Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
жаттығу: 
«Медаль» 
Әр балаға алдын-ала медаль дайындалып (ең зейінді, ақылды, тәртіпті т.с.с) 
таратылады. 
5 жаттығу:
 «Бетперделер» 
Мен сендерге үш бетпердеден дайындадым. Онда үш келбет бейнеленген: 
көңілді, мұңлы және ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-
күйіңізді таңдаңыз және не үшін екенін түсіндіріңіз 
 
 
 
 


17 
2.
 
Бастауыш сынып жасындағы балалардың танымдық процесіне 
арналған түзете-дамыту бағдарламасы 
 
Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын 
кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды 
қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны 
сақтаған жағымды микроахуалда табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда 
тәрбиеленгені жөн. 
Дамыту бағдарламаларын қолдана отырып, ақыл-ой қызметінің 
ауқымын кеңейтуге, қарым-қатынаста интелектіні дамытуға генетика мен 
ортаның үлесі жеткілікті. 
Баланың қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. 
Қабілеттіліктің дамуы жеке тұлға болып дамуға қолайлы әсер етеді. 
Сондықтан психология сабақтары шығармашылыққа толы, қызық болып өтуі 
тиіс. Нәтижелі сабақ: - қарапайымнан күрделіге 
-
көрнекті әрі түсінікті; 
-
кері байланыс ұстанымдарын сақтағаннан көрінеді. 
Осы және басқа да ұстанымдарды жүзеге асыру шығармашылық ойлауды, 
қиялды, сөйлеуді дамытуға, Мен – тұжырымын қалыптастыруға, қарым-
қатынас және мінез-құлық дағдыларын жетілдіруге, танымдық белсенділікті 
арттыруға жол ашады. 
Мақсаты: оқу процесі аяқталғаннан кейін психо-эмоционалдық қысымды 
түсіру және әр баланың жекелік ерекшелігін ескеріп, жаңа оқу жылына 
психологиялық дайындық жасау. 
Міндеттері:
Оқудың табысты болуына қажетті таным процестерін дамыту (зейін, ес, 
ойлау, қабылдау және т.б.) 
Шығармашылықты дамыту; 
Әлеуметтік белсенділікті және қарым-қатынас дағдысын дамыту; 
Эмоционалдық аймақты түзету және невроздың алдын алу; 
Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және топта жұмыс 
әстей алу шеберлігі; 
Өзін көрсете алу және өзіндік баға тепе - теңдігін қалыптастыру; 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет