Молекулярлық қабаты, а-жұлдыз тәрізді клетка,б-корзинка трізді клетка, в-пуркинье клеткаларының дндриті
Ганглиозды қабат, г-пуркинье клеткасының денесі, д-корзина тәрізді нейронның аксонының тармақтары
Дәнді қабат
Сипаттамасы; Мишық (лат. cerebellum) — дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін және дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіретін, орталық жүйке жүйесінің мүшесі — мидың бір бөлігі. Мишық — сыртқы қатпарлы сұрзаттық мишық қыртысынан және ішкі ақзаттан тұрады. Мишық қыртысы үш қабаттан: сыртқы — молекулалы, ортаңғы — ганглионды жөне ішкі — дәнше қабаттардан тұрады. Мишықтың сүрзаты: жұлдызша, себетше, алмұрт тәрізді және дәнді нейроциттерден құралған. Мишықтың ақзаты — мишықты мидың басқа бөліктерімен байланыстыратын өткізгіш жолдарды құрайтын миелинді жүйке талшықтарынан тұрады.