Тапсырмалар 1. Күзендерде стандартты (жабайы) түс (С) ақ түстен (альбинос – с) доминантты. Анықтау қажет:
а) гомозиготалы стандартты күзенді альбинос күзенімен шағылыстырғанда алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін;
б) альбинос күзенді стандартты ақ түс аллелі бойынша гетерозиготамен шағылыстырғанда ұрпақтардың генотипі мен фенотипі қандай болады.
2. Ірі қара және шошқалардың тұқым қуалайтын аурулары – порфирия, қан мен басқа ұлпаларда порфириннің жиналуына және организмнің күн сәулесіне сезімталдығына байланысты.
Ауру көз, мұрын және басқа жүн жамылғысымен қорғалмаған мүшелерінде қотырлар пайда болуымен көрінеді. Порфирин (р) гені өзінің қалыпты аллеліне қарағанда рецессивті.
Ғ1 қандай ажырау болатындығын анықтау қажет:
а) егер ата – анасы сау, бірақ порфирия гені бойынша гетерозиготалы болса;
б) егер ата – анасының біреуі порфириямен ауырса, екіншісі порфирий гені бойынша гетерозиготалы болса;
3. Иттерде салпаң құлақ (Н) тік тұратын құлақтан доминантты. Анықтау қажет:
а) егер тік тұратын гені бар салпаң құлақты гетерозиготалы ұрғашы итті тік тұратын құлақты еркек итпен шағылыстырғанда Ғ1 – тың генотипі бойынша ажырауы қалай болады?
б) екі гетерозиготалы салпаң құлақты иттерді шағылыстырғанда Ғ1 фенотипі бойынша қалай ажырайды?
4. Шошқаларда бітік тұяқтылық аяқтың қалыпты құрылысты болуынан доминантты (жұп тұяқтылар). Ұрпақта қандай ажырау болады:
а) егер гетерозиготалы бітік тұяқты қабан гетерозиготалы бітік тұяқты шошқамен шағылыстырылса;
б) егер қалыпты аяқты қабан (жұп тұяқты) осындай шошқамен шағылыстырылса;
3.2.3 Аллельді гендердің әртүрлі формалы әрекеттесуіндегі белгілердің тұқым қуалауы Доминанттылықпен қатар аллельді гендердің басқа формалары кездеседі. Оларға 1) толық емес доминанттылық, 2) аралық доминанттылық, 3) жыныспен байланысты доминанттылық, 4) кодоминанттылық жатады.
Типті есептерді шығару. Толық емес доминанттылық. Толық емес доминанттылықта АА, АА' және А' А' генотиптеріне сәйкес келетін 3 фенотипті ұрпақтар туады. Гетерозиготалы организмдердің (АА') доминантты А генімен анықталатын белгісі болғанмен гомозиготадан (АА) белгінің кем дәрежелі дамуымен ерекшеленеді.
Кейбір кезде белгілер аралық жағдайдан ауытқып атасының не анасының доминантты белгісіне қарай ығысады. Мұндай жағдай толық емес доминанттылық (толымсыз) деп аталады.
Мысалы, кеудесі, бауыры және аяқтары ақ сиырды қара түсті бұқамен шағылыстырса олардан туған бұзаудың түсі біркелкі болғанмен аяғында немесе денесінің басқа жерлерінде ақ теңбілдер болады.
Аралық доминанттылық. Гендер әрекеттесуінің осы формасында екі аллельдің біреуі де екіншісінен доминантты емес.
Толық емес доминанттылыққа қойлардың құлақтарының тұқым қуалауын келтіруге болады. Сыртқы құлақтың қалыпты дамуы А геніне байланысты. Оның аллелі а гені құлақсыздыққа әкеледі. Гетерозиготалы (Аа) дарақтар орташа құлақты. Орташа құлақты саулық орташа құлақты қошқармен шағылыстырылсын. Бірінші ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтау үшін есеп шартын «белгі - ген» кестесі түрінде және ата – ана фенотиптері орташа құлақты болғандықтан олар гетерозиготалы (Аа), сондықтан А және а гендері бар екі түрлі гаметалар түзеді. Бірінші ұрпақтың фенотип бойынша ажырауы – 1 құлақтың қалыпты дамуы, 2 орташа құлақты және 1 құлақсыз болады (1: 2 : 1).
Бұл жағдайда аллельдер әр түрлі индексті бір әріппен белгіленеді (мысалы, В және В'). Гетерозиготалы ВВ' фенотипі бойынша гомозиготалы ВВ және В'В' аралығында орын алады. Аралық тұқым қуалау толық емес доминанттылыққа жақын және кей жағдайда екеуінің айырмашылығын айыру қиын. Мысалы, андалуз тауықтарының қара қауырсын түсі В геніне, ақ қауырсын - В' геніне байланысты; ВВ' гетерозиготаларда қауырсын түсі аралық – көк түсті болады.
Мысалы, көк тауық сондай қоразбен шағылыстырылсын. Гендер туралы мәліметтерді «белгі - ген» кестесі түрінде және ата – ана генотиптерін жазып, ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаймыз. Алдымыздағы мысалдағы тәрізді Ғ1 қара, көк және ақ болып ажырау 1 : 2 : 1 арақатынасында болады.