- Оқытушы мен білімгердің арасындағы оқу тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын, болашақ мамандардың кәсіпке бейімделуін шыңдайтын кәсіптік мамандық қатынасының түрі.
Қарым қатынасты моделдеу
Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру
Қарым қатынасты меңгеру
Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау
Қарым қатынасты моделдеу - Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттерімен тығыз байланысты болады. Әрбір топта қарым қатынас үрдісінің өзгешелігі болады, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым қатынас әсер етеді. Сабаққа әзірленудің белгілі үлгісі мынадай; бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған қоса алдағы уақыттағы қарым қатынасты ұйымдастыруды болжау, оның үстіне мұның соңғы айтылған аспектісі қалған барлығына, соның ішінде оқыту тәсілдеріне де ықпал етуі мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |