13. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
13.1 Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БАОӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының дәрісханадан тыс жұмысы.
13.2 БАОӨЖ екі қызмет атқарады - кеңес беруші және бақылаушы.
Оқытушы білім алушыға кеңес береді:
- әрбір пәннен білім алушының өзіндік жұмысына;
- бағдарламаны игеруге қажетті материалдармен жұмыс істеуде;
- оқу материалдарын тереңдете оқытуға үйретуде;
- ғылыми жұмыс бойынша білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруда.
Оқытушы оқу материалдарын бекіту қарсаңында күрделі, қиын тақырыптар мен практикалық тапсырмаларды орындауға қиналған білім алушыға тақырыпты қайта түсіндіреді және жауабын тыңдауға мүмкіндік беруі тиіс.
БАОӨЖ-ның бақылаушы қызметі - аралық, ағымдағы және қорытынды бақылау барысында білім алушының білімін бағалауды жүзеге асырады.
БАОӨЖ кезінде білім алушы бақылау, курстық жұмыстарын орындауға тапсырмалар алады, оқытушыдан кеңес алады.
13.3 БАОӨЖ бойынша жоспар құрылымы:
- тақырыптың атауынан;
- сабақтың мақсатынан;
- сабақтың түрінен;
- тапсырмалар мен сұрақтар тізімінен;
- әдістемелік нұсқама, тарату материалдарынан;
-әдебиеттерден тұрады.
13.4 БАОӨЖ бойынша ұсынылатын жұмыстар:
- бағдарлама бойынша білімді меңгеру және бекіту: пікірталас өткізу, ұсынылған тақырыптар бойынша баяндаманы қорғау, ақпараттық кестелерді толтыру;
- есептік-графикалық, семестрлік, үй жұмысы тапсырмаларымен жұмыс жасау;
- өндіріс жағдайында іскерлік ойындарды жүргізу, кейс құрастыру, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
- күрделі есептерді талдау және шығару, кеңес беру:
- ғылыми баяндамаларды, рефераттарды, эсселерді, бизнес жоспарларды жасауда, кейс құрастыру және т.б. үшін оқу әдебиеттерін саралауда;
- семестрлік, есептік-графикалық, курстық жобалар бойынша;
- ағымдағы және аралық бақылау сұрақтары бойынша;
- топтық жоба, презентация, эссе, дөңгелек столдар, іскерлік ойындарға және т. б. дайындауда;
- оқу курсының терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар дайындауда;
- зертханалық, практикалық (семинар) сабақтардың қорытындылары нәтижелерін талдау, өңдеу бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |