Топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру деп аталады. Тәжірибеде және жүргізілген зерттеулерде қарым қатынастың бұл кезеңінің ерекше маңызды екендігі аңғарылады. Қарым қатынас инициативасын табысты болған жағдайда мұны шартты түрде “коммуникативттік шабуыл” деп атауға болады.
Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен қарым қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Қарым қатынасты меңгеру
Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативті міндеттерді шешеді. Қарым қатынас барысында оқу тәрбие ақпаратын нақтылаудың оны педагогикалық үрдістің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, білімгерлердің дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы бар
Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау
Педагогикалық қарым қатынастың төртінші кезеңі жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау. Оқытушы қарым қатынастың осал жақтарын да айқындай білуге, білімгерлермен өзара әрекет жасаудағы байланысына қаншалықты қанағаттанғандығын талдап, ұжыммен алдағы болатын қарым қатынас жүйесін жоспарлауы тиіс.