Берілген тақырыптардың барлығына мәлімет беру және презентация жасап қорғау.
Deadline: 29.09.22
Шетел тілінен білім берудің парадигмасы.
1.1 Шетел тілінен білім берудің әдістемелік жүйесі: шетел тілінен білім берудің мақсаты, әдістері, мазмұны, ұстаным - қағидаттары және технологиялары (әдістері, құралдары, интерактивтік және ақпараттық технологиялар, т.б.).
1.2 Шетел тілінен білім берудің жалпы еуропалық деңгейлік моделі.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық, психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.

- инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;
- ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.
Тіл білімінің деңгейін объективті бағалау мәселесі шетел тілін оқытатын және оларды оқитын адамдар үшін үнемі маңызды мәселе болып табылады. Осыған байланысты Еуропа Кеңесі «Жалпы еуропалық шетел тілін меңгеру құзыреттіліктері» жобасын әзірледі, ол Еуропа мен басқа елдердің шетел тілі оқытушылары 1971 жылы бастаған қарқынды жұмысының нәтижесі болып табылды. Жобаның мақсаты барлық еуропа тілдері үшін қолдануға болатын бағалау және оқыту әдістерінің ұсыныстары болып табылады. Жоба құзыреттіліктер жүйесін бірыңғай жинаққа жинап, тілді меңгеру дескрипторларын іріктеудің нақты критерийлерін, тіл қызметінің барлық түрлері мен олардың стратегиялары үшін шетел тілін қалай оқыту және құзіреттілігін қалай бағалау керек екендігі бойынша нақты критерийлер беріп, тілді меңгеру деңгейлерін анықтады.