4. Кобальт (ІІ) тұздарының қасиеттері. Сынауыққа сусыз кобальт (ІІ) хлориді кристалдарының аз мөлшерін салып, оны ылғалдаңдар. Түсі қалай өзгереді? Оған концентрлі хлорсутек қышқылын қосыңдар. Ерітіндінің түсі қандай?
Кобальт (ІІ) сульфаты ерітіндісі бар бірінші сынауыққа күкіртсутекті су, ал екіншісіне натрий сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Никель (ІІ) тұздарының қасиеттері. Стаканға 50 см3 су құйып, үстіне 5-6 тамшы никель тұзы ерітіндісін және сондай көлемде аммиак ерітіндісін қосып, араластырып тұрып спиртті диметилглиоксим ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Не түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Екі сынауыққа 1-2 тамшы никель тұзын салыңдар да, біріншісіне 3-4 тамшы күкіртсутекті су, екіншісіне 3-4 тамшы аммоний сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Сынауықтың қайсысында тұнба түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.