1. Сутек пероксидін алу. Сыйымдылығы 50 мл химиялық стаканға 20 мл 5 % H2SO4 құйыңдар да оны суытқыш қоспаға (қар немесе мұздың NaCl мен қоспасы) орналастырыңдар. 1 г барий пероксидін суытылған H2O2 ерітіндісіне араластыру арқылы аз мөлшермен қосыңдар. Мұнда ерітіндінің температурасы 00С-дан жоғары болмау керек (не себепті?). Суытуды тоқтатпай түзілген тұнбаны (оның құрамы қандай?) тұндырыңдар да, мөлдір ерітіндіні бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған H2O2 ерітіндісін келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.