Байланысты: 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің типтік ережелері
2-тарау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің тәртібi 4. Балалардың ПМПК-ға жіберілуі ата-аналарының (заңды өкілдерінің), білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасымен ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады.
5. ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойынша ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірге ерiп келуiмен жүзеге асырылады.
6. Тіркеуші балаларды консультацияға алдын ала жазу, тіркеу және құжаттамаларды есепке алу жұмыстарын жүзеге асырады.
7. Диагностикалық тексеру мен кеңес беру:
1) педагог қызметкерлер (психолог, мұғалім-логопед (логопед), дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог;
2) медициналық қызметкерлер (невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог) арқылы жүзеге асырылады.
8. Бірінші тексеруге анамнез жинау, дәрігерлердің (сурдолог, офтальмолог, невропатолог, психиатр), педагогтердің (әлеуметтік педагог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), психологтың тексеруі, баланың психофизикалық жағдайын бағалау, ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беру кіреді. Бірінші тексеру бір немесе төрт қабылдау барысында жүргізіледі. Қабылдаудың ұзақтығы бір сағат, баланың шаршауы жоғары болғанда 20-30 минут.
9. Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы қорытындысын нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргiзiледi, ең алдымен диагностикалық топтарда, диагностикалық оқу-түзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы, орта бiлiм беру ұйымдарындағы сынама оқытудан кейiн зияткерлік немесе тілдік даму кемiстiгiнің деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда жүргізіледі.
10. Психикалық бұзылыстар (аурулар), психикалық және мінез-құлықтық, оның ішінде психобелсенді заттарды қолдану салдарынан болған ауытқушылықтары, сондай-ақ баланың суицидалдық мінез-құлығына күдік болған жағдайда тереңдетілген тексерулер жүргізу үшін медициналық мекемелерге ұйымдарға жіберіледі. Психикалық бұзылыстар туралы ПМПК қорытындысы әрекеттегі аурулардың халықаралық жіктемесі оныншы қайта қаралымына сәйкес шифрленіп көрсетіледі.
11. Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың жеке психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзете-дамыта оқыту барысындағы білім беру бағдарламасының түрі туралы алқалық шешім қабылданады.
Қажет болған жағдайда медициналық, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсынымдарды қарастыратын жеке түзете-дамыту бағдарламасы жасалады, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру жүзеге асырылады.
12. ПМПК қорытындысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды арнайы ұйымдарға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жолдауға негіз болып табылады.
13. ПМПК қорытындысы мен ұсынымдар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) қолма-қол беріледі.
14. "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес үйде оқитын мерзімі көрсетіле отырып, дәрігерлік-консультациялық комиссияның бала денсаулығының жағдайы туралы қорытындысы үйде жеке тегін оқуға негіз болып табылады.
15. ПМПК-да:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консультацияға алдын ала жазылу журналы;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ПМПК-да тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың даму картасы жүргізіледі.
16. ПМПК-да есепте тұрған балалар туралы деректер "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94 заңына сәйкес құпия сипатта болады, балалардың даму картасынан үзінді құқық қорғау органдарының, психикалық денсаулық сақтау орталықтарының, психиатриялық ауруханалардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкілетті органдарының жазбаша сұраныстары бойынша берiледi.
17. Сұраныс бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) баланың даму картасының үзіндісі мен оны оқыту және тәрбиелеу жөнiнде жазбаша ұсынымдары берiледі.
18. Балаларға терең және динамикалық тұрғыда психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету үшін ПМПК-да түзеу-диагностикалық топтар құрылады.
19. Түзеу-диагностикалық топқа балалардың қабылдануы, топта болу мерзімінің ұзартылуы немесе қысқаруы ПМПК қорытындысы мен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамасы негізінде олардың бір айдан бір жылға дейін қатысу ұзақтығы көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
20. Түзеу-диагностикалық топтарда тексеру нәтижелері бойынша жеке түзете-дамыту бағдарламасы жасалады, оқу түрі (жеке немесе топтық) және апталық түзете-дамыту сабақтарының саны айқындалады.
21. Балалардың ерекше білім беруге қажеттіліктеріне байланысты жеке түзете-дамыту көмек мамандар көрсетеді:
1) психолог, логопед-мұғалім (логопед), олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі;
2) невропатолог-дәрігер, невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог).
3) қажет болған жағдайда емдік денешынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ) дәрігері, физиотерапевт-дәрігер, физиотерапевтік процедуралар, ЕДШ, массаж жасау бойынша орта медициналық персонал, қызмет көрсетуші, техникалық персонал.
22. Диагностикалық топтарда түзеу-диагностикалық оқыту күнтізбелік жыл ішінде ұйымдастырылады.
Түзету сабақтары жеке, кіші топтық және топтық түрде бір немесе әр түрлі жастағыларды біріктіру қағидаттары бойынша жүргізіледі.
23. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін жеке, кіші топтық және топтық бір сабақтың ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.
24. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың диагностикалық топтарын ашқан кезде түзету-диагностикалық процесті ұйымдастыру үшін: ЕДШ кабинеттері (залдары) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығына(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген) сәйкес ашылады.
25. ПМПК-дағы диагностикалық тобында болу мерзімінің аяқталуы бойынша білім беру ұйымында одан әрі оқыту үшін баланы қайта тексеруді жүргізеді.
26. Оқу-тәрбие процесіне қосу үшін балаларды білім беру ұйымдарына жіберген кезде ПМПК қорытындысында диагнозы көрсетілмей оқыту және түзету психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары бойынша ұсынымдар беріледі.
Психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялар
қызметiнің үлгілік қағидаларына
1-қосымша