Презентация тақырыбы: Әдеби мұра және оны игеру мәселелері. Қазақ эпосын Р. Бердібаев, Ш. Ыбыраев зерттеуі



Дата07.02.2022
өлшемі388,97 Kb.
#90764
түріПрезентация
Байланысты:
1240 debi m 1201 ra prezentatsia

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Әдеби мұра және оны игеру мәселелері. Қазақ эпосын Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев зерттеуі.


Орындаған: Тұрлыбек А.
Тобы: Фи-11-1к2
Қабылдаған: Халықова Н.
Қырқыншы жылдардағы қазақ әдеби сыны екі кезеңге бөлінді
Соғыс жылдарындағы
Соғыстан кейінгі
Соғыс жылдарында көркем әдебиет аз шығып, әдеби басылымдар жабылып қалғанына байланысты қазақ әдебиеті өзінің қарқынды дамуын бәсеңдетті десек те, әдеби өмірдің ағысы тоқтаған жоқ.
Әдеби процесс отызыншы жылдардағыдай бұрқ-сарқ қайнап жатпаса да, әдеби сын көркемдік даму ұсынып отырған мәселелерді уақтылы шешуге араласып отырды.
Қазақ әдебиетінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Ормановтар өнімді еңбек етсе, майданда Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, Ж.Саин, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Сейітов, Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов сияқты ақындар қару жастана жүріп қаламды қолдарынан тастамады.
Жамбыл бастаған халық ақындарының даңқы жайылып, олардың отаншылдық рухтағы өлең-жырлары кеңінен тарап жатты.
Осы кездегі сында Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, С.Төлешев, Б.Шалабаев, А.Лекеров, М.Бөжеев,
Қ.Жармағамбетовтар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев сияқты белгілі ақын-жазушылар да сынға ара-кідік араласып қойып отырды.
Күндіз-түні майдан жаққа көз тігіп отырған халық майдангер ақын-жазушылардың баспасөз беттерінде жарияланып тұрған өлең-жырларын қызыға оқып жатты.
Аз болса да шығып жатқан көркем шығармаларға, баспасөз бетінде жарияланып жатқан жаңа туындыларға пікір білдірген сын мақалалары сирек те болса жарияланып тұрды.
Соғыс жылдарында жазылған еңбектер
Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің бүгінгі міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4)
М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік Қазақстан», 1941, 30-шілде)
Қ.Бекхожиннің «Ерлікті жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде)
Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек)
Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша) т.б
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы кітабының жарыққа шығуы соғыс кезіндегі қазақ әдеби өміріндегі ең бір елеулі оқиға болды. Бұл кітаптың басылып шығуына сол кездегі республика басшылығы идеологиялық тұрғыдан рұқсат бермеді. Сол кезде Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы болған ұлтын сүйген азамат Б.Кенжебаевтың қауіпке қарамастан тәуекелге бел буған азаматтық әрекетінің арқасында ғана бұл шығарма жарыққа шығады.
Пікіралысуда «Абай» және роман туралы» тақырыпта баяндамашы Е.Ысмайылов романның қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығарма екендігін дәлелдей отырып, оның көркемдік қадір-қасиетін, сыр-сипатын жан-жақты саралап берді. . Баяндама негізінен сол кездің идеологиялық талаптары тұрғысынан жасалды
Ғ.Мүсіреповтің «Абай» жайлы пікірлері төмендегіше тұжырымдалған: «Абай» романы бүгінгі қазақ совет әдебиетінің жаңа белі; бұл – «роман» деген үлкен ұғынысқа толық жауап беретін қазақ әдебиетіндегі бірінші роман. «Абай» - шын мағынасында Европалық озық әдебиеттердің піскен, сыналған үлгісімен жазылған роман.«Абай» - тарихи-қоғамдық тартыстарға құрылған, шын мағынасындағы қазақ халқының бір дәуірдегі шын өмірін, өздігін түгел көрсете алатын роман.
Соғыс жылдары қазақ әдебиеттануында өткеннің мәдени мұраларына назар көбірек бөлінді. Жауды жеңу үшін советтік патриотизм туралы жылтыр сөздердің аздық ететіні байқалып, халықтың рухын көтеретін ұлы күш – ұлт батырларының ел қорғаудағы ерліктерін үлгі ету қолға алынды. Бұрындары жабық болып келген ұлттық батырлар, батырлық эпостар қолға алынып, зеттеліне бастады.
Осы кезде тіпті орыс отаршылдарына қарсы күресіп өткен Кенесары Қасымұлы туралы да мақалалар шыға бастады. 1943жылы белгілі орыс ғалымдары Грековтың, Дружининнің, Кучкиннің, Бернштамның, Панкратованың, Вяткиннің қатысуымен, Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы М.Әбдіхалықов пен белгілі ғалым А.Панкратованың редакциясын басқаруымен «Қазақ ССР тарихы» жарық көрді
Осы кітапқа Кенесары қозғалысы туралы тарауды Е.Бекмаханов жазды. «Қазақ ССР тарихының» әдебиетке қатысты тарауларын М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев жазысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Г.Сайынқызы «Әдебиетті өнер табиғатына сай оқыту» Қазақ тілі 2.С.Мақпырұлы «Оқушылардың әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптас-тыру мәселесі» Қазақ тілі 3.Қазақ және әлем әдебиеті./ Әдебиет сабағын оқытудың көкейкесті 4.Қоңыратпаев Ә. «4-7 Класстарда әдебиетті оқыту методикасы». Алматы. 5.«Қазақ тілі және әдебиеті» журналы, //Технология талаптары және 6.Бітібаева Қ. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі». Алматы. Рауан, 7.Мұхтарова Э."Орта мектепте шығарма жаздырудың әдісі", Алматы, 2002

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет