Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады
бет 6/9 Дата 20.12.2021 өлшемі 1,43 Mb. #104137
Байланысты:
Этика 9. Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады. 10. Білім беру ұйымының басшысы: 1) Кеңесті қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді ; 2) Кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етеді ; 3) Кеңес жұмысына жағдай жасайды және жәрдем көрсетеді. 11. Кеңес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. 12. Кеңестің төрағасы мен хатшысы бірінші отырыста Кеңес құрамынан көпшілік дауыспен сайланады. 13. Кеңес хатшысы Кеңестің дауыс беруіне және кеңес отырысына шығарылатын мәселелерді талқылауға қатыспайды. Кеңес хатшысы Кеңестің іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін тұлға болып табылады: мүшелер мен шақырылған адамдарды кеңес отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабардар ету , Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын жасау , хаттама жүргізу және оны сақтау , өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау , сондай-ақ Кеңестің атына келіп түсетін хаттарды тіркеу. Кеңес хатшысы Кеңес шешімдерінің орындалу мониторингін қамтамасыз етеді және олардың нәтижелері туралы кеңес мүшелеріне жеткізеді. 14. Кеңес төрағасы Кеңес отырыстарын шақырады және күн тәртібін белгілейді. Кеңестің мүшелері: 1) отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді ; 2) Кеңес отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады ; 3) Кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысады. Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша және (немесе) білім беру ұйымы басшысының ұсынысы бойынша және (немесе) Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін. Достарыңызбен бөлісу: