Психология тарихы. Психологиялық концепция



бет2/13
Дата13.12.2021
өлшемі287,36 Kb.
#125043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психологиялық концепсия
AutoPlay Media Studio 8 бағдарламасы арқылы электрондық оқулықтар жасау, кенесары, кенесары, 11-лекция-Лесб, ВСРЗ 9 сынып геометрия каз, Презентация Кунделик

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. .

Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады 1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет