Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері.
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады.Оның дыбысты анық тілі,еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда,бір-бірімен қарым-қатынаста қарастырылады.Жеке адам-дүниетаным қабілеті бар,сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кеіріп,оларға төзімділік көрсететін,табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекешеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады ,яғни:
1.Жеке аламның әлеуметтік өміріне қатсысты ерекшеліктері: қызығу,ұмтылу( ынтасы мен талаптану (, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл –жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар.2)Адамның білімдарлығы,дағдылары,бейімділігі.Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін,өзіндік даму деңгейін,тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.3)Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау,қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік,адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.4)Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан,жоғары жүйке қызметі.Бұлар адамның тампераменті мен жас ерекшеліктеріне,жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді.Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып,жетіледі.
Ұстаздар мен тәлімгерлер,жетекшілер мен тәрбиешілер балалар мен жастардың жоғарыда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктердің жете танысып,оңдай қасиеттерді түсудің әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіруді көздейді.Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындығын да ескерген жөн. Мәселен,адал әрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез-келген оқушыда кездесе береді.Оушылардың іс-әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы төрт трлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмкін.Айталық,оқушының зейінсіздігі:а)білімі мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындауда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан;
ә) Зейінінің тұрақсыздығы тек оның өзінің кінәсінен,б)зейінін аударуға қиналуы жүйке қызметінің қозғалғыштық әсерінен ,в)тәртіпсіздігі мен ұқыпсыздығынан болуы ықтимал.Бұлар баланың адамгершілік тәрбиесіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу керек.
Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері
Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істері тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты,ынталы болу,оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді.Адамның бағдары,ынта-жігері,мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі.Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |