Әрекеттері: заттарды орынынан қозқалту, заттарды манипуляциялау, қызметтік әрекеттер.
Алғашқы сөз (нұсқаушы жестер түрінде).
Бір жас дағдарысы
- сәбидің (0-1) балалық шаққа өту (1-3) кезеңі.
мәні - бір жасқа дейін жалғасқан бала мен ересектің біртұтастығы осы кезеңде іштей ажырайды, балада: бала және ересек пайда болады.
Себептері: ішкі және сыртқы;
Көріністері: ересектің тыйымдарын аффективті әсер ету, бала мазасызданады, өзбеттілік танытады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға баланың мүмкіндіктері толық жетпеуінен көңіл күйінің түсуі.