6 сынып.БЖБ№1
« Пропорция және Рационал сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма І нұсқа орындалу уақыты 25 минут
1.15; 10; 20; 7,5. берілген сандарды пайдаланып, пропорция құрастырып жаз. 1 балл
2.Берілген жұмысты 8 жұмысшы 12 күнде бітіреді. Ал 6 жұмысшы осы жұмысты неше күнде бітіреді. 3 балл
3.Велосипедтің дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 12 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14. 3балл
4.Жер бетіндегі 270 км арақашықтық картада 1,8 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы
3,2 см кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз. 3балл
5. -20; - ;1;-10; 4;1,7; 3; -605;-16; 2,96; ; 9; мына сандардың қандай жиынға тиісті екенін анықтап жазыңдар.3балл
a) Q:
b) Z:
c) N:
6. Мына сандарды салыстырыңдар.2 балл
-10 және 1; -5 және -2;
Тапсырма ІІ нұсқа
1.7,2; 16,2; 16; 36 берілген сандарды пайдаланып, пропорция құрастырып жаз. 1 балл
2.Берілген жұмысты 6 жұмысшы 16 күнде бітіреді. Ал 8 жұмысшы осы жұмысты неше күнде бітіреді. 3 балл
3.Велосипедтің дөңгелегінің радиусы 1,2м болса, осы дөңгелек 8 рет айналғанда неше метр жол жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14. 3балл
4.Жер бетіндегі 180 км арақашықтық картада 1,2 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы
3,2 см кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты табыңыз. 3балл
5. -22; - ;2;-18; 4;1,4; 7; -69;-16; 12,96; ; -9; мына сандардың қандай жиынға тиісті екенін анықтап жазыңдар.3балл
a) Q:
b) Z:
c) N:
6. Мына сандарды салыстырыңдар..2 балл
-9 және 3; -7 және -4;
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады.
|
1
|
екі пропорция құрастырады
|
1
|
Шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді шығарады.
|
2
|
шамалардың тәуелділігін ажыратады
|
1
|
шарты бойынша пропорция құрады
|
1
|
шартқа сәйкес есептің жауабын
табады
|
1
|
Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда қолданады.
|
3
|
шеңбер ұзындығының формуласын
қолданады
|
1
|
дөңгелектің ұзындығын табады
|
1
|
арақашықты табады
|
1
|
Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты табады.
|
4
|
пропорция құрады
|
1
|
арақашықтықты табады
|
1
|
масштабты табады
|
1
|
Сандардың берілген жиында жататынын анықтайды
|
5
|
натурал сандарды таңдайды
|
1
|
бүтін сандарды таңдайды
|
1
|
рационал сандарды таңдайды
|
1
|
Сандарды салыстырады
|
6
|
Теріс сандарды салыстырады
|
1
|
Модульдегі сандарды салыстырады
|
1
|
Жалпы балл:
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |