11.Тізім әдістері және пайдалы ішкі функциялар
•
Тізімдегі мәндермен жұмыс істейтін көптеген функциялар бар. Соларды
өңдейтін Python тілінің бірсыпыра ішкі стандартты функциялары бар.
•
Тізімді өңдейтін функциялар оларға мәндер қосады, жояды,
элементтерді реттеп сұрыптайды, т.с.с.
•
Біз сондай әдістердің (функциялардың) бірсыпырасын қарастырып
шығамыз. Басқа әдістердің сипаттамаларын (табл. 7.1) Интернеттен
немесе
www.python.org
сайтынан таба аласыздар.
7.1 кесте. Тізімдерде қолданылатын әдістер
Әдіс (функция)
Сипаттамасы
арреnd(мән)
Тізім соңына мән қосады
index (мән)
Көрсетілген мәнге тең алғашқы элементтің индексін қайтарады. Егер
мұндай мән тізімнен табылмаса, онда
ValueError
аластамасы
шақырылады
Тізім әдістері және пайдалы ішкі функциялар
Әдіс (функция)
Сипаттамасы
арреnd(мән)
Тізім соңына мән қосады
index (мән)
Көрсетілген мәнге тең алғашқы элементтің индексін қайтарады. Егер
мұндай мән тізімнен табылмаса, онда
ValueError
аластамасы шақырылады
insert (индекс,
мән)
Мәнді тізімдегі берілген индекс позициясына қояды. Тізімге мән енгізіліп
қойылған соң, тізім көлемі ұлғаяды. Бұрын осы орында тұрған мән және
одан кейінгілері тізім соңына қарай бір орынға ығысады. Егер көрсе-
тілген индекс дұрыс болмаса да, аластама туындамайды. Егер берілген
индекс тізім соңынан асып кетсе, мән тізім соңына қосылады. Егер теріс
индекс беріліп, ол мүмкін емес орынды көрсетсе,мән тізім басына қосылады.
sort ()
Тізім мәндерін олардың өсуі бойынша (ең кіші мәннен ең үлкен мәнге
қарай) сұрыптайды.
rеmоvе(мән)
Мәннің тізімдегі алғашқы табылғанын өшіреді. Егер мұндай мән тізімде
жоқ болса, онда
ValueError
аластамасы туындайды.
reverse ()
Тізімдегі мәндердің орындарын ауыстырып, оларды кері бағытта реттеп
шығады.
|