Программа «история и культура великой степи»



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата21.11.2023
өлшемі289,74 Kb.
#192542
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
116
А. Қ. Көшкімбаев
шеткі қанатында, Темірге қарсы шайқасып тұрған Ақтау (адамдарының) тылына шығып, оларға 
жебелер жаудыра бастады. Осы сәтте Мұхаммед-Сұлтан мырза өзінің сапты, толық қаруланған 
қосындарымен бірге көмекке жетіп Темірдің сол жағынан ұрысқа араласты. Барлық жаужүрек
-
тер (баһадүрлер) бірлесіп лап берді, жау әскерін бірден шабуылдап, жалтыраған семсерлер және 
отты найзалар соққыларымен қарсыластың оң қанатын қашырды
57
. Алайда, сол уақытта, басқа 
қанаттағы айқас дәл осы жағдайдан мүлде бөлек бағытта өрбіген сыңайлы. «Оң қапталдың шеткі 
қанатында тұрған Қажы Сайф ад-дин біраз қиын жағдайда қалып қойған еді, өйткені Иса би және 
Бақсы қожа әмір басқарған қарсыластың сол қапталы оны тықсырып, айналып өтіп қоршауға 
алған болатын»
58

Тоқтамыс жасақтарының үздіксіз шабуылдары және қиянкескі ұрыстар көрсеткендей, ал
-
тынордалықтар, шабуылда найзалар, семсерлер және «лақтыру найзаларын» (жыда болуы мүм
-
кін) қолданған, ал қарсы тұрған жақ «оларды жебелердің күшімен тойтарып отырған». Темір 
жақтан көмекке жетіп үлгерген Жаһаншах-баһадүрдің түмені осы бөліктегі ұрысты одан сайын 
қыздыра түсті. Келісе қимыл жасай отырып Темірдің қолбасшылары үлкен жігермен қарсылас 
сол қанатының шабуылын тойтарып, тықсырып тастай алды. «Екі жақ та айқаса кетіп бір-біріне 
аяусыз семсерлері мен шоқпарларын сермеп, найзаларын лақтырып жатты»
59
. Қанқұйлы қырғын 
шайқас «Жошы ханзадаларының», олардың әмірлері мен нояндарының жеңілісімен аяқталды
60

Ортағасырлық түркі және моңғол әскерінің ұрыс алаңында қанаттармен соғысуы олардың такти
-
калық өнерінің сипатты белгілері еді. 
Түркі-моңғол көшпенділерінің әскери дәстүрінде алғашқы орналасқан ру немесе тайпа жа
-
уынгерлерінің саптық орны әдетте мызғымас саналып, ол сирек өзгертілетін. Тек өте қажетті 
соғыс жағдайларында ғана тактикалық сапты түбегейлі өзгерту мүмкін болған. Ал шайқасқа 
түскен әскердің жауынгерлік сабы жиі ауысып тұратын. Бұл сол сәттегі тактикалық жағдайларға 
байланысты өзгеріп отыратын еді. 
Моңғол қолбасшылары, жылдам өзгеретін шайқастың өрбуіне орай түрлі тактикалық-техни
-
калық комбинацияларды қолданатын, себебі кейде соғыс нәтижесінің қалай аяқталатынын білу 
өте қиын болған. Жауынгерлер шайқасының өзіне қолайлы нәтижемен немесе толық сәтсіздікпен 
аяқталатынын алдын-ала айтып болмайтындай құпиясы бар еді. Сарбұға ибн Такланның әскері, 
«Худабанда ханның» (Құлағу ұрпағы Өлжейту хан, Иран ильханы, 1304–1316 жж.) әскерімен 
болған ұрыста, аттар мен басқа малдарды, одан қалса адамдар болған соғыс күймесін де қолға 
түсіре алған қарсыластың табандап отырып қууының арқасында күн ауа шегінді. Қайтар жолда 
құлағулық жасақтар әлдебір «ормандық орыннан өтті. Кенет, тұтқынға түскен әйелі мен бала
-
ларын құтқару үшін сол жерде оларға он мың жауынгерлік корпустың қолбасшысы Сарыбұға 
лап берді. Жоғарды аталған таңдаулы (жауынгерлерімен) оларды аз-Зардакаш тосып алды»
61

Күтпеген жерден жаумен жасалған контршабуыл тойтарылып тасталды және алтынордалықтар 
шегінуге мәжбүр болды. 
Моңғолдар әлдебір «химиялық қарудың» (уландыратын заттар немесе сондай әлдене) да 
құпиясын білген секілді, олар оны ұрыстарында қолданатын. «Татар әскерінің ішінде, көптеген 
байрақтар арасында Х белгісі бар бір үлкен байрақ көрініп тұрды. Ол байрақтың ұшында бұта
-
57
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 333.
58
Сонда.
59
Сонда. С. 334.
60
История Казахстана в персидских источниках (СМИЗО. Т. II). С. 334, 234–236, 396–397 б.;
 Мирга-
леев И. М. 
Войны Токтамыш-хана с Аксак Тимуром. Казань: Институт истории АН РТ, 2003. 31–35 б.
61
История Казахстана в арабских источниках. Извлечения из сочинений ХII–ХVI веков. С. 100–101.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет