1. Темір (ІІ) тұздарының қасиеттері. 1. Әмбебап индикатор көмегімен темір (ІІ) сульфаты ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар. Оған натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазып, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
2. Мор тұзы ерітіндісіне калий гексацианоферрат (ІІІ) (қызыл қан тұзын) ерітіндісін құйыңдар. Не алынады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция не үшін қолданылады?
3. Күкірт қышқылымен қышқылданған темір (ІІ) тұзы ерітіндісіне калий перманганатының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Темір (ІІ) тұздарының калий перманганатымен және дихроматымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
Темір (ІІ) қосылыстарының тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш қабілеттері туралы қорытынды жасаңдар. Темір (ІІ) тұздары хлор, бром, иод суларымен тотыға ма (стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалының мәндерін қараңдар)?