3.2.1 Моногибридті шағылыстыру
Моногибридті шағылыстыруда гаметалардың түзілуі
Типтік есептерді шешу. Шағылыстыру нәтижелерін талдау ата-ана жұптары түзейтін гаметалар түрлерін анықтаудан басталады. Гаметалар түрлерін нақты білу генетикалық есептеуді жеңілдетеді. Моногибридтік шағылыстыруда бұл есептеулер қарапайым болады. Жыныс жасушаларының пісіп жетілген кезінде мейоз өтетіндігі белгілі. Мейоздың барысында жұп хромосомалар және олардың құрамындағы гендер екі жасушаға ажырайды. Осының нәтижесінде жұп аллельді гендердің біреуі гаметаға түседі.
Мысалы АА, Аа және аа генотипті организмдер түзейтін гаметаларды жазу қажет. Мейоз кезінде гомозиготалы АА организмі А гені бар бір түрлі гамета береді. Осылайша, гомозиготалы аа организмі а гені бар гаметалар түзеді. Гетерезиготалы Аа организмі мейоз кезінде А және а гендері бар екі түрлі гамета түзейді (әр түр 50 % - дан).
Басқаша айтқанда, гетерозиготаларда доминантты А генінің гаметалар санымен рецессивті а генді гаметалар санының арақатынасы 1:1 болады.
Тапсырмалар
1. Дарақтарда пайда болатын гамета түрлерін жазыңдар:
а) ВВ генотипті
б) Вв генотипті
в) вв генотипті.
2. Неше түрлі гаметалар түзеді:
а) доминантты белгісі бар гомозиготалы дарақ;
б) доминантты белгісі бар гетерозиготалы дарақ;
в) рецессивті белгісі бар дарақ.
3. Еркек дарақтың генотипі Nn. Бұл дарақта неше түрлі сперматозоидтар түзіледі? Дарақта пайда болған әр түрлі сперматозоидтардың арақатынасы қандай болады? Бұл арақатынас негізіне қандай биологиялық үдеріс жатады?
4. Егер Mm генотипті ұрғашы организмде М гені мейоз барысында жұмыртқа жасушасына түссе, m гені қайда түседі?
5. Күзендерде терінің стандартты түсі (А) алеут, көк (а) түстен доминантты. Гомозиготалы стандартты күзен, алеут түсінің аллелі бойынша гетерозиготалы стандартты күзен және алеут күзендері неше түрлі гаметалар түзеді?
3.2.2 Толық доминанттылық жағдайында тұқым қуалау
Есептерді шығару әдістерін талдау
Г.Мендель ашқан заңдылықтар ата – ана генотиптері белгілі болғанда ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, гомозиготалы қара сиырмен қызыл бұқа шағылыстырылсын. Ірі қараның қара түсі (B) қызыл түске (b) қарағанда доминантты екені белгілі. Бұл шағылыстыру нәтижесінде ұрпақтардың түстері қандай болатындығын анықтау қажет.
Алдымен есеп шартын қысқаша жазуды үйрену маңызды болып табылады. Оған гендер және олар анықтайтын белгілер туралы және ата – ана генотиптері жөніндегі мәліметтер жатады.
Белгілер мен гендер туралы мәліметтерді екі баған және екі жолдан тұратын кесте түрінде жазу қолайлы (төменде қара). Бірінші графаға белгілерді (қара және қызыл түс), екінші графаға гендер жазылады.
-
Белгі
|
Ген
|
Қара түс
|
B
|
Қызыл түс
|
b
|
«Белгі – ген» кестесін құрғаннан кейін ата–ана генотиптері жөніндегі мәліметтерді жазады. Есеп шарты бойынша сиыр қара түс белгісі бойынша гомозиготалы, яғни оның генотипі ВВ (рецессивті белгісі бар организм әрқашан гомозиготалы; есептер шартында бұл айтылмайды). Жалпы есеп шарты былай жазылады: Р. BВ х bb.
Есеп шартын жазып, ұрпақ генотипі мен фенотипін анықтауға көшеді. Ол үшін алдымен әрбір ата–ана қандай түрлі гаметалар түзетіндігін табады. Мейоз барысында гомозиготалы қара сиыр тек В гені бар жұмыртқа жасушаларын, қызыл бұқа b гені бар сперматозоидтар түзейтіндігін көруге болады.
Ата–ана генотиптерінің астындағы жолға гамета түрлерін, төменге ата – ана гаметалары қосылуы нәтижесінде пайда болған ұрпақтардың (Ғ1) генотиптері жазылады. Ұрпақ фенотипі генотиптердің астында көрсетіледі. Осылай, есеп шарты және оның шешуі былайша жазылуы мүмкін (1 суреттегі схеманы қара).
Белгі
|
Ген
|
Қара түс
|
В
|
Қызыл түс
|
b
| Р. ВВ х bb
Гамета Р. В b
Ғ1 Вb
Ғ1 фенотип қара
1-cхема. Толық доминанттылық. Есеп шартын жазу.
Бұл схема Мендельдің бірінші ережесін немесе бірінші ұрпақ гибридтерінің біркелкілігі ережесін көрсетеді. Ол былайша айтылады: бір немесе бірнеше аллельді гендер жұптары бойынша айырмашылығы бар гомозиготалы организмдерді шағылыстырғанда барлық бірінші ұрпақ гибридтерінің генотиптері біркелкі және доминантты белгісі болады.
Қаралған жағдайда гомозиготалы қара сиырлармен қызыл бұқаны шағылыстыру нәтижесінде барлық ұрпақ қара түсті болады.
Жануарлардың генотиптері гетерозиготалы (Вb) болады.
Гетерозиготалы бірінші ұрпақты (Ғ1) өзара шағылыстыру нәтижесінде алынған Ғ2 дарақтарының генотиптері мен фенотиптерін анықтау қажет дейік. Ғ1 жолына ата – ана генотиптерін (Вb) жазып, олар неше және қандай түрлі гаметалар түзейтіндігін анықтайды. Әрбір ата – ана екі түрлі гаметалар түзейтіндіктен, ұрықтану барысында гаметалардың әртүрлі комбинациялары болуы мүмкін. Олар үш түрлі әдіспен анықталады.
Бірінші әдіс бойынша гаметалар комбинациялары мүмкіндігін схеманы (2 схема). қолдану арқылы анықтайды. Схемада көрсетілгендей В гені бар жұмыртқа жасушасы осындай гені бар сперматозоидпен ұрықтана алады. Осы жағдайда ұрпақтың генотипі ВВ болады. Осымен қатар, В гені бар жұмыртқа жасушалары b гені бар сперматозоидпен де ұрықтана алады. Бұл жағдайда ұрпақтың генотипі Вb болады. Бірінші түрлі жұмыртқа жасушаларын ұрықтандырғанда басқа комбинациялар болуы мүмкін емес.
Ғ1 ♀ Вb х ♂ Вb
қ қ
Гаметалар Ғ1 В b В b
Ғ2 ВВ Вb Вb bb
қ қ қ қызыл
3 қара 1 қызыл
2-схема. Толық доминанттылық. Бірінші әдіспен есеп шығару.
b гені бар жұмыртқа жасушасы жоғарыда айтылғандай В және b гендері бар екі түрлі спертазоидтармен ұрықтануы мүмкін. Бірінші жағдайда ұрпақтың генотипі Вb, екіншіде – bb болады. Гаметалардың басқа комбинациялары болмайды. Ұрпақтар генотипі бойынша 1 ВВ : 2 Вb : 1 bb арақатынасында ажырайды. Қара түс генінің (В) қызыл түс генінен (b) доминантты болуына байланысты алғашқы екі генотип дарақтары қара түсті, bb генотипті дарақтар қызыл түсті болады (фенотипі бойынша ажырау 3 қара 1 қызыл). Гаметалар комбинацияларының мүмкіндігін анықтаудың екінші әдісін генетик Пеннет ұсынды.
Екі түрлі жұмыртқа жасушаларын екі түрлі сперматозоидтармен ұрықтандырғанда төрт жасушалы тор құрады. Тордың графаларының үстіңгі бөлігіне сперматозоидтардың түрлерін, сол жағына жұмыртқа жасушаларының түрлерін жазады. Содан кейін, сәйкес келетін графалар мен жолдардың қиылысындағы тордың әрбір жасушасына сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушаларының гендерін жазады.
Ғ1 ♀ ВВ х ♂ Вв
қара қара
Гаметалар В в В в
♂ ♀
|
В
|
в
|
В
|
ВВ
қара
|
Вв
қара
|
в
|
Вв
қара
|
вв
қызыл
| Ғ2
Қиын жағдайларда Пеннет торын қолдану қателер болу мүмкіндігін азайтады.
Үшінші әдіс – алгебралық: ұрық және жұмыртқа жасушалары түрлерін (В + в) қосылғышы түрінде жазады, қосылғыштарды бір – біріне көбейтіп бірінші ұрпақтар ( Ғ1 ) генотиптерін алады:
( В + в ) · ( В + в ) = ВВ + 2 Вв + вв.
Үш әдістің барлығы бір нәтиже беретіндігін анықталды.
Қорыта келгенде, 2 cхема Мендельдің екінші ережесін немесе ажырау ережесін бейнелейтіндігін көруге болады. Оның мәні мынандай: гетерозиготалы дарақтарды шағылыстырғанда ұрпақтар генотипі мен фенотипі жағынан түрліше болады. Генотипі бойынша ажыраудың арақатынасы: 1 гомозиготалы доминантты (ВВ), 2 гетерозигота (Вв) және 1 рецессивті гомозигота, яғни ВВ : Вв : вв = 1 : 2 : 1.
В аллельі в аллеліне толық доминанттылық көрсеткенде фенотипі бойынша ажырау 3 доминантты 1 рецессивті болады, яғни В : в = 3 : 1.
Достарыңызбен бөлісу: |