Программа «история и культура великой степи»



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата21.11.2023
өлшемі289,74 Kb.
#192542
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И.
Казахстан: летопись трёх тысячелетий. Алма-Ата: Рауан, 1992. 
С. 344; Султанов Т. И. Золотая Орда. Государство Чингизидов в Евразийской степи. Алматы: Мектеп, 
2004. С. 156.
50
Бабур-наме. Записки Бабура / Пер. М. Салье. 2-е изд., дораб. Ташкент: Гл. редакция энциклопедий
1992. С. 107.
51
Михалон Литвин.
О нравах татар, литовцев и москвитян / Пер. В. И. Матузовой. М., 1994. С. 66.
52
 Боплан Г. Л.
Описание Украины. С. 25.


115
Шыңғыс хан ұрпағының жаугершілік дәуіріндегі Ұлы даланың әскери өнері
Жылдамдықпен жүзеге асқан қарқынды шабуыл мен қолдан ату құралдарынан оқ жаудырту 
дәл осы жақтан жау әскерін көп шығынға ұшырататын. Жаудың сол қанатымен айқаста тактикалық 
басымдылыққа жету осы бөліктегі әскерді тойтарып тастаумен жиі аяқталып, жасақтардың үрейі 
ұшып қашуы және ақыр соңында әскердің бастапқы диспозициясының толық бұзылуына әкелетін.
Ұрыс тактикасында екі қанатқа бір мезгілде шабуыл жасау тәсілі де қолданылатын еді, бұл 
жағдай қарсылас қапталдарын кеңге жайылуына мүмкіндік бермеуді мақсат етсе керек. Темірдің 
ұлы Мираншахтың әскері Кура өзенінен өтіп, алтынордалықтарға қарсы шықты да «оң және сол 
жақтан шабуылдаған жаужүрек батырлар жеңімпаз қолымен және семсердің жүзімен жауларын 
қыра бастады. Жаудың тізесі дірілдеп, олар қаша жөнелді; жеңімпаз әскер сөйтіп оларды Дер
-
бенттен асыра қуып берді»
53
.
1395 жылдың сәуір айында, Терек өзенінің жағасында орын алған Темір мен Тоқтамыс ара
-
сындағы ең ірі шайқастың бірінде, екі әскер де әртүрлі тактикалық әдістерді қолданды, оның ара
-
сында ең бастысы қарсы тараптың қанатын айналып өту, қоршап алу тәсілдеріне басымдылық 
берілді. Темірдің жасағы жеті корпустан (қол) тұратын еді, қалқанмен қорғанған жаяу әскер ар
-
тында оларға қосымша ретінде турлар орналасты, ал алдыңғы шепте «жаужүрек-баһадүрлер» 
қолы бар болатын. Мұхаммед-сұлтан мырза авангардтан кейін тұрған негізгі корпусты басқар
-
ды. Сондай-ақ корпус қанаттары «жауынгерлік шептерді бұзып өтетін батылдармен» арнайы кү
-
шейтілген еді
54
, яғни осы арнайы соққы беру бөлімшесіне жаудың орталығын бұзып өту міндеті 
тапсырылған болатын. 
Темірдің өзі, әскерінен жырақта толық қаруланған ең үздік 27 қосынымен тылда орнала
-
сты. Алтынордалық әскер, жетекші оң, сол қанат және орталықтан құралатын дәстүрлі саппен 
тұрғызылып, осы атақты ұрысты бастады. «Осы сәтте сол қанаттағы әлдебіреу Күнше-оғлан, 
Бек-Жарық-оғлан, Ақтау, Дәуіт сопы, Тоқтамыс ханның күйеу баласы және Ұтырқы үлкен топ
-
пен Темірдің жеңімпаз әскерінің сол қанатына шабуылға көшкені туралы хабар әкелді. Жауын
-
герлік саппен тұрғызылған қосындарымен Темір дереу оларға қарсы шабуыл жасады. Ал ша
-
буыл жасаған әскердің тегеурінін көрген олар, тағдыр іспетті, арқаларын көрсетіп қаша жөнелді. 
Темірдің айналасындағы 27 қосынның кейбірі қашқандардың соңынан қуып берді, қашқан әскер 
қуып келе жатқандарға кенет қарсы шабуылға шығып, оларды тойтарып тастады, кейбірін Темір
-
ге дейін қуып тықты, бір бөлігін қырып салды, ал қалған бөлігі жан-жаққа тым-тырықай қаша 
жөнелді. Осының әсерінен қосындар араласып кетті, ал әлгі (Тоқтамыс жауынгерлері) қайратта
-
нып, алға шығып, Темірге оқтала түсті»
55

Жауынгерлеріне дереу садақпен оқ жаудыртқан Шейх Нұр ад-диннің шешуші іс-қимылы 
ғана алтынордалық оң қанаттың қауіпті шабуылын қайтара алды. Темірдің жауынгерлері, жаудан 
қолға түсірген арбалардан жертасалық қалқан-бекіністерге ұқсайтын қорғаныс жасауға мәжбүр 
болды. Үлгеріп жеткен өзге қосындар қорғанысқа көшіп, алтынордалықтардың алапат теге
-
урінінің бетін қайтаруға тырысты. Тоқтамыстың әскері «жасақ арты жасақ келіп жатты, шабуыл 
үстінен шабуыл үдетіп жатты және (үлкен) жігер төкті», ал Темір жауынгерлері «асыға-үсіге 
тізерлей отыра қалып (сукдамиши карде), жебелер атып жатты»
56

Алайда жошылық жауынгерлердің әрекеттері нәтижесіз болып шықты. Ол аз болғандай 
Темірдің қолбасшылары Тоқтамыстың оң қанатын бұзып жарды. «Сол қапталдың шеткі қанатын
-
да (канбул) жүрген Худадад Хусайни, Күнше оғлан жанынан өтіп, қарсыластың оң қапталының 
53
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 298–299.
54
Сонда. С. 332.
55
Сонда.
56
Сонда. С. 333.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет