Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: марганец диоксиді, калий хлораты, азот қышқылы (сұйыт), сілті ерітіндісі, марганец (ІІ) тұздарының ерітінділері, натрий сульфитінің кристалдары, темір купоросы (FeSO4.7H2O), күкіртсутек ерітіндісі, натрий сульфиді ерітіндісі.
|
1. Марганецтің реакция ортасына байланысты тотығуы. Төрт сынауыққа немесе қағазға бөлек-бөлек төрт тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызыңдар. Бірінші тамшыға ешнәрсе қоспай салыстыру үшін қалдырыңдар. Екіншісіне су (бейтарап орта), үшіншісіне қышқыл (қышқылдық орта), төртіншісіне сілті тамызыңдар (сілтілік орта). Екінші, үшінші, төртінші сынауықтарға тотықсыздандырғыштар, мысалы натрий сульфиті кристалдарын Na2SO3 қосыңдар (үш жағдайда да сульфит сульфатқа дейін тотығады). Бейтарап ортада сульфаттан басқа марганец диоксиді және сілті, қышқылдық ортада марганец екі валентті тұзы, калий тұзы және су, төртіншісінде манганат және су түзіледі. Реакция теңдеулерін жазып, ерітінділердің түстерін белгілеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |