Программалар құру -9 дәріс Тізімдер және кортеждер Сұрақтар


 for циклінде тізімді біртіндеп қарастыру



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата30.04.2024
өлшемі2,52 Mb.
#201575
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
8-9- дәріс - Тізімдер мен кортеждерМ

4. for циклінде тізімді біртіндеп қарастыру

Кейінірек сөз тіркестеріндегі әрбір символды жеке-жеке 
пайдаланатын боламыз. Соған ұқсас әдістер тізімдерге де 
қолданылады. Мысалы, тізім элементтерін біртіндеп, оның 
басынан бастап өңдеу үшін 
for
циклін қолдана аламыз: 
numbers = [
199

102

121

132
]
for 
n
in 
numbers:
print
(n)

Егер осы кодтарды орындасақ, ол мынадай нәтиже береді:
199 
102
121 
132 


5. Индекстеу

Тізімнің жеке элементтеріне қол жеткізу (пайдалану) үшін индекс-
терді қолдану жүзеге асырылған. Тізімнің әрбір элементі жиымдар 
тәрізді тізімдегі орын нөмірін индекс ретінде қабылдайды.

Индекстеу 0-ден басталады да, біртіндеп өсе береді: 0, 1, 2 және 
т.с.с. Ең соңғы элемент индексі тізім элементтерінің санынан 1-ге 
кем болады. 

Мысалы, төмендегі нұсқау 4 элементтен тұратын тізім құрады: 
my_list = [10, 20, 30, 40] 

Мұндағы элементтер индексі –
0, 1, 2 
және 
3
. Осы тізім элементтерін 
келесі нұсқау басып шығарады: 
print(my_list[0], my_list[1], my_list[2], my_list[3])
Мұны цикл арқылы да орындай аламыз.


Индекстеу
index = 0
while index < 4: 
print(my_list[index]) 
index += 1 

Тізім соңынан кері қарай да индекстерді теріс таңбамен беру 
қарастырылған. Элементтің индексін табу үшін, мұнда индекске 
тізім ұзындығын қосылып отырады. -1 индексі ең соңғы элементті 
көрсетсе, -2 – соңғының алдындағы элементті тағы солай 
жалғастырып индекстей береді. Мысалы: 
my_list = [10, 20, 30, 40] 
print(my_list[-1],my_list(-2],my_list[-3],my_list[-4]) 
Бұлардың нәтижесін print функциясы былай көрсетеді: 
40 30 
20 
10 


Индекстеу

Тізім индексінің нөмірі шектен асып кетсе, 
IndexError
(индекстеу қатесі) 
аластамасы туындайтын болады. Мысалы, келесі келтірілген код фраг-
менттерін орындасақ: 
# Бұл код фрагменті IndexError аластамасын туындатады. 
my_list = [10, 20, 30, 40] 
index = 0 
while index < 5: 
print(my_list[index]) 
index += 1 

Бұл цикл жұмысын аяқтағанда, index айнымалысына 4 мәні меншіктеледі,
ал ол мұнда мүмкін болмайтын индекс нөмірі болып табылады. Осының 
нәтижесінде 
print
функциясын орындайтын жол 
IndexError
қатесін шақырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет