кешенді қосылыстары
Абайлаңдар( Қорғағыш көзілдірікпен жұмыс істеу қажет.
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа зиянды.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М ортофосфор, фторсутек және сірке қышқылдары, 0,01 М аммоний тиоцианаты, кобальт (ІІ) тұзының қаныққан ерітіндісі, спирттің эфирмен қоспасы, калий нитратының кристалдары, 0,5 М темір (ІІІ) хлориді, кобальт хлориді, аммоний хлориді, аммиактың концентрлі ерітіндісі, никель (ІІ) хлоридінің гексагидраты, аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісі.
|
Кешенді аниондарымен қосылысы.
Темір (ІІІ) фосфаты кешенінің алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлоридін құйып, 1 тамшы 0,01 М аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 М ортофосфор қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Темір (ІІІ) фториді кешенінің алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйып, оған 2 тамшы 2 М аммоний тиоцианатын және 2 тамшы 2 М фторсутек қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |