Программалары Сабақтың түрі: «Сот отырысы»



бет2/36
Дата10.06.2017
өлшемі3,29 Mb.
#18684
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

Үлестірме материалдар:

    • Интерактивті тақтадан тапсырмалар;

    • Компьютерден тапсырмалар;

    • Кеспелер;

    • Жұмыс дәптері.

Техникалық оқу құралдары:

    • Компьютер;

    • Интерактивті тақта;

    • CD, DVD дискілер;

    • Флешка.

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

    • Оқу құралы / Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халақты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //

Сабақ жоспары мен хронокартасы




Мазмұны


Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі (хатшы сөзі)

2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (Сот төрайымы)

3 мин

3

Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау

20 мин

4

Баға қою және түсінік беру

5 мин

5

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

15 мин

6

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

35 мин

7

Сабақты қортындылау

5 мин

8

Үйге тапсырма беру

5 мин

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) - Хатшы: Сот процесіне қатысушы азаматтар кезекті сот мәжілісіміз басталмас бұрын сот процесіне қатысушыларды түгелдеп алайық. Жәбірленуші келді ма? Айыптаушы бар ма? Айыпталушыны әкелдіңдер ма? Қорғаушысы келді ма? Куәгерлер түгел ма? Сараптаушылар бар ма? Түгел болсақ орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр.

Сот процесін жүргізушілер:

Сот төрайымы: - Абдираманова Альбина



Хатшы: - Жолынбек Салтанат

Вирус - Сәденбек Гүлнұр

Операциялық жүйе - Сағит Мөлдір

Айыптаушы - Әсілханова Айжан

Қорғаушы - Тоқтамыс Ақжарқын

Екі күзетші - Әбдрашид Айгерім, Қозыбай Нурила

Аналық тақша - Әліқұл Жанерке

Қатты диск - Рысметова Нилуфар

Бейнебейімдеуіш - Досова Ұлдана

Компьютер - Керімбек Нұргүл

Сараптаушылар - Атаханова Ойдын, Сартбаева Мөлдір

Сот алқалары - Тұрғанбаева Маххабат, Жармахан Нұржамал, Алтынбек

Дильнура, Абдулхаким Нилуфар, Әліқұл Мөлдір, Шахарова

Шахноза, Файзуллаева Феруза, Хасанова Хафиза


2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин)Сот төрайымы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан медицина колледжінің сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы Әсілханова Айжан қорғаушы Тоқтамыс Ақжарқын жәбірленуші Операциялық Жүйе, айыпталушы Вирус қатысып отыр.

Осы сот процесі Түркістан медицина колледжінің студенті Операциялық Жүйенің арызы бойынша жүргізіледі.




3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин) (Үйге берілген тапсырма сот процесінің кезеңінен басталады)
Сот төрайымы: Айыпкерді әкеліңіздер! Хатшы арызды оқыңыз.
Хатшы: Жолынбек Салтанат Айыпкер әкелінсін! /Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі/

Хатшы: Жолынбек Салтанат Сот залына Операциялық Жүйеден
Арыз

Менің арыз беру себебім, 7 сәуір 2014 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедегі барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.


Сот төрайымы: Сөз жәбірленуші Операциялық Жүйеге беріледі.
Хатшы: Жолынбек Салтанат: Жәбірленуші Опеарциялық Жүйе шақырылады.
Операциялық жүйе: Сағит Мөлдір Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.
Сот төрайымы: -Айыпкер вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Айыпкер Вирус: Сәденбек Гүлнұр - Жоқ мойындамаймын.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Сот төрайымы менің айыпкерге бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушылардың атқаратын қызметін ата:

Жауабы: Мұрағатаушылар- мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан Менің айыпкердің кінәсін мойындататын мұрағатта сақталған нақты дәлелім бар. Мына бейнетаспадағы материалды залға көрсетуіңізді сұранамын.
Сот төрайымы: Хатшы бейнетаспаны алып іске қосыңыз.

(бейнетаспа көрсетіліп жатады, Айыптаушы түсіндіреді)


Сот төрайымы: Олай болса куәгерлер шақырылсын!
Хатшы: Жолынбек Салтанат Куәгер компьютер шақырылсын.
Куәгер Компьютер: Керімбек Нұргүл -Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.
Сараптаушы: Атаханова Ойдын - Менің куәгер компьютерге сұрағым бар.

Сұрақ: - Информацияны қорғаудың шаралары

Жауабы:

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.


Сот төрайымы: Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңдар!
Хатшы: Жолынбек Салтанат Куәгер Аналық тақшаны шақырыңыздар.
Куәгер Аналық тақша: Әліқұл Жанерке- Мен тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, Жүйеге енген бар вирусты жою керек деп есептеймін.
Сараптаушы: Сартбаева Мөлдір - Менің сізге қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерлік вирустардың атқаратын қызметі

Жауабы: Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.
Куәгер Қатты диск: Рысметова Нилуфар - Мен де, Аналық тақша айтқандай менің де жұмысыма, бұл вирус зиян келтіруде. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді Тиісінше жазасын алсын.
Қорғаушы: Тоқтамыс Ақжарқын - Менің куәгерге қояр сұрағым бар.

Сұрақ: - Ақпаратты қорғау тәсілдері

Жауабы:

  • Информацияның көшірмесін алып отыру — файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

  • Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою.

.

Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Менің Вирусқа қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаушы бағдарламалардың ең кең тарағандарын атаңыз

Жауабы: Ең кең тарағандарының ішінен WinZip, WinRar, ARJ бағдарламаларын ерекше атап көрсетуге болады.

Куәгер Бейнебейімдеуіш: Досова Ұлдана - Менің де жұмысымды тоқтатып тастады. Енді Операциялық Жүйенің жағдайы қалай болар екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.

Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Менің сот залында отырған вирустың қорғаушыларына қояр бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Мұрағаттаудың қажеттілігі

Жауабы: Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпарат дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.

Сараптаушы: Сартбаева Мөлдір - Менің куәгер Бейнебейімдеуішке бір сұрағым бар.

Сұрақ: - Компьютерде вирустың бар екенін білудің алғашқы белгілері

Жауабы:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

  • компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.


Сот төрайымы: Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.

Сараптаушы: Атаханова Ойдын - Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • Вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану

  • Вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру

  • Дискіні физикалық зақымданудан сақтау

  • Дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбау


Сот төрайымы: Сөз айыптаушыға беріледі.
Айыптаушы: Әсілханова Айжан - Мен Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20- статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатасыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондық тан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.
Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі
Қорғаушы: Тоқтамыс Ақжарқын- Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.
Хатшы: Жолынбек Салтанат - Тұрыңыздар! Сот алқасы кеңесуге кетеді / сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді/
Сот төрайымы: Сот алқасы кеңесіп келгенше сот процесінің І – бөлімін қорытындылап шешімін айтып өтейін.
4 Баға қою және түсінік беру (5 мин) – Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген сұрақ-жауап және сот отырысы бойынша алған білімдерін бағалау.




Бағалау

критерийлері


Аты-жөні

Сот процесінің I бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің II бөлімінің қорытындысы

Сот процесінің шешімі

айыптау

қорғау

сараптау

1

Абдрашид Әйгерім
















2

Абдулхаким Нильуфар
















3

Алтынбек Дильнура
















4

Атаханова Айдын
















5

Әліқұл Жанерке
















6

Әліқұл Мөлдір
















7

Әсілханова Айжан
















8

Досова Ұлданай
















9

Жармахан Нұржамал
















10

Жолынбек Салтанат
















11

Керімбек Нұргүл
















12

Қозыбай Нурила
















13

Расулова Наргиза
















14

Рысметова Нилуфар
















15

Сағит Мөлдір
















16

Сартбаева Мөлдір
















17

Сәденбек Гүлнұр
















18

Тоқтамыс Ақжарқын
















19

Тұрғанбаева Махаббат
















20

Файзуллаева Феруза
















21

Хасанова Хафиза
















22

Шакарова Шахноза

















Сот төрайымы: Жақсы енді екі жақты да тыңдадық. Сараптама жасадық. Мен сіздерге асығыс шешім қабылдамас бұрын осы вирустардың қаншалықты компьютерге зиынын келтіретінін білемін, бірақ менің сіздерге айта кететін Антивирустық қорғау программаларының қызметімен толығырақ түсіндіре кетсем қалай қарайсыздар. Бәлкім шешімдеріңізді өзгертерсіздер.
5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (Сот төрайымы сот процесіне қатысушыларға жаңа ақпарат береді) 15 мин:

Антивирус (латын тілінен анти – қарсы немесе кері, ал вирус - у деп аударылады) -

Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық программалар деп аталады.

Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер болып табылады.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Касперский Антивирусы, Esert NOD32, және т.б.



Касперский Антивирус (AVP)- ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет