымдыларда кездеседі.


2.1 Митоз
Митоз – жасушаның күрделі бөлінуі, ядроның бөлінуі (кариокинез) мен цитоплазма бөлінуінен тұрады (цитокинез). Митоздың барысында бір аналық жасушадан хромосома сандары мен түрлері аналық жасушамен бірдей екі жас жасуша пайда болады. Жас жасушалар арасында жасуша материалы теңдей бөлінеді.
Сабақтың мақсаты. Жасуша бөлінуімен танысу және митоздың фазаларын мен оларда өтетін үдерістердің суретін салу және зерттеу.
Тапсырма. Жасушаның профаза, метафаза, анафаза және телофаза жағдайын дайын немесе уақытша препараттар арқылы қарау және суретін салу.
Материал және жабдықтар. Пияздың немесе басқа өсімдіктің көлденең кесілген тамырының дайын препараты, жарықты микроскоп, сурет салатын, жамылғы және жабын шыны, фильтрлі қағаз, препаровальді инелер (үшкірленген), пипеткалар, ацетоорсеин бояғышы (кармин немесе лакмоид), 45% сірке қышқылы.
Әдістемелік нұсқаулар. Жасушаның профаза, метафаза, анафаза және телофаза жағдайын дайын немесе уақытша препараттар арқылы қарау және суретін салу. Пияздың тамырын бояуы бар ыдысқа салып, бояуланғанға дейін қыздырады. Бояуланғаннан кейін 45% сірке қышқылы тамызылған жабын шыныға ауыстырып жамылғы шынымен жабады. Боялмағанда 60оС температурада 10 минут гидролиздейді, содан кейін 5-6 рет су қосылған көк сияда ұстап, жабын шыныда сол бояуда езіп жамылғы шынымен жабады. Сосын микроскоппен қарайды.
Митоздық бөліну әр стадия келесіге байқаусыз өтетін үзіліссіз үдеріс болса да, зерттеу ыңғайлы болуы үшін бес фазаны көрсетуге болады (профаза, прометафаза, метафаза, ана­фаза, телофаза).
Екі бөліну арасындағы интерфазада маңызды үдерістер жүреді: G1 –циклында нуклеотидтердің, амин қышқылдарының, ферменттердің және т.с.с. жинақталуы; S циклында нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) мен ақуыздардың синтезі; G2 (синтезден кейін) РНҚ және басқа заттардың синтезі жалғасады.
Интерфазада әрбір бастапқы хромосома ядро материалынан өзінің дәл көшірмесін синтездейді. Интерфазалық хромосомалар G2 кезеңінің соңында әрқайсысы өздігінен спиральданатын жеке жіпшелерден тұрады. Олар бір-біріне өте жақын орналасқандықтан бір құрылым болып көрінеді. Бөліну кезінде хромосомалар спиральданғанда олар ажырайтындай әсер болады.
Пресинтетикалық G1 фазасы кезінде жасушада биосинтетикалық үрдістердің барлығы жылдамдап, ДНҚ-ның екі еселенуіне дайындық жүреді. Осы кезде ДНҚ-ның екі еселенуін қамтамасыз ететін ферменттерді синтездейтін жасуша органеллалары (әсіресе, рибосомалар) жетіледі. Жасуша орталығының аналық центриолінде сателлиттер саны ұлғаяды. G1 фазасы бірнеше сағаттан тәулікке дейін, кейде одан да көбірек уақытқа созылады.
S фазасы кезінде хромосомалардың екі еселенуі (репликациясы) күрделі және баяу жүреді. Екі еселенудің мәні: ДНҚ тізбегінде тура сондай паралель тізбек синтезделеді. Репликация (лат. replication – қайталану) дегеніміз аналық ДНҚ-да сақталатын генетикалық ақпаратты жас жасушаға тура беру үрдісі. Бұл жағдайда ДНК-ның аналық тізбегі жас тізбекті синтездеуге матрица болады (ДНҚ-ның матрицалық синтезі).
Хромосоманың осы үрдісті жүргізуге арналған құрылымы болады. Хромосомада матрицалық синтезге қатыспайтын кішкене аймағы болады, ол – центромер. Центромер хромосоманы екі иыққа бөліп тұрады. Хромосоманың ұштарында да синтезге қатыспайтын бөліктері болады, олар – теломерлер.
Репликация әр иықтың орта белі – репликация инициациясының сайты деп аталатын бөлімшеден басталады. Теломерлерге дейін репликация жүріп, оларға жеткенде тоқтайды. Хромосоманың орталығына қарай жүрген репликация центромерлерге жете тоқталады. Нәтижесінде әрбір хромосомада ДНҚ-ның екі тізбегі болады. Әрбір тізбек айналасындағы қоршап тұрған ақуыздармен бірігіп, хроматиндер түзеді. S – фаза 8-12 сағат жүреді.
Цитоплазмада S фазасы кезінде тек қана ДНҚ тізбегі екі еселеніп қоймай, жасуша орталығының центриольдері де екі еселенеді. Аналық центриоль өзінің жаңа жас центриолін түзеді. Осыған дейін бала центриоль болған центриоль де өзінің жұбын түзіп, аналыққа айналады. Осы төрт центриольдің ішінде тек алғашқы аналық центриоль ғана микротүтікшелерді жинақтауға қатысады. ЭПТ-дың мембраналарында бір уақытта жаңа хроматидтер құрамына енетін ақуыздар синтезделеді.
G2 премитоздың немесе постсинтездік фаза кезінде бөліну үрдісін қамтамасыз ететін синтездер жүреді. ДНҚ және центриольдер саны жасушада екі еселенген. Осы кезеңде лизосомалардың түзілуі жылдамдайды, митохондриялар бөлініп, митоздың жүруіне аса қажетті жаңа ақуыздар синтезделінеді. Интерфазаның соңына қарай хроматин конденсацияланған, ядрошық жақсы көрінеді, ядро қабықшасы бүлінбеген, органеллалары өзгермеген. G2 фазасы 6 сағат жүреді.
Профаза кезеңінде негізгі үдерістер ядрода жүреді. Жарық микроскобымен зерттеген кезде ядрода хромосомалар айқындала бастайды. Алғашында олардың көрінісі жіп шумағы тәрізді, бұдан кейін хромосома жіпшелері қысқарады, жуандап, серіппеге айналады, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады. Диффузды хроматиннің жинақталуы және ДНҚ молекулаларының тығыз серіппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды. Профазаның алғашқы кезінде әрбір хромосома екі хроматидтерден тұратындығы анық көрінеді. Бұл жасуша цикліндегі интерфазаның S кезеңінде жүретін репликацияның нәтижесі.
Профазаның соңында ядрошық жоғалып кетеді, ал ядро қабықшасы ЭПТ элементтерінен босап жеке қысқа цистерналарға жіктеледі. Осының нәтижесінде нуклеоплазма гиалоплазмамен араласады. Ядрода нуклеин қышқылдарының синтезделуі тоқталады.
Метафазада (грек. meta - тысқары, кейін) хромосомалар толығымен айқындалып, жекеленіп көрінеді және ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метафазалық тақтаға жинақталады.
Диффузиялы хроматиннің жинақты пішінге ауысуы ядроның генетикалық материалының жас ядроларға бөлініп кетуін жеңілдетеді. Жарық микроскобымен қараған кезде хромосомалар әдетте ұзындығы әр түрлі жіпшелер тәрізді болып көрінеді, өйткені метафазалық тақтадағы жеке хромосомалардың пішіні мен мөлшері өсімдік түрлеріне сәйкес әр түрлі болып келеді. Метафазада хромосомаларды санауға болады.
Профазалық және метафазалық хромосомалар екіге бүктелген, ұзындықтары бірдей хроматидтерден құралған. Олардың әрқайсысы тығыздалған хроматиннен тұрады. Хромосомаларда оларды екі тең немесе тең емес иықтарға бөліп тұратын центромер бар.
Ахроматин жіпшелері хромосомның центромеріне бекінеді. Метафазада әрбір хромосоманың хроматидтері бір-бірінен ажыраса бастайды. Олардың арасындағы байланыс тек центромера тұсында ғана сақталады. Полюстерден тартылған жіптер метафаза тақтасы арқылы өтеді. Олардың біразы хромосоманың орталық центромеріне бекиді. Жіпшелердің жиынтығы ұршыққа ұқсас түзу пішін құрайды, сондықтан да митоздық ұршық деп аталады.
Митоздық ұршық – хромосомаларды митоздық тақтада бағдарлауға және хромосомаларды жасушаның полюстеріне бөлуге арналған аппарат.
Анафазада (грек. ana – жоғары қарай) әрбір хромосома туыстас хромосомаларға айналатын екі хроматидке біржола бөлінеді. Бұдан кейін ұршық жіпшелерінің көмегімен туыстас хромосомалар жұбының бірі ядроның бір полюсіне қарай, екіншісі екінші полюсіне жылжи бастайды.
Телофазада (грек. telos – соңы) туыстас хромосомалар жасушаның полюстеріне жетеді. Бұл профазаның кері көрінісі тәрізді: ұршық жоғарылап кетеді, полюстерге топталған хромосомалар босаңсып, болбырайды әрі ұзарады, сөйтіп олар интерфазалық хроматинге ауысады. Ядрошықтар пайда болады. Цитоплазмада әрбір жас ядроның саңылаулы қабықшасы түзіледі.
Телофазаның профазадан басты айырмашылығы: әрбір жас хромосома бір ғана хроматидтен тұрады, сондықтан да олардың ДНҚ саны екі есе кем. Хромосоманың екінші жартысы ДНҚ-ның редупликациялануының нәтижесінде интерфазалық ядро қалпына келеді.
Митоздың ұзақтығы 1-24 сағат созылады. Митоздың және одан кейінгі интерфазаның нәтижесінде жасушалар бірдей тұқымқуалаушылық ақпарат алады жән хромосомаларының саны, көлемі, пішіні аналық жасушамен бірдей болады.
Цитокинез. Анафазаның соңында, телофазаның басында цитоплазманың біртіндеп бөлінуі, яғни цитокинез басталады.
Жануарлар жасушасының экватор полюсінде қалтарыс пайда болады. Жасуша тақтасы деп аталатын бұл қалтарыстың пайда болуы ядроға жетпейтін, цитоплазмада бір-біріне параллель және перпендикуляр бағытта бөлінген көптеген талшықтардың пайда болуынан басталады. Бұл талшықтардың жиынтығының пішіні цилиндр тәрізді. Ол фрагмопласт деп аталады. Ұршық жіпшелері сияқты фрагмопластың талшықтары микротүтікшелердің топтарынан пайда болған. Фрагмопластың орталығындағы экватор бойында жас ядролардың аралығында құрамында пектин заттары бар Гольджи көпіршіктері жиналады. Олар бір-бірімен қосылып жасуша тақтасының түзіле басталуын білдіреді. Ал, оларды қоршаған мембраналар плазмалемманың құрамды бөлігіне айналады. Фрагмопластың талшықтары Гольджи көпіршіктерінің қозғалу бағытын реттейді. Жасуша тақтасы фрагмапласт талшықтарын біртіндеп ығыстырады. Ақырында ол аналық жасушаның қабырғасына жетеді, қалтарыстың пайда болуы екі жас жасушаның дербестенуімен аяқталады да фрагмопласт жойылады. Цитокинез аяқталғаннан кейін екі жас жасуша өсіп, аналық жасушаның көлеміне жетеді.

4-cурет. Митоз фазаларының схемасы

а,б – профаза; в,г – метафаза; д,е – анафаза; ж,з – телофаза.



Митоздың реттелуі. Интерфаза мен митозды зерттеу нәтижесінде жасушалардың жаңаруы жиі жүріп отыратын ұлпаларда анық көрінетін ортақ заңдылық анықталды.


Ол заңдылық көбею жолымен пайда болатын жаңа жасушалар саны өлетін жасушалар санына тең екендігін айқындайды. Яғни, ұлпаны түзуші жасушалар популяциясы өзін-өзі қадағалап, реттеп отыратын жүйе. Митозды зерттеуші ғалым Д. Мезианың айтуы бойынша әрбір жасушаға бөліну тән, бірақ кей жағдайларда бөліну тежелуі немесе тосқауылдануы мүмкін. Оның айтуына қарағанда жасушаның митоздық белсенділігін реттеу тежелу немесе тежеуді тоқтату принципіне сай жүреді. Кейде тежелуді кері қайтару мүмкінсіз болады. Митоздың белсенділілік немесе уақыт бірлігіндегі бөлініп жатқан жасушалар саны ауытқымалы.
Осы жолмен әр түрлі мүшелердегі жасушалардың митозының тәуліктік ырғағы анықталған. Көпшілік митоз ағзаның демалуы кезінде жүреді, ал мүше немесе ағзаның белсенділігі кезінде митоз саны төмендейді. Көптеген жағдайда бұл жасушалардың митоздық белсенділігіне гормондардың әсер етуінен болады. Мысалы, ауырсыну, тітіркену кезінде митоз санының төмендеуіне сол кезде көп мөлшерде бөлініп шығатын адреналин гормоны әсер етеді.
Митоздың тұқымқуалаушылықтағы маңызы:
- митоз эукариотты ағзалардың өсуі мен вегетативті көбеюінің негізі;
- аналық жасушада митоз барысында пайда болған генетикалық материал митоз кезінде жас жасушаларға тең бөлінеді;
- жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады;
- жас жасушалардың хромосомаларының саны бастапқы аналық жасушалардың хромосомаларының санына сәйкес;
- егер митоз үрдісі зақымданса хромосомалар саны ауытқиды, мұндай жағдайларда жасуша өледі немесе мутацияға ұшырайды.


Сүтқореқтілер бауырының ұлпа жасушаларындағы митоз.
2 тапсырма. Жануар бауырының ұлпа жасушаларындағы митоз стадияларын қарап, оның суретін салу.
Материал және жабдықтар. Бауырдың бір кесегі, микро­скоп, сурет салу аппараты, жабын және жамылғы шыны, фильтрлі қағаз, құм сағаты.
Реактивтер. Карнуа ерітіндісі бар құты (қолдануға дейін 1 - 2 сағ бұрын дайындалады, 96% спирттің 6 бөлігі, хлороформаның 3 бөлігі және мұзды сірке қышқылының 1 бөлігі), 70% спирті бар 2 құты, 96% спиртті құты, бутил спир­ті бар құты, ксилолды құты, дистилденген суы бар құты, жасыл метил + пиронин бояғышы (0,15 г жасыл метил және 0,25 г пиронин ерітіндісі мен 2,5 мл 90% спиртке 20 мл глицерин және 0,5% карбол қышқылын жалпы көлемі 100 мл дейін қосады), канадалық бальзам. Бояушы зат болмағанда 4 - 5 тамшы көк сия мен 5 - 6 тамшы тазартылған су.
Әдістеменің орындалуы. Бұзаудың немесе басқа лабораторялық жануардың жас бауырының шағын кесегін қаннан сүзгі қағазбен кептіреді. Бауырдың кептірілген кесегінен жамылғы шыныға жағынды жасау. Препаратты келесідей өңдейді: 10 мин Карнуа фиксаторына түсіреді, екі рет 5 мин 70° спиртпен жуу (екі құтыда), тазартылған суда 5 - 10 мин жуу. Жасыл метил + пиронин бояғыштар қоспасында бояу. 5 с тазартылғын сумен шайып жіберу. Препаратқа сүзгі қағазды жапсыру арқылы кептіру. Препаратты 5-10 мин 96% спиртке салу, одан кейін 5-10 мин бутил спиртіне, соңында 5-10 мин ксилолға салады. Препаратқа канада бальзамын тамызып, жамылғы шынымен жабады. Ұсынылған бояғышта ядро хроматині жасыл түске боялады, ядрошық пен цитоплазма қызыл түстің түрлі реңдеріне боялады.
3 тапсырма. Жануардың көкбауыр жасушасындағы митоз стадияларын көріп, суретін салу.
Материалдар мен жабдықтар. Жануар көкбауырың кесегі (5 мм3 артық емес), жарықты микроскоп, сурет салатын аппарат, жабын және жамылғы шыны, құм сағаты, сүзгі қағаз.
Реактивтер. Карнуа ерітіндісі бар құты, 70% спирті бар екі құты.
Әдістеменің орындалуы. Көкбауыр кесегінің қанын фильтрлі қағазбен кептіреді. Карнуа ерітіндісіне 10 мин салады, екі құтының әрқайсысында 5 мин 70% спиртпен жуады. Содан кейін көкбауыр кесегін жабын шыныға салып, жамылғы шынымен аздап езіп жабады. Препаратты микроскоппен қарап, митоз стадияларының суретін салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет