Қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер: темір, кобальт және никель жоңқалары, 2 М және концентрлі күкірт қышқылы, 2 М және концентрлі тұз қышқылы 2 М және концентрлі азот қышқылы 0,5 М кобальт (ІІ) тұзының, 0,5 М никель тұзының ерітінділері, 40% және 2 М натрий гидроксиді, 0,5 М қаныққан кобальт хлориді ерітіндісі, 0,5 М никель сульфаты , бром суы, 70% күкірт қышқылы.
Сынауықтарға жеке-жеке темір (кобальт немесе никель) үгінділерін салып, сұйытылған (2 М) және концентрлі азот, күкірт, тұз қышқылдарын құйыңдар. Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздыру қажет.
Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Ерітінділер қандай түске боялады? Концентрлі азот және күкірт қышқылдарының суықта және қыздырғанда әрекеттесу айырмашылықтарын қалай түсіндіруге болады?
Fe, Co, Nі элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттаңдар. Өздеріңнің байқауларыңның нәтижесінде элементтен элементке ауысқанда қасиеттерінің өзгеруінің қандай тенденцияларын көрсете аласыңдар?
№ 110 жұмыс. Элементтердің гидроксидтерін алу және олардың қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |