Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстардың клиникалық жіктелуі.
Созылмалы АГ (жүктілікке дейін болған).
Гипертониялық ауру.
Екіншілік (симптоматикалық) АГ.
Гестациялық (жүктілікпен индуцирленген) АГ.
Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия.
Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия.
Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.
Созылмалы артериялық гипертензия – жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.
Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.