Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет37/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Шортгорн малында R гені қызыл түсті, R' гені ақ түсті анықтайды. Гетерозиготалы жануарлар шұбар түсті. Анықтау қажет:
а) ақ сиыр мен шұбар бұқаны шағылыстыру нәтижесінде бірінші ұрпақтардың түстерін,
б) шұбар сиыр мен шұбар бұқаны шағылыстыру нәтижесінде Ғ1 ұрпақ фенотиптерін.
2. Күзендер түстерінің қоңыр болуы Д геніне, ақ болуы Д' генімен байланысты.
Гетерозиготалы дарақтар түстері арқаларында қара жол бар ақшыл (кохинурлы күзендер). Анықтау қажет:
а) кохинулы күзендерді бір – бірімен шағылыстыру нәтижесінде ұрпақтардың фенотипі мен генотипін.
б) бірнеше ұрпақ бойы көп сұрыптау жолымен кохинур күзендерінің ажырамайтын линияларын шығаруға бола ма?
3. Қойларда Р гені тұқылдықты, Р' гені мүйізділікті қамтамасыз етеді. Бұл аллельдер жұбының доминанттылығы жынысқа байланысты. Қошқарларда Р' (мүйіздің болуы) тұқылдан доминантты, аналықтарда Р (тұқыл) мүйіздің болуынан доминантты. Анықтау қажет:
а) Мүйізді аналық қой мен тұқыл қошқарды шағылыстырғандаֽ Ғ1 – тың ажырауын;
б) айтылған шағылыстыруда ұрғашы ұрпақ кімнің белгісін (атасы немесе анасы) тұқым қуалайды.
в) егер ата – ана екеуі гомозиготалы болса, мүйізді қошқар мен тұқыл аналық қойды шағылыстырғанда Ғ1 ажырауын;
г) айтылған шағылыстыруда еркек және ұрғашы ұрпақтар кімнің белгісін (атасы немесе анасы) тұқым қуалайды.
4. Ірі қара қанында А және В түрлі церулоплазминдер анықталған. Олардың болуы кодоминантты тұқым қуалайтын CpА және CpВ аллельдерімен қамтамасыз етіледі. Церулоплазмин түрлері бойынша Ғ1 ажырауын анықтау қажет:
а) егер ата – ана гетерозиготалы болса;
б) егер ата – ана генотиптері CpВ / CpВ және CpА / CpВ болса.


3.2.5 Көптік аллельдер
Жоғарыда геннің екі аллельді күйінің болуы А және а немесе Р және Р', моногибридті шағылыстыру жағдайлары қаралған. Бірақ бір геннің өзі үш және одан артық аллельді күйлерде болуы мүмкін. Мұндай геннің барлық аллельді күйлерін бір әріппен бірақ әртүрлі индекстермен белгілейді.
Жұп аллельдер жағдайы тәрізді көптік аллельдерде организм бір уақытта бірдей немесе геннің жалпы сериясының екі аллелін алады. Жыныс жасушасына екеуінің біреуі ғана түседі.
Типтік есептерді шығару. Мысалы, үй қояндарында жүн түсін анықтайтын С гені төрт аллельді: гені С жабайы сұр түсті (агути), СJh аллелі шиншилла, СJ – гималай түсті анықтайды, с аллелі пигменттің болмауымен (альбинизм) байланысты. Аллельдердің әрекеттесуі төмендегі символдармен белгіленген доминанттылық ережесіне бағынады. Доминанттылыққа байланысты аллельдер келесі қатарға орналасады:
С > cJh > ch > с. Генотиптер мен фенотиптер келесі кестеде көрсетілген:

Ген

Генотиптер

Фенотиптер

С

СС; СcJh; Сch; Сс

Агути

cJh

cJh cJh

Шиншилла

ch

ch ch ch с

Гималай

c

сс

Альбинос

Мысалы, альбинизм гені бойынша гетерозиготалы агути үй қояны, гималай түсі бойынша гетерозиготалы шиншилламен шағылыстырылды. Бірінші ұрпақ ажырауын төменгі генетикалық схема түрінде көрсетеміз.
Р Сс х cJhch
Гаметалар С с х cJh ch
Ғ1 СcJh Сch cJhс chс
фенотип Ғ1 2 агути 1 ақшыл шиншилла 1 гималай.
Схемаға сәйкес қаралған түрдің шағылыстыруының Ғ1 арақатынасы 2 : 1 : 1 агути, ақшыл шиншилла және гималай түсті үш фенотип ұрпақтары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет