- ҚУАТ АЛМАСУЫ
- Зат алмасуы барысында үнемі қуат (энергия) өндіріліп тұрады. Тағамдық заттармен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалды энергиясы жылу, механикалық және электрлік күйге ауысады. Бұл түзілген қуат тек ағза температурасын сақтап және жұмысқа пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар жасушалық құрылыс элементтерін қалпына келтіруге, ағзаның өсуі мен дамуына қажет болады.
- Тағамдық заттар тотыққанда бөлінетін жылу – алғашқы жылу. Мұнда қуаттың үлкен үлесі жылуға айналып, ал аздаған бөлігі АТФ синтезіне пайдаланылады. АТФ-те жинақталған қуат механикалық жұмысқа, химиялық тасмалдауға, электрлік процестерге жұмсалады.
- Соңында жылуға айналып екінші ретті – соңғы жылуды түзеді. Жылу бірлігі – калория немесе джоуль.
Достарыңызбен бөлісу: |