Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Жас ерекшелігіне қарай тұлғаны психологиялық дайындауда қолданатын заманауи психодиагностикалық зерттеу



бет38/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

15 дәріс. Жас ерекшелігіне қарай тұлғаны психологиялық дайындауда қолданатын заманауи психодиагностикалық зерттеу
Дәріс мақсаты:Студенттерге жас ерекшелігіне қарай тұлғаны психологиялық дайындаудың қазіргі кезде қаншалықты өзекті тақырып екендігі, әлеуметтік ортаға психологиялық даярлаудың маңызы жайлы практикалық білім беру.
Дәрістің жоспар:

  1. Интеллектуалды дайындық.

  2. Әлеуметтік–психологиялық дайындық.

  3. Физиологиялық дайындық.

Әдебиеттер тізімі:
1.Психологическая служба в школе / Под. ред. Э.М. Верник и др. – Таллин, 1983.
2.Тетенькин Б.С. Психологическая служба школы. – Киров, 1991.
3.Раттер К. Помощь трудным детям. – М., 1995.

Адам әдеттегі ортасын өзгертіп, өміріндегі жаңа кезеңге аяқ басқанда, жаңа қоғамдық жағдайға бейімделеді. Жалпы, бейімделу кезеңі - тұлғаның әлеуметтік ортадағы жағдайларына белгілі бір ережелерді қабылдау мен меңгеру арқылы белсенді түрде бейімделу жолымен жүзеге асады. Бейімделу барысында жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік рөлдерге ие болады, және сол арқылы ары қарай дамиды. Ал екінші жағынан, әлеуметтік тәжірибе жинап қана қоймай, тұлға өз белсенділігін көрсетіп, жеке дара болып дами түседі.


Тұлға мен ортаның өзара әрекеттесуіне алғаш мектеп себеп болады. Мектеп балаға қоғам қажеттілігіне сай белгілі мінез-құлық пен іс-әрекет үлгілерін бере отырып, қоғам құндылықтары мен нормаларын жеткізеді. Бала үшін, шын мәнісінде, мектеп әлеуметтік өмірдің алғашқы және негізгі үлгісі болып табылмақ. Білім берудің алғашқы сатыларында бала қоғамға белсенді түрде бейімделіп, алғаш нормалармен танысады.
Әр түрлі авторлардың (О.В. Панферова, Н.В. Вострокнутова, Л.С. Иванова, М.Р. Битьянова и т.б.) бағыттарын талдай келе баланың ортаға бейімделу сипатын бейнелейтін даму кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

  1. Эмоционалдық деңгей. Бұл баланың эмоционалдық көңіл-күйі мен үрейлену немесе тепе-теңдік жағдайын басынан кешіруі. Ф.Б.Березин тұлғаның қоршаған ортаға бейімделу процесін көрсете келе, үрейлену, эмоционалдық стресс, шектен тыс эмоционалдық ашушаңдық бейімделудегі қателіктердің дамуы негізінде жатқанын, ал үрейленудің белгілі деңгейге көтерілуі мінез-құлықтың бұзылуына әкеліп, қалыпты бейімделуге бөгет болатынын көрсетеді. Сондықтан да, оқушының мектепте оқу кезіндегі алғашқы айларының эмоционалды сәтті өтуі оның сол ортаға бейімделу сипатын бейнелейді.

Эмоционалдық деңгейді диагностикалау үшін үрейленуді анықтайтын әртүрлі әдістемелер бар.

  1. Когнитивтік деңгей. Когнитивтік деңгей деп біз өзіндік сана-сезімнің даму деңгейін, сонымен қатар балада мектеп жайлы белгілі бір пікірінің, көзқарасының, бағыт-бағдарының болуы деп түсіндіреміз. Бейімделу процесінде бала санасында әлеуметтік тұрмыстың жаңа нормаларын қабылдау процесі жүреді. Осылайша «мен» бейнесінің қалыптасып, өзінің қоғамның бір бөлшегі екенін, қоғамдық ролін, орын алған статусын саналы түрде түсінеді.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1–сынып оқушысы жаңа ортаға келеді. Мектепке үйрену үшін оған біраз уақыт қажет болады. Әрбір жаңа жағдай бала үшін белгісіз, таныс емес болғандықтан, баланың қорқынышы жоғарылап, созылмалы аурулардың көріністері байқала бастайды. Міне, сондықтан да бейімделу кезеңінің ерекшеліктері жайлы ғана емес, осы кезеңде балаларға қалай қолдау көрсетуді де білген маңыздырақ.
Сонымен, 1-сыныпқа келген бала алдынан не күтуге болады. Біріншіден, көп балалармен, ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі туындайды.
Мектепке бейімделудің екінші бір маңызды процесі бала физиологиясының мектеп талаптарына, күн тәртібіне сай келмеуі болып табылады. Сабақта 40 минут бойы материалды қабылдаудағы қиындықтары мен шыдамдылық қасиеттері оқушыларға ауыр тиеді, сондықтан да бұған ең алдымен педагогтар ерекше көңіл бөлуі қажет.
Баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр.
Психологиялық дайындықтың құрылымы мынандай бөліктерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет