Педагогикалық қарым-қатынас руханилықты қалыптастырудың факторы ретінде.
Қарым-қатынас - рухани құбылыс ретінде. Қарым-қатынас ойымен, құпиясымен, білімімен, әсерлерімен алмасу ретінде. Педагогтың жастарға деген тұлға ретінде, кәсіби-әңгімелесуші және мұғалім ретінде қажетті болуға талпынуы. Студентке (оқушыға) өз танымы мен әлемге деген түсінігі бар қоршаған әлемді бағалаудағы толыққанды күрделі жүйе ретінде қатынас. Диалогтыққа, тәубешлікке, ашықтыққа екі жақты ден қою.
Жанжал педагогикалық қарым-қатыныстың компонеті (құрамдасы) ретінде. Жанжал жағдайындағы өзара байланыстың барысында адамдардың бірін-бірі тануының тұлғалық даму мүмкіндігі.
Қарым-қатынастың жанамалы және тікелей түрлері. «Әлеммен адам сияқты әңгімелесу – жанамалы қарым-қатынастың мәні».
Қарым-қатынастың эстетикалық үлгісі - әлемді игерудің объективті атрибуты ретінде. Қарым-қатынастың эстетикалық түрі, оның өндіріске, эстетикалық құндылықтарды сақтауға, игеру мен тапсыруға бағыттылығы. Эстетикалық қарым-қатынастағы эмоционалдылық, эстетикалықтың қарым-қатынас мүшелерінің күйзелісі мен уайымы түрінде көрінісі. Қарым-қатынас мүшелерінің тілдік қызметі – эстетикалық эмоцияларды білдірудің тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |