Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


n - саны элементтің валенттігіне (В



бет64/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

n - саны элементтің валенттігіне (В) тең болуы керек. Егер n бөлшек сан болса, онда нақты валенттілік жалпы n санына жуық бүтін сан болу керек. Эквиваленттің молярлық массасының мәнін валенттікке көбейтіп, металл атомының молярлық массасын табамыз.
Металдың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау үшін калориметр мен қыздыратын аспап керек. Қарапайым калориметрді бір-біріне кигізілген әртүрлі көлемдегі стакандардан жасауға болады (23-сурет). Ішкі стаканға су құйылады, ал қалғандары жылу өткізбейтін қабат ретінде қолданылады. Стакандардың арасындағы жылу ұстап тұратын кеңістікті жақсарту үшін оған мақтаны нығыздап салып қояды.



Металл түйірін алып, оның бетін зімпара қағазымен тазартып, 0,01 г дәлдікке дейін өлшендер. Металды мықты жіп арқылы шыны таяқшаға байлап, металл су жылытқысының түбіне тимейтіндей оның үстіне орнату керек. Металды қайнап жатқан судың үстінде 20

23-сурет. Калориметр

минуттай ұстау керек. Су жылытқысында қайнап жатқан судың температурасын өлшеп жазып алыңдар.

Осы температураны металл қызатын температура деп есептеңдер. (t0Ме). Калориметрдің ішкі стаканына өте дәл өлшенген 100 мл су құйып, оның температурасын өлшеңдер (t0су). Калориметрді қайнап жатқан су жылытқысының қасына қойып, қызған металды мүмкіндігінше тез калориметрдің стаканына салып, металл суға толық батып тұратындай, бірақ стакан түбі мен қабырғаларына тимейтіндей орналастырыңдар. Калориметрді қайнап жатқан су жылытқысынан алып тастап суды термометрмен абайлап үздіксіз араластыра отырып, температураның өзгеруін бақылаңдар. Есептеуді температура максимумға жеткенше әрбір 30 секунд сайын жүргізіңдер, одан соң темература түсе бастайды. Тәжірибені бірнеше рет (кемінде 2 рет) жасаңдар.
Есептеу үшін орташа мәнді алыңдар. Металдың меншікті жылу сыйымдылығын теңдік бойынша есептеңдер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет