Программа «история и культура великой степи»



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата21.11.2023
өлшемі289,74 Kb.
#192542
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Боплан Г. Л. 
Описание Украины // Гийом Левассер-де-Боплан и его историко-географические труды 
относительно Южной России / Пер. В. Г. Ляскоронского. Киев, 1901. С. 24–25.
43
Орысша «пушечное мясо» мағынасында.
44
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 300, 217.
45
Вернадский Г.В. Монголы и Русь. С. 288–289.


114
А. Қ. Көшкімбаев
палардың арасындағы қанқилы шайқас тағдырын, жас бозбалалардан құралған қанаттық жан
-
кешті соққылары шешкенін, сөйтіп бұл өзбек қолбасшысының өліміне алып келгені жазылады
46

1391 жылдың 18 маусымында Қондырша өзені маңындағы сұрапыл шайқаста Тоқтамыс
терең қанаттық маневрді (тұлғама) қолдана отырып Темір әскерінің тылына өтпекші болады. 
Бұл тактикалық іс-шараны жасау үшін ол, «оң қанаттың негізгі жасағының (канбул) қасынан 
өте Темір әскерінің тылына бағытталып, Қара өзен (?) жағасын ұстап тұру үшін жау әскері өте 
бастаған. Алайда Жаһаншах-баһадүр мырза әскерін сапқа тұрғызып, олардың жолын кесті де кері 
тықсырып тастады. Одан кейін Құлыншақ-баһадүр шабуылға шығып, қарсы тараптың қосынын 
кейін шегіндірді», – деп жазады Шами. Ал Йаздидің, Тоқтамыстың жасақтары оң қанаттың кан
-
булын басқаратын «қажы Сайф ад-Дин әмір басқарған әскердің тылына өткісі келгенін», алайда 
олар «жарқыраған семсер мен өткір жүзді найзаның күшімен тойтарып тасталғанын» жазады
47

Бұған қарамастан, алтынордалықтар, Омар-шейх баһадүр (Темірдің ұлы) мырза орналасқан сол 
қанатқа әскерін алып өтіп, олардың тылын бұзып өту арқылы арттан соққы беру үшін тіпті өз 
жауынгерлік шебінің «орталық және әскер қанаттарын» құрып алады. Тек Темірдің уақытылы 
оралуы ғана Тоқтамыс әскерінің қауіпті соққысының алдын алады
48
. Байқағанымыздай, Тоқта
-
мыс, өзінің оң қанаттан сол қанатқа маневр жасауы арқылы Темір жауынгерлік шебінің әлсіз 
тұсын байқап көрмекші болған. 
Кейінгі деректерде, қарсыласты тойтарып, тылына шығу мақсатында қанатынан соққы 
беру тактикалық әдісі «тұлғама» деп аталды. Бұл сөз «тұлқамақ» («тұлғама», «тұлқамыш» 
түрлерінде де кездесуі мүмкін) етістігінен шықса керек, мағынасы – қамау, айналдыра қоршау, 
айналып өту деген мағынаны береді. Ал «шайқасу тәсілінде қарсыластың қанатына немесе 
тылына шабуылдау немесе айналып өтуді білдіреді»
49
. «Тұлғаманың» толық мағынасы Захир 
ад-Дин Бабыр мен Мұхаммед Шайбани хан арасындағы ұрысты сипаттаған «Бабыр-намада» 
жазылған
50
. Тек аталған тактикалық әдіс, қарсылас әскери сабының орталығына синхрон
-
ды шабуыл жасау барысында жүзеге асырылатынына назар аудару керек. Жалпы «тұлғама» 
соғыс тәсілі моңғол дәуірі шайқастарына тән болған және оны кейін де көшпенділер кеңінен 
пайдаланған. 
XVI ғасыр авторы Михалон Литвин (литвалық ұлы князь кеңсесінің шенеунігі), татарлар
-
дың әскери тәсілі туралы былай деп жазады: «олар әрқашан шабуылды өздері бастап, атқылауға 
ыңғайлы болуы үшін қарсыласының сол қанатын қармап алуға тырысады»
51
. Г. Л. де Боплан да, 
шабуылдаған сәтте татарлар «әрқашан сол жаққа қарай атады, себебі оң жаққа атуға олардың 
мүмкіндігі жоқ еді»
52
деп баса айтады. 
46
Утемиш-хаджи.
Чингиз-наме. С. 116; 
Юдин В. П. 
Неизвестная версия гибели Урус-хана (из 
политической истории Восточного Дашт-и Кыпчака XIV в.) // Утемиш-хаджи. Чингиз-наме / Факсим., 
перевод, транскрип., текстолог. примеч., исслед. В. П. Юдина. Подготов. к изд. Ю. Г. Барановой. Коммент. 
и указат. М. Х. Абусеитовой. Алма-Ата: Ғылым, 1992. С. 81.
47
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 230, 322.
48
Сонда. С. 230–231, 324.
49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет