ТРЕНИНГТЕГІ ПСИХОГИМНАСТИКА
Тренингтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ, екі жоспар: мазмұндылық пен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндылық жоспар тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Ол әсер ету нысанының не болып келуіне: қабілеттіліктер, когнитивті құрылымдар, белгілеулерге – сондай- ақ тренингтің бағдарламасына қарай өзгеріп отырады, мысалы мазмұны кретивтік тренингте, әріптестік қатынас тренингінде немесе іскерлік келіссөздерді жүргізудің мазмұндары әртүрлі, бірақ әсер ету нысанының деңгейі бірдей – яғни, белгілеулер мен қабілеттілік болмақ.
Жекешілдік жоспар - мазмұндық жоспардағы әрекеттер және топтың әр мүшесінің жағдайы жеке-жеке көрініс табатын жалпы топтық қалып (тренингтің кейбір түрлерінде мүшелерінің бұл жағдайы мен қарым- қатынасы топ жұмысының жалпы мазмұнына айналады).
Психогимнастикалық жаттығулардың нәтижесінде жалпы топта және оның әрбір мүшесінің жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін, сондай-ақ талқылау мен сезінуді қажет ететін деректер алуға болады, ол деректерді талқылау мазмұндылық жоспарды ілгерлетуге септігін тигізуі мүмкін.
Біз «психогимнастика» түсінігінің шартты атау екендігін байқап отырмыз. Бұл түсінікпен өте кең ауқымдағы жаттығулар топтамасын атайды: жазбаша және ауызша, вербальды және вербальды емес жаттығулар. Оларды 2- 3 адамнан құралатын шағын топтарда немесе топтың барлық мүшелерін қатыстыру арқылы өткізуге болады, қандайда бір арнайы психикалық мінездемеге, мысалы жадын немесе назарға тікелей бағытталған бола алады, сондай-ақ әмбебаптық негізде, жалпылай әсер етуге бағытталуы мүмкін. Мұндай жаттығулар әртүрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір мәселесін, бір уайымын бірдей сезінуге жетелейді. Мысалы, топ мүшелеріне қандайда бір жағдайды вербальды түрде кезекпен бейнелеп беруді, яғни жазбаша және ауызша, одан кейін суретін салып, содан кейін қимыл- әрекетпен көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, сезінудің мүмкіндіктері кеңейеді, бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады. Сондай- ақ тренинг барысында бір мазмұнда әртүрлі психогимнастикалық жаттығуларды пайдаланғанда, мысалы қозғалмалы сурет салуы мүмкін және т.б., жоғарыда аталған нәтижелер көрініс беруі мүмкін.
Кейде психогимнастикалық жаттығулар деп тек жалпы топтың және оның әр мүшесінің жеке жағдайын өзгертуді мақсат еткен жаттығуларды ғана атайды. Бұл орынды екенін мойындай отырып, біз тренингтің мазмұндылық мақсатына сәйкес келетін тәжірибе жинақтауға бағытталған жаттығуларды да «психогимнастикалық» деп атаймыз. Бұл жерде біз, тренингте мазмұндылықтан ада жаттығуларды пайдалануды қолдамаймыз. Мысалы, топ мүшелері шаршаған кезде және оларға эмоциялық күш қажет болған сәтте дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады (бұл жұмыстың бір түрі). Сондай-ақ, топ мүшелеріне орындарынан қозғалмай, «бір» деген санақ кезінде қандайда бір қимыл-әрекет жасауды ұсынуға болады. Барлығы бірдей қимыл-әрекет жасағанға дейін, әрбір келесі санақта қимыл-әрекеттерді өзгертіп тұру тиіс. Мұндай жаттығулардың нәтижесінде, бір жағынан топтың белсенділігі артады, шаршағандығы тарқайды, көңіл- күйі көтеріледі, ал екінші жағынан – топ мүшелері ортақ шешімге қалай жеткендігі және әрқайсысы қандай жол ұстанғанын талқылау арқылы тәжірибе жинақтауға болады. Талқылаулар кезінде туындаған ойлар әріптестік қатынас, іскерлік келісімдер және т.б. тренингтерде пайдалы болмақ.
Оқытуларды жоспарлау кезінде, сонымен қатар, психогимнастикалық жаттығуларды өткізу барысында бірқатар сәттерді ескеру қажет. Олар жаттығуларды дұрыс таңдау, оларды орындау алдында топқа нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және нәтижелерді талқылау. Осы мәселелердің әрқайысысына жеке тоқталып өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |