Тәрбие сағатының мақсаты:
ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру
Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.
Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев
Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К.Д.Ушинский
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский
«Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар Ы.Алтынсарин
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман
Музыка ойнайды оқушылар Вальс билеп ортаға шығады
І-жүргізуші:
Армысыздар, Ұстаздарым -әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалар
ІІ-жүргізуші:
Ұстазым-саф алтын , діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін
Бүгінгі мереке күніңе
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Құрметті ұстаздар, ата- аналар мен оқушылар 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
1- жүрг.
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанынқалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Хор: Ұстазым
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Мақпал ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: АЙҒАНЫМ , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-жүрг.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
1- жүрг
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1-Жүргізуші: Біз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
3-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
4-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
5-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
6-оқушы
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
7-оқушы
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
8-оқушы
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
9-оқушы
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
10- оқушы
Ұстаздардың шаршамайтын еңбегіне таң қалам
Ұлылықпен ,даналықпен өмір заңын талдаған
Талай ғасыр құпиясын ашып келген ғаламның
Сол арқылы сүйемін мен қасиетін даламның
11 - оқушы
Сол ұстаздың мерекесі елім бүгін тойлайтын
Жақсы тілек ,адал ниет ұстазға әркез ойлайтын
Мен де қосам сол тілекке биіктерден асатын
Бақытты боп жанұясы, ұстаз мәңгі жасасын
Хор: «Ұстазым!»
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4-қонаққа сұрақ: «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, , білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшыларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» Жарылқасын Жансая
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Ән: Манатай Жансаяның орындауында «Мектебім»
2- жүргізуші
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды оныншы сынып баршаңды.
Өлең Өскен Бөрғазының «Ұстаз монологы» орындайтын Сайлау Айғаным
2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, -дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін «Қыздар – ай» биімен ортаға шақырамыз.
Көрініс: Басқар Битанов «Үйге тапсырма».
Қатысушылар: Әкесі мен баласы.
Әкесі (сахнаға газет оқып шығады). Тә-әк... Ауа рйы... Батыстан баяу жел еседі... Баяу ескені қалай сонда? Жел де әр жерге бір тоқтап, демалып барып есетін болғны ма? Хм!..
(Сахнаға баласы шығады. Қолында бір парақ қағазы бар. Онысын әкесінен жасырғансиды.)
Әкесі: Немене, әй, ұры ит құсап жылмаңжылмаң етесің...
Баласы: Сабағымды тексерші...
Әкесі: Қандай сабақ?
Баласы: Үйге берілген тапсырманы.
Әкесі: Пәлі деген, сендерге де тапсырма береді екен-ау, ә! Қане, қане, әкелші бермен.
Баласы:(бір парақ қағазды ұсынып). Ұрыспайсың ба?
Әкесі: қуын қара гөр, алдынала қорғанысқа көшеді тағы.(Бір парақ қағазды әрі-бері аударып-төңкеріп қарап, түкке түсінбейді). Әй, ноқай, мынау не?
Баласы: Ол сурет.
Әкесі: Қандай сурет?
Баласы: Мұғалім: «Өздерің жақсы танитын кісінің суретін салып келіңдер» деген...
Әкесі:Мынау кімнің суреті?
Баласы. Сенің...
Әкесі: Әй мынау менің суретім бе? Адам ба, маймыл ма мынау? Мына бір бомбы түскендей боп жатқан не қылған шұңқыр?
Баласы. Ол ауыз.
Әкесі:Кімнің аузы?
Баласы. Сенің.
Әкесі: Әй, сумұрын, менің аузым өстіп... қасқырдың апанындай боп қап па?
Баласы. Өткенде өзің ғой «Адамның аузы не, қасқырдың апаны не-бәрібір. Қолына түскенін солай қарай тасиды. Мына мен колхоздың жеті жылқы, сегіз сиырын осы аузыма сыйдырып жібергенмін» деп мақтанып едің ғой...
Әкесі:Өшір үніңді! Тсс! Тірі жан естімесін! Есуас-ау, соның бәрін мен жалғыз жедім бе?Ана шешеңнің шцбасын қадан алдық? Қарыс жерге машинамен барғың кеп дымың құрап тұрады. Ал ол машина қайдан келді? О, маубас! Ал мына даладай болып жалпайып жатқан немене?
Баласы. Бет...
Әкесі. Кімнің беті?
Баласы. Сенің.
Әкесі. Әй, менің бетім бір-ақ уыс қой. Ал мынауың стадион ғой, стадион!...
Баласы. Өткенде өзің ғой: «Адам болам десең – бетің қалың болсын. Ұялма. Пайданы көріп тұрып ұялғанзиян» деп ақыл айтқан...
Әкесі. Ту-у, мынау бір кеше екен ғой-ей! Әй, мен саған сонда... Қап мынаны-ай! Ал мына салбырап тұрған немене?
Баласы. Құлақ.
Әкесі. Кімнің құлағы?
Баласы. Сенің.
Әкесі. Атаңның басы! Немене мен саған пілмін бе, жоқ әлде есекпін бе? Мына құлақтың тесігі ошақтың аузындай, желбезегі жетіп тұр ғой, ноқай-ау.
Баласы. Өткенде өзің ғой: «менің құлағым жеті қабат жердің астындағыны естиді. Ертедегі Саққұлақ менің қасымда ақпақұлақтың нақ өзі. Мен туралы кім не дейді-локатірім шиін шығармай жазып алады» деп мақтанған.
Әкесі. Ту-у, мынаған дауа жоқ екен ғой-ей. Әй, мен саған сонда.. Қап, қанды ішті-ау мынау, қанды ішті! Ал мына бір ирелеңдепжатқан не пәле?
Баласы. Қол.
Әкесі. Кімнің қолы?Әрине менің қолым! Солай ма?! Ал ол неғып алақан жайып тұр?
Баласы: Сен көршілерден не болса соны сұрай бересің ғой...
Әкесі. Әне! Бұларға көртышқан құсап көр-жерден дүние жинасаң да жақпайсың. Ой, жарымес!Ал мына таяқ не қылған таяқ?
Баласы. Таяқ емес –аяқ...
Әкесі. Кімнің аяғы? Менің бе?
Баласы. Иә... Өткенде колхоздың шөбін ұрлағанда... қарауылдың итіне жеткізбей кетіп ең ғой...
Әкесі. Жап аузыңды! Суретшілін мұның! Суретін салсаң әкеңнен басқа адам құрып қалыпты ма? Ана етігін шешуге икемі келмейтін шешеңнің суретін салсаң бетіне шешек шыға ма, а?! «Бояушы-бояушы дегенде сақалын бояды» деп...Мұғалім саған қайтсең де әкеңнің сақалын бояп кел деген жоқ шығар! Пахпах, худо-ожник!... Бері келші бері, ху-до-ожнигіңді шығарайын!...(Қуа жәнеледі).
1-жүргізуші.
Үйренген әрбір өнерді,
Барлық бала өнерлі
Әрбір сөзі мәнерлі
Әсем әннің шебері
Біздің әншілер Гүлбану мен Торғын
Бір ән салып береді.
ӘН: _____________________________________________
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
1- Жүргізуші: Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2- жүргізуші Айғаным , сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
Сұрақтар:
1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
№6 билет . Ұстаз болу қиын ба?
№7 билет Ұстаздық жолға қалай келдіңіз?
№8 билет Сіздің сүйікті ұстазыңыз?
№9 билет Сіз үшін шәкірт қандай болуы тиіс?
№10 билет Ұстаз туралы ән айтып беріңіз?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
1-Жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ұстазға әркім басын ию керек
Кемеңгер ақылды деп білу керек
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы
Жеткізген осы күнге ұстаз деп білу керек.
Аяулы ұстаздардың құрметіне қазақша би
ІІ-жүргізуші:
Шәкірттерін азамат қып саналы
Ұстаз-ана , дана бола алады
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Манатай Жансаяның орындауында
Ән « »
2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралыөлең сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Байділдаев Сағынтай Аналарға . Орындайтын: Сайлау Мақпал
1-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың нақыл сөздеріне берсек.
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
.Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.
Ұстаз – анаңдай ұлы.
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi ұшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
.Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.
.Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз.
1 – жүргізуші Бастауышта тұңғыш қолға алғаш қалам алғызған, әріптерді салғызған Салима апай бірлестігіндегі апайларға мейрамдарыңыз құтты болсын дейміз
2 - жүргізуші Математика – ғылымдардың патшасы, осы патшалық әлеміндегі Сайлау ағай бастаған ұстаздар қауымына шексіз ризамыз.
1 - жүргізуші бастаушы тіл әдебиетті меңгертіп , ғасырлар сырын шерткен, аса құрметті ұстаздардың ұстаздары бар гуманитарлық бірлестік, мереке құтты болсын!
2 - жүргізуші Табиғат тылсымына бойлай енген, жаратылыс тану бірлестігінің мұғалімдеріне шәкірттік жүректен мың алғыс!
1 - жүргізуші Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы деген қағида ұстанып жүрген Марат ағай бастаған денешынықтыру бірлестігіне бас иеміз, шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші Мектебімізде тазалық сақтап, бізді ұстаздармен бірлесе тәрбиелейтін Әжіғали ағай қарамағындағы апайлар мен ағайларға сәбилік жүрекпен алғыс айтамыз.
2 – жүргізуші
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
1- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Хор: Мектебім
Достарыңызбен бөлісу: |