Кобальт (ІІ) роданиді кешенінің алынуы. Сынауыққа 2 тамшы қаныққан кобальт тұзы ерітіндісін құйып, оған 5-6 тамшы қаныққан аммоний тиоцианаты ерітіндісін қосыңдар. Алынған тиоцианат ерітіндісінің түсін жазып алыңдар. Түсі өзгергенше сумен араластырыңдар да, оған 2 тамшы спирттің эфирмен қоспасын қосыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, түсінің өзгеруін бақылаңдар. Бақылаған құбылыстарды сипаттаңдар.
Калий гексанитритокобальтатының (ІІІ) алынуы. Сынауыққа 3-4 тамшы қаныққан кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісін және калий нитритінің бірнеше кристалын салыңдар. Оған 1-2 тамшы 2 М сірке қышқылын қосыңдар. Қоспаны қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Тұнбаға не түседі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |