Есептеулер: Мына теңдеу бойынша қалыпты жағдайда газ көлемін V0 есептеңдер: V0 Р0/Т0= VP/T
00C және 101,3 kПа-да 1 л ауаның массасы 1,293 г-ға, ал 1л сутек массасы -0,089 г-ға тең екенін ескере отырып, құты көлеміндегі ауа массасын m3немесе сутек массасын m4 есептеңдер.
Бос (ауасыз) құтының тығынмен массасын табыңдар: m5= m1- m3.
Құты көлеміндегі көміртек диоксидінің массасын табыңдар: m6= m2- m5.
Ауа бойынша көміртек диоксидінің Dауа(CO2) немесе сутек бойынша Dауа(Н2)(CO2) салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар. Көміртек диоксидінің салыстырмалы молекулалық массасын мына теңдеу бойынша есептеңдер:
M (CO2) = 29 Dауа (CO2). M (CO2) = 2 D(H2)(CO2).
M (CO2) = m6(22,4/V0 M(CO2) = m6(T/pV.
Жазуларды мына тәртіппен орналастырған ыңғайлы:
Құтының тығынмен және ауамен массасы.
2. Құтының тығынмен және (CO2)- мен массасы.
3. Құты көлемі (белгіге дейін).
4. Тәжірибе кезіндегі абсолют температура (273+t).
5. Атмосфералық қысым (барометрді лаборанттан аласыңдар).
6. Қалыпты жағдайға келтірілген ауа көлемі.
7. Құты көлеміндегі ауа массасы.
8. Құты көлеміндегі (CO2) массасы.
9. Ауа бойынша (CO2) тығыздығы.
CO2-нің молярлық массасы (салыстырмалы молекулалық масса). Тәжірибенің абсоютті және салыстырмалы қателігін анықтаңдар.