3. Фераттардың қасиеттері және алынуы. Сынауыққа ұнтақталған калий гидроксидінің аз мөлшерін (құрамында карбонаты жоқ) салып, оған 3-5 тамшы темір (ІІІ) хлориді және 2-3 тамшы бром қосып қыздырыңдар. Түзілген калий ферратының түсін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қоспаға су қосып, ерітіндіні 3 сынауыққа бөліңдер.